Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 190 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 61 Бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 190 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 шілдеде № 4811 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, шілде-тамыз) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын бұйрық жарияланған ресми басылымға жолдасын.
      3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Министр                                    Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады