2010 жылға аң аулау мерзімін ауыстыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 520 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6405 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 601 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.15 № 601 (2010 жылғы 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы Аң аулау Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 25-тармағына сәйкес және республикадағы өрт қауіпсіздігі жағдайының көбеюіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында күз кезеңінде аң аулау мерзімін бастау 2010 жылғы 1-қыркүйектен 16-қыркүйекке ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті тұрғындарды Ереженің сақталуы және мерзімінің ауысқаны туралы хабарландырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне (Е.Н. Нысанбаев) жүктелсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, белгілеген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің м.а.          С. Ырсалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады