Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі № 214-Ө «Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 71 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 22-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі № 214-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың «Заң газеті» газетінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады