"2010 жылы аң аулау мерзімін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 520 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 601 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2010 жылы аң аулау мерзімін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 520 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) белгіленген тәртіппен бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұдан бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық 2010 жылғы 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                   Е. Аман

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің м.а.
      М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады