Бас прокуратураның жекелеген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010 жылғы 01 қазандағы № 61 бұйрығы

      Прокуратура органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілері ретке келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 21 қарашадағы № 60 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 2065 тіркелген) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" № 1.2003 155 бап);
      "Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" 21.11.2002 жылғы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 42 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3091 тіркелген:
      "Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" 21.11.2002 жылғы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 29 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 5255 тіркелген. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің жинағы" № 9. 15.09.2008 ж.) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С. Есқараев атындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу Институтының басшылары, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар таныстырылсын.
      3. Бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    Қ. Мами

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады