Табиғи және iлеспе газды жағуға рұқсат беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4105. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің м.а. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 393 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.12.24 № 393 Бұйрығымен.

      1996 жылғы 27 қаңтардағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", 1995 жылғы 28 маусымдағы "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН: Z100291 қараңыз
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және iлеспе газды жағуға рұқсат беру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетi төрағасының "Табиғи және iлеспе газды жағуға рұқсат беру жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" 2004 жылғы 27 шiлдедегi N 115-Б бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3040 тiркелген, ақпараттық-құқықтық бюллетеньде жарияланған, 2004 ж., N 11, 1-19-бет) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қо қа енгiзiледi.

       Министр

       КЕЛIСIЛДI:
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрі
      2006 жылғы 16 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2006 жылғы 10 ақпан

Энергетика және минералдық 
ресурстар министрінің   
2006 жылғы 2 ақпандағы N 43
бұйрығымен Бекітілген    

  Табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат
беру жөніндегі
Нұсқаулық

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық табиғи және ілеспе газды жағуға рұқсат беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Мұнай туралы" Заң күші бар Жарлықтарына, Қазақстан Республикасының "Атмосфера ауасын қорғау" туралы Заңының, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 шілдедегі N 745 "Мұнай және газ кенорындарын игеру кезіндегі" бірыңғай ережесінің, 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1019 "Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелерін бекіту туралы" Үкімет қаулыларының талабына сәйкес жасалып, сонымен қатар басқа да нормативті құқықтық актілердің жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талабының мәселелері Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операциясын жүргізіп жатқан барлық субъектілерге, құрылым жекеменшіктігіне байланысты емес, соның ішінде шетелдік және біріккен мекемелерге міндетті болып табылады. K070212Z100291 қараңыз
      Осы Нұсқаулықта келесi түсiнiмдер қолданылады:
      орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) атом, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды, басқару процесiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады;
      жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану және жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегі басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
      төтенше жағдайлар бойынша уәкiлеттi орган - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегі орталық атқарушы орган.

      2. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-5-бабына сәйкес табиғи және ілеспе газды жағуға мынадай жағдайларда рұқсат беріледі: Z100291 қараңыз
      авариялық жағдайларында және тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті болса;
      кейбір жағдайларда ұңғымаларды сынау кезінде және ілеспе газ эксплуатациялық сынама кезінде кен орнының жалпы мерзімі үш жылдан аспайтын, яғни табиғи және ілеспе газды жау кен орнын барлау және дайындау өнеркәсіптік игеруге дайындауда;
      мердігерлер үшін, 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жер қойнауын пайдалану келісім шарт жағдайына байланысты мұнай операциясын жүзеге асыру, табиғи және ілеспе газды жау бағдарламасын мерзімі біткенге дейін жүзеге асыру, егерде олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдарда бекітілген (келісілген) болса;
      мердігерлер үшін, 2004 жылғы 1 желтоқсаннан кейін кенорнын игеруге кіріскендер, газды пайдаға асыру бойынша Бағдарламасы игерілген болуы керек және 2006 жылғы 1 маусымға дейін құрамдас органдар және қоршаған ортаны қорғау аумағында уәкілді органдардың келісімдері керек.
      Сонымен қатар, барлық жағдайларда, апат жағдайларын шығарған кезде, ілеспе және табиғи газды жағу алауларда тек уәкілді органдардың рұқсатымен зерделеу және кен орнын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау аумағындағы уәкілді органдардың келісімі.

      3. Табиғи және iлеспе газды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органның рұқсатынсыз жаққан кезде кенорындарды алғашқы пайдалану және ұңғыманы байқау кезінде 10 күннiң iшiнде жазбаша түрде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі уәкілеттi органдарға газ жаққан көлемдерi мен себептерi жөнiнде хабарлайды.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы кен орынды игеру құжатының жобасына сәйкес және кестенi тарату және техника-экономикалық есептермен газды қайта айдау жөнiнде барлық варианттарды жобаға жұмыс бағдарламасына сәйкес табиғи және iлеспе газды қайта айдау жөнінде Бағдарлама жасайды (әрi қарай - газды қайта айдау Бағдарламасы) ( 1 қосымша ).

  2-тарау. Алауларда табиғи және iлеспе газдарды
      жағуға берілетін рұқсаттың тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының "Мұнай туралы" Заңының  30-5-бабындағы 3-бөлiмiне байланысты, газды жағуға рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық органымен және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкілеттi органының аумақтың органының келiсiмдерiмен берiледi. Z100291 қараңыз

      6. Алауларда жанатын газдың рұқсаты келесi кезекпен жүзеге асады:
      1) Жер қойнауын пайдаланушы жағатын газдың рұқсатын алу үшiн жер қойнауын зерттеу және пайдалану аумақтық басқармасына ( 2 қосымша ) келесi жыл келгенше дейiн сұраныс бередi.
      Сұраныста себебi, негiздеме қажеттілігі, жағатын газдың көлемi көрсетiледi;
      2) Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органының облыстық басқармасының келiсiмiнен кейiн газды жағуға алған рұқсат нақты шешім жер қойнауын зерттеу және пайдалану уәкiлетті органының аумақтық басқармасында қабылданады.

      7. Ұңғымалар сыннан өткiзу кезінде газды жағуға рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану уәкiлеттi органның аумақтық басқармасы кендi пайдалану Жоспары бойынша бөлек аумақты сынау, ұңғыманы сынау және келiсiлген сын жоспары қоршаған ортаны қорғау уәкiлеттi органның аумақтық басқармасымен келiсiмi бойынша 3 ай iшiнде өткiзiледi.

      8. Кенорны эксплуатациялау барысында жер қойнауын зерттеу және пайдалану уәкiлеттi органының аумақтық басқармасы мен қоршаған ортаны қорғау уәкiлетті органынан келесi құжаттар табыс етiлуi керек:
      1) атқарушы органның қолданылатын газ Бағдарламасына бекiтiлген хаттамасы;
      2) бекiтiлген қолданылатын жобаның хаттамасымен ҚРО бекiтiлгенi туралы көшiрмесi;
      3) жыл бойынша алдын ала сынама эксплуатациясын газды жағуға, сонымен қатар табыс аумағының жобасы;
      4) қоршаған ортаны қорғау уәкiлеттi келiсiм-хаттамасы;
      5) жобамен қарастырылған үзiлiссiз өндiрiстiк газды жағу қайнаркөзiнiң мәлiметтерi: апат жағдайына байланысты, өндiрiстiк қауiпсiздікті ойластыру, сонымен қатар ағымды уақыттағы жалпы қозғалысы;
      6) жер қойнау зерттеу және пайдалану уәкiлеттi органының рұқсат етiлген жылға көмiрсутегі өнiмiнiң (табысы) жоспарының жылдық келiсiмiнiң хаттамасы.
      Жер қойнау зерттеу және пайдалану уәкiлеттi органына газды жағуға рұқсат алу үшін жоғарыда көрсетiлген құжаттардан басқа төтенше жағдайлар бойынша уәкiлеттi органның қорытындысы қажет.

      9. Кенорынды тәжірибелiк-өнеркәсіптiк және өнеркәсіптік игеруде Қазақстан Республикасы "Мұнай туралы" Заңының  30-5-бабының 2-1-бөлiмiне сәйкес қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасынан келiсiмiн алу үшiн жер қойнауын пайдаланушылар келесi құжаттар табыс етiлуi қажет:
      1) атқарушы органның газды қайта айдау Бағдарламасына бекiтiлген хаттамасы;
      2) өндiрiлген және жағылған газдың есебi қондырғы кәсiбiнiң техникалық жабдықталуы жайында ақпарат;
      3) өндiрiстiк мониторингтің қоршаған орта жағдайы бойынша шешiмiнiң ақпараты;
      4) газды қайта айдау Бағдарламасының графигiнiң орындалуы кенорынды игеру жобасының бекiтуiнiң көшiрмесi; кенорынды игеру жобасын бекiту туралы ҚРО хаттамасы (Газды қайта айдау Бағдарламасы бекiтiлгенге дейiн);
      5) өткен мерзiмде өндiрiлген және жағылған газдың ақпараты;
      6) мұнай және газ өндiру және өтiнiш беру жылындағы жанатын газдың көлемдерi жөнiндегі ақпарат;
      7) өңдеу өнiмдерiнiң көлемдерiмен және газотрубиналық станция, газ өңдеу заводының осы кездегi жұмыстарының жағдайлары туралы, қабаттағы қысымды сақтайтын қабатқа айдаған газ, мұнайды газлифт тәсiлiмен өндiру жүйесi жөнiнде ақпарат;
      8) мемлекеттiк экологиялық сараптамалардың жобалы технологиялық құжаттарды эксплуатациялау кенорны көмiрсутегiнiң қорытындысы;
      9) жобада қарастырылған өндiрiстiк жағылған газдың үзiлiссiз алаулары:
      ағымды жылдардағы жалпы қозғалысы және өндiрiстiк қауiпсiздiгi қажеттiлiгi, апат жағдайларымен байланысты;
      10) көмiрсутегiн өндiруге жылдық жоспар келiсiмiнiң рұқсат етiлген жылға жер қойнау зерттеу және пайдалану уәкiлеттi органмен хаттамасы;
      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аумақтық басқармасына жоғарыда көрсетiлген құжаттардан басқа төтенше жағдайлар жөнiндегі өкiлеттi органның қорытындысы табыс етiледi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008.08.01  N 216   бұйрығымен .

      10. Ұсынылған материалдар қаралғаннан кейiн, аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасы газды жағуға 1 жылға уақытша рұқсат бередi ( 3 қосымша ).

      11. Рұқсатта жағатын газдың пайдалы қазбалардың жоғалу нормасын, анықтайтын көлемi көрсетiлуi тиiс.

      12. Аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасы газды жануына рұқсат берулерiмен қатар, есеп жүргiзулерi және берiлген рұқсаттарды тiркеулерi қажет ( 4 қосымша ).

      13. Газды жағуға тиiстi құжаттар және оның негiзiнде берiлген рұқсаттың түп нұсқасы аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасында сақталады.

      14. Газды жағу рұқсатының көшiрмесiн қоршаған ортаны қорғау аумақтың органға берiледi.

      15. Шарттың - лицензиялық жағдайлардың орындалуы және жер қойнауын пайдаланулардың және қойнауын қорғау және игеру ережесiн сақтаған жағдайда, газдың толық қайта өңдеу бағдарламасы жағы iстелген жұмыстарының нәтижесiн жер қойнауын пайдаланушылардың есеп берулерiн қарағаннан кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптамаларының қорытындылары жөндi болғаннан кейiн, газ жағу рұқсатының ұзартылуы аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасының және қоршаған ортаны қорғау уәкiлетті органдардың шешiмдерiмен қабылданады.

      16. Жер қойнауын пайдаланушылармен жағылған және барлық өндiрiлген газдың көлемi жөнiнде мониторинг жүргiзiп және оны ай сайын аумақтың жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасына және қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасына ақпарат берiп отырады.

  3-тарау. Нұсқаулық орындалмағандағы жауапкершілiк

      17. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралғанына байланысты жер қойнауын пайдалану жөнiнде ақпараттарды нақты, толық және уақытында аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасына табыс етуден бас тарту немесе жалтару, жер қойнауын пайдаланушыларын жауапқа тартады.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес табиғи және iлеспе газының жануына рұқсат алу үшiн жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған құжаттардың нақтылығына толықтай жауапкершілiкте болады.

  4-тарау. Газды жағу рұқсатын кейiн қайтару

      19. Газды қайта айдау Бағдарламасы орындалмай жатқан жағдайда, аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану басқармасы газды жағуға берiлген рұқсатты кейiн қайтаруға құқығы бар немесе газ және мұнай өнiмiн қысқартады, сот органдарына жер қойнауын тиiмдi пайдаланбағаны үшiн айып салуға шағым бере алады.

