Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 1 тамыздағы № 216 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің м.а. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 393 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4105 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 1 тамыздағы № 216 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5282 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Мұнай және газ министрінің
      міндетін атқарушы                          Ә. Мағауов

      "КЕЛІСІЛДІ"                         "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі      Төтенше жағдайлар министрі
      Әшімов Н.С.                          Божко В.К
      2011 жылғы 12 қаңтар                 2011 жылғы 12 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады