"Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2002 жылғы 21 қарашадағы N 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2008 жылғы 25 маусымдағы N 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5255 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010 жылғы 01 қазандағы № 61 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010.10.01 № 61 бұйрығымен.

      Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында,»Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 21 қарашадағы N 60 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2065 болып тіркелген, 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 53 "Заң газетінде" және N 52 "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3091 болып тіркелген, "Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 21 қарашадағы N 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 42 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" нұсқаулықта:

      6-тармақта екінші бөлік мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмалары бойынша тексерулерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығымен келіспей шаруашылық субъектiлерiн бастамашылық тексеруге жол берілмесін";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Тексеру нәтижелері бойынша дайындалған анықтама көшірмесі тексерілген субъект басшысына танысу үшін берілсін";

      9-тармақта "заң" деген сөз "заңнама" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақта ", ведомоствоаралық сипаттағы" деген сөздер алынып тасталсын;

      48, 55-тармақтарда "жылына кемiнде екi мәрте", "жарты жылда кемінде бір мәрте" деген сөздер "жылына кемінде бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақ "олардың мiндеттерiн атқарушылар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қалалар мен аудандар прокурорлары облыс прокурорларымен немесе олардың мiндеттерiн атқарушылармен келісу бойынша" деген сөздермен, "шығарады" деген сөзден кейін "Келісу 3 тәулік ішінде, ал кешіктіруге болмайтын жағдайларда 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Тегін жүргізілетін сараптама келісуді талап етпейді." деген сөздермен толықтырылсын.

      39-тармақ алынып тасталсын;

      51-тармақ "олардың дербес есепшоттарынан" деген сөздерден кейін "тиісті бөлімшелер басшыларының қолдарымен және салық органының мөрімен куәландырылған үзінді" деген сөздермен "көшірме" деген сөзден кейін ", сондай-ақ салық төлеушінің есептелген салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсiм туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымдану фактісінің болмағандығы туралы жазбаша растау хат" деген сөздермен толықтырылсын.

      52-1-тармақта "қызмет көрсететін банкке" деген сөздер "салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
      "55-1. Салық органдарының заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексерістері Бас прокуратураның тапсырмалары негізінде, сондай-ақ шешімін тексеріс жүргізусіз анықтау мүмкін болмайтын өтініштер негізінде ғана жүргізілсін.";

      68-тармақ алынып тасталсын;

      71-тармақта "тоқсан сайын" деген сөздер "жарты жылда бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын.

      73-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Тиiстi тiркеуге алынбай жүргiзiлген шаруашылық субъектiлерiндегi тексерiстердi анықтау мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдағы мәлiметтер бақылау және қадағалау органдарындағы мәлiметтермен салыстырылып деректерге талдау жасалсын";

      89-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы қызмет шеңберінде қадағалау аумақтарында жанжал жағдайларын шешу бойынша заңды шараларды әзірлеп ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жай-күйіне, әлеуметтік қауырттылықтың бар-жоқтығына және оның дәрежесіне құқықтық талдау тұрақты түрде жүргізілсін".

      90-тармақ:
      "тәртібінің" деген сөз ", қаржы және салық тәртібі мәселелерінде заңдылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      92-тармақ:
      "басылымдарда және телерадиокомпанияларда жарияланған" деген сөздер "қадағалау аумағындағы басылымдарда жарияланатын, таратылатын, телерадиокомпаниялармен шығарылатын және Интернет - ресурстарында орналастырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Шығарылым деректерiн, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемін сақтамау; заңды тұлғаның - бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің акцияларының (үлесiнiң, пайының) жиырма проценттен астамын шетелдiк тұлғалардың иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және басқаруына тыйым салу; тыйым салынған тауарларды, жұмыстарды (қызметтерді) жарнамалау; мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету; экстремизм мен терроризмдi насихаттау және ақтау; терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату; есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттауды қамтитын хабарламалар мен  материалдарды тарату; порнография, қатыгездік пен зорлық- зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгіттеу бөлігінде заңнаманы бұзуды жою жөнінде шаралар қолдансын.
      Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуын және аталған салада құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуді қамтамасыз ету жөніндегі  бақылау функцияларының практикасына, жеткіліктілігіне талдау жүргізілсін.";
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне қатысты талап енгізу қажеттілігі пайда болатын кезде, Бас прокуратурамен алдын ала келісілсін. БАҚ-пен байланысты не оның қатысуымен өтетін барлық азаматтық даулар, әкімшілік және қылмыстық өндірістер туралы ақпарат, кімнің іс бойынша тарап болуына қарамастан, міндетті түрде Бас прокуратураға дереу хабарлансын.";

      94-тармақ:
      "жұмыстың нәтижелері" деген сөздерден кейін ", қорытындылау нәтижелері, оның ішінде сот-тергеу, прокурорлық тәжірибе, заңнаманы жетілдіру жөнінде дәлелді ұсыныстар келтіріліп, кейін ол Бас прокуратураға жолданып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөнінде жүзеге асыратын шараларының жеткіліктілігі бөлігінде қорытындылау нәтижелері Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылсын.".

      2. Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті (А.Н.Кравченко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге шаралар қолдансын.

      3. Бұйрық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Төрағасына, Бас әскери прокурорға, облыс, қала, аудан прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға мәлімет үшін жолдансын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Бас Прокуроры                                     Р.Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады