Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 34 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4543 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 203 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 203 Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытудың ережесі бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. "Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 644 бұйрығының күші жойылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К.Әбдімомыновқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 31 қаңтардағы 
N 34 бұйрығымен бекітілген 

Жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім
беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытудың ережесі 1. Жалпы ережелер

        1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14-3) тармағына сәйкес әзірленді және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу (бұдан әрі - экстернат нысанында оқу) жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кезекті аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын білім алушылардың өздігінен оқуын болжайды.

      3. Экстернат нысанындағы білімді:
      жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуын уақытылы аяқтамаған;
      дарынды;
      отбасы жағдайына, ауруына байланысты жалпы орта білімді алуға мүмкіндігі жоқ білім алушылар ала алады.

      4. Экстернат нысанында жалпы орта білімді жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары шеңберінде алу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары қызмет етеді.

  2. Экстернат нысанында оқыту тәртібі

      5. Экстернат нысанында оқығысы келетін кәмелетке толған білім алушылардың өтінішін білім беру ұйымы басшысының атына өзі немесе ата-анасы (өзге де заңды өкілдері) береді.

      6. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) білім алушы үлгерімінің және мінез-құлқының табелі;
      2) білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама;
      3) жалпы білім беретін оқу мекемесінің негізгі сатысын аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;
      4) туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда білім беру ұйымдарына экстернат нысанында оқу үшін қабылдау жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес олардың жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін белгілегеннен кейін жүргізіледі.

      7. Экстернат нысанында оқыту кезінде үлгерімді ағымдағы бақылауды, сондай-ақ аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізу нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 тіркелген "Білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Экстернат нысанында оқығысы келетіндердің өтініші ол берілген күннен бастап үш күннің ішінде қаралады.

      9. Кәмелетке толмаған экстернат нысанында білім алушылардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне білім беру процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

      10. Экстернат нысанында білім алушылар:
      білім беру ұйымының кітапхана қорындағы оқу әдебиеттерін пайдалануға;
      зертханалық және практикалық сабақтарға қатысуға;
      түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға құқығы бар.

      11. Экстерндерді аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау барлық емтихан комиссиясының мүшелері қол қойған және жалпы білім беретін мекеме басшысы бекіткен "Экстернат" белгісі бар хаттамада көрсетіледі.
      Хаттамаға аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

      12. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен экстернат нысанында білім алушыларға белгіленген тәртіппен білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады