«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы орта білім берудегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түріндегі оқытудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 ақпанда № 4543 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Жақыпов