Табиғи және ілеспе газды  
жағуға рұқсат беру жөніндегі
Нұсқаулыққа 1-қосымша   

Ілеспе газдың бағдарламасы және оны келісу және
бекіту тәртібі

      Қолданылатын газдың барлығы өндірістік іс-шаралар, алаулардағы газды жағуды шығару болып табылады, оның ішінде: газды жеке меншік техникалық және технологиялық қажеттілікке пайдалану, өнімді және электр қуатын игеру, оның өнімдерін игеру және қайта өңдеу, газды жабдықтаушылар немесе өнімді сақтауға тақтаны қайта өңдеу, сонымен қатар тақтаның қысымын ұстап тұру, табиғи және (немесе) ілеспе газды   кәдеге жарату жөніндегі бағдарламада көрсетілген технологиялық есеп негізінде нақты әр кен орындары үшін белгіленген жағудың технологиялық болмай қоймайтын   көлемін қоспағанда.
       Ескерту. Бірінші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008.08.01  N 216   бұйрығымен.
      Техникалық-экономикалық құрастыру қолданылатын газға техникалық-экономикалық мінездеменің есептеуінсіз бекітілген немесе кен орнын игеру нұсқасын ұсынуға жіберілмейді.
      Газды толық қолдану Бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау облысындағы Орталық орындау органының мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиісті шешімін алғаннан кейін Құрамдас органда бекітілуі тиіс.
      Газды толық қолдану Бағдарламасын бекіту бойынша шешім қабылдауға Құрамдас органда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады оның құрамына қоршаған ортаны қорғау аумағында уәкілді органдарының өкілдері және төтенше жағдайлар жөніндегі өкілдері кіреді (келісім бойынша). Ведомствоаралық жұмыс тобы табиғи және (немесе) ілеспе газды   кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны, сондай-ақ оған, технологиялық бөлігіндегі іс-шараларға, іске асыру кестесі мен мерзімі, құрамы белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілетін толықтырулар және өзгерістерді қарайды, бекітеді.
       Ескерту. Төртінші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008.08.01  N 216   бұйрығымен.
      Бағдарлама мынандай негізгі бөлімдерден тұруы керек:
      1) кен орны туралы жалпы мәлімет:
      кен орнының орналасқан жері;
      көмірсутегі қоры;
      мұнай және газдың физикалық-химиялық қасиеті;
      инфра құрылымы барлары;
      мұнай және газ қорларының бағасы бойынша ақпарат.
      2) газды пайдалану аумағының ағымды жағдайы:
      кен орнын игерудегі жобаның мақсаты және тапсырмасы;
      игеру нұсқасын бекіткен негізгі қаулы, ҚРО отырысы хаттамасынан көшірмесі;
      мұнай және қолданылатын газды дайындаудағы қуаттылығы;
      газды фактор және мұнай және газды өндірудегі болжам.
      3) техникалық-экономикалық негізде қолданылатын нұсқасын таңдау:
      ресурстар және газдың компоненті (сыңар) құрамына баға;
      жеке басының қажеттілігіне жіберілген газ шығынын негіздеу;
      қолданылатын газ технологиясын таңдаудағы негізгі белгілері;
      қолданылатын газдың мүмкін нұсқаулары;
      қолданылатын газ нұсқасымен технологиялық жабдықты қолдану;
      қолданылатын газ нұсқасын сараптауды салыстыру;
      әр нұсқа бойынша қолданылатын газ іс-шарасын игерудің жоспар-кестесі.
      4) қолданылатын газ бағдарламасын игерудегі экологиялық, құбылыс атмосфераға ластанған заттарды лақтырғандағы алауда газды жаққан кездегі бағасы, жоғары және төмен қысым компоненттері бойынша және жылдық бағдарламаны игеру;
      ілеспе газ нұсқасымен ластанған заттарды лақтыруды төлем есебі;
      алауда жағылатын газдың нақты есебін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын енгізу.
       Ескерту. 4) тармақшаға өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008.08.01  N 216   бұйрығымен .
      5) графикалық материалдар, кестелер және келтірілген есептер қосымшасы.
      Аумақтық жер қойнауын зерттеу және пайдалану және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бекітілген Бағдарламаны жағылатын газ, рұқсаттарға қойылған шарттары мен талаптарының орындалуын бақылайды.

                                              Табиғи және ілеспе
                                              газды жағуға рұқсат
                                          беру жөніндегі Нұсқаулыққа
                                                    2-қосымша

      Жағатын газға рұқсат алу құқығы туралы сұраныс
____________________________________________________________________
              (мекеменің аты, кен орны, қай кезеңде)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (жағатын газдың себебі және қажеттілігі жөніндегі негіздеме,
жанатын газдың жобалық көлемі млн.м 3 .)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (тіркелетін құжаттардың тізімі)
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________

      Мекеменің басшысы  ----------------- өтініш беруші (лауазымы)

      ----------------------              ---------------------
           (қолы)                               ( А.Ж.Т.)

      м.о.

                         "........."........................200...ж.

                                              Табиғи және ілеспе
                                              газды жағуға рұқсат
                                          беру жөніндегі Нұсқаулыққа
                                                   3-қосымша

                 Газ жағуға рұқсат қағаз

____________________________________________________________________
                       (мекеменің аты, кенорын)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (жылдағы рұқсат берілген газдың көлемі млн.м 3 .)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                (газ жағуға рұқсат қағазының мерзімі)
____________________________________________________________________

      Тіркеу нөмірі N _______          200__ж.  "______" ___________

      АБ Бастығы  "_______"             ____________________________

      м.о.

                                              Табиғи және ілеспе
                                              газды жағуға рұқсат
                                          беру жөніндегі Нұсқаулыққа
                                                   4-қосымша

      АБ "___" газ жағуға берілген рұқсаттың есеп журналы

N
п/п

Мекеменің
аты
(кенорны)

Жанған
газдың
көлемі
млн.м 3 .

Рұқсатты
қолдану
мерзімі

Рұқсат
берілген
уақыты

Рұқсат
бергеннің
лауазымы
А.Ж.Т.

Ескерту
(кейін
қайтару)

1

2

3

4

5

6

7















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады