Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 190 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4811 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 61 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2011.02.07 № 61 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 178-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы жазасын өтеуден шартты түрде босатылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жекелеген ротаға дейін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда - бірінші басшылардың шешімі бойынша жеткізілсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қарулы Күштерде Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда - бірінші басшылардың шешімі бойынша жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      2007 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Республикалық ұланының қолбасшысы
      2007 жылғы 13 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Президенті
      Күзет қызметінің бастығы
      2007 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2007 жылғы 26 маусым

                                           Қазақстан Республикасы
                                            Қорғаныс министрінің
                                          2007 жылғы 30 маусымдағы
                                         N 190 бұйрығымен бекітілген

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 178-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).

      2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқына бақылау жасауды әскери қызметшінің қызмет орны бойынша әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығы (бұдан әрі - әскери бөлімнің командирі) жүзеге асырады.

      3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілер қызмет орнына келген соң әскери бөлім немесе мекемелерде есепке алынып, бақылау ісі жүргізіледі (Ережеге 1-қосымша).

      4. Әскери қызметшілердің жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы сот органының қаулысы және тәртіптік әскери бөлімнен босатылғаны туралы анықтама бақылау ісін жүргізуге негіз болып табылады.

      5. Бақылау ісі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің бақылау ісін тіркеу журналында (Ережеге 2-қосымша) тіркеледі және жазасы толық өтелмеген уақыт ішінде жүргізіледі.

2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру және есепке алу тәртібі

      6. Әскери бөлімнің командирі:
      1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің қызмет орнына келуі бойынша үш күн мерзімінде бақылау ісін жүргізеді және есепке қояды;
      2) үш тәуліктен кешіктірмей бұйрық шығарып, онда мыналар көрсетіледі:
      әскери қызметші кінәлі деп танылған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы;
      сотталған әскери қызметшіге тағайындалған жазаның түрі және мерзімі;
      жазаның қосымша түрлері немесе белгіленген міндеттердің орындалуы;
      3) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметші бұйрықпен қолын қойып танысады және әскери қызметшілердің тиісті санатына жарияланады;
      4) бұйрықтың көшірмесі әскери қызметшінің жеке ісіне тиісті жазба енгізу үшін әскери бөлім штабына жіберіледі;
      5) бақылау қойылғандығы және бұйрық шығарылғандығы туралы үш күн мерзімінде бұйрықтың көшірмесін қосып бере отырып үкім шығарған (Ережеге 3-қосымша) сотты хабардар етеді;
      6) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілерді есепке алуды жүзеге асырады;
      7) тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі офицердің қатысуымен жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің қызметтік және оларға сотпен жүктелген міндеттерін орындауға қарым-қатынасын бақылайды;
      8) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілермен қызмет атқару орындарында профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
      9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары, сотпен белгіленген міндеттерін орындаудан жалтарулары, ойластырған, дайындалған және жасаған қылмыстары туралы уақтылы ақпарат алу үшін әскери полиция органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      7. Бақылау ісіне келесі құжаттар қоса салынады:
      1) тәртіптік әскери бөлімнен босатылғандығы туралы анықтаманың көшірмесі;
      2) соттың үкімі (ол болмаған жағдайда түзету мекемесіне және тәртіптік әскери бөлімге сұрау салынады);
      3) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы қаулы;
      4) сотталғандығын тексеру талаптары;
      5) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшіге міндеттер белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесі;
      6) өмірбаяны;
      7) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің тәртібіне қатысты барлық материалдар, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілгендігі туралы анықтамалар және оның түсініктемелері мен басқа да құжаттары;
      8) тәрбие жұмыстарын қамтитын құжаттар.

      8. Бақылау ісінің жүргізілуін тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
      1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуының күшін жоя отырып сотталуы;
      2) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталуы;
      3) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюы;
      4) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің өлімі.

      9. Сотталғанды есептен шығару күні және негізі туралы сотталғандарды есепке алу журналында, жеке ісінде, бақылау ісінде белгі жасалады. Есептен шығарылған сотталғандардың жеке және бақылау істерін әскери бөлімнің командирі мұрағатқа жібереді.

      10. Бақылау істерін сақтау әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының қызметтік үй-жайында қамтамасыз етіледі.

      11. Мерзімі аяқталған соң жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің тәртібін бақылау тоқтатылады және есептен шығарылады, ол туралы бұйрық шығарылып, әскери қызметшіге жеке қол қойғызылып жарияланады, жеке ісіне тігіледі, көшірмесі сотқа жіберіледі.

      12. Әскери бөлім командирінің бұйрығымен тиісті бөлімше желісі бойынша жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің тәртібін бақылауды жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам анықталады.
      Тиісті бөлімше желісі бойынша жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің тәртібін бақылауды жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам апта сайын әскери бөлім командиріне әскери қызметшінің тәртібі туралы баяндайды.

      13. Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілермен әңгіме жүргізеді, әскери тәртіпті және жүктелген міндеттерді орындауды ескертеді.

      14. Әскери бөлімнің командирі үш күн мерзімінде сотқа әскери қызметшіге міндеттер белгілеу туралы хабарлама (Ережеге 3-қосымша) жібереді.

      15. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің сотпен белгіленген міндеттерінің орындалуын бақылауды толық жүзеге асыру мақсатында әскери бөлім командирінің мыналарға құқығы бар:
      1) жұмыс және тұрғылықты жері бойынша азаматтар мен ұйымдардың әкімшіліктерінен олардың меншік түріне қарамастан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тәртібі туралы сұрау салуға және мәліметтер алуға;
      2) олар келіскен жағдайда, туыстарының қатысуымен жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшімен әңгіме жүргізуге.
      Әңгіменің нәтижелері туралы анықтама жасалып, жазбасымен сотталушының бақылау ісіне (Ережеге 5-қосымша) тігіледі;
      3) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілерден сотпен белгіленген міндеттерін орындаудың бұзылуына байланысты мәселелер бойынша жазбаша түсініктеме талап етуге;
      4) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің тәртібін бақылауға жауапты лауазымды адамдардың қатысуымен жиналыс өткізуге;
      5) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметші тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылық және соттың жүктеген міндеттерін орындаудан жалтару фактілері туралы әскери полиция органдарына сұрау салуға.

3. Қорытынды ережелер

      16. Егер жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметші жасаған қылмысының сипатын және басқа да жағдайларды ескере отырып бағыныштыларға басшылық жасаумен байланысты қызметінде қалуға болмайтын болса, тиісті командирдің (бастықтың) шешімі бойынша сол әскери бөлімде, және басқа әскери  бөлімге немесе мекемеге ауысуына байланысты басқа қызметке ауыстыруға болады.

      17. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшіні басқа жаққа ауыстырғанда оның жеке ісі сотталғаны туралы құжаттарымен және мінездемелік материалдармен бірге жаңа қызмет орнына жіберіледі, сол жердегі әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) оның тәртібін бақылауды жалғастырады.
      Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшіні басқа жаққа ауыстыру жөнінде қабылданған шешім туралы әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) тез арада үкім шығарған сотты хабардар етеді.

      18. Әскери бөлімнің командирі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің жаңа қызмет орны бойынша үш күн мерзім ішінде қызмет орнына келуін тексереді.

      19. Әскери қызметші соттың үкімімен белгіленген жазаның мерзімі бітпей әскери қызметтен босатылуы мүмкін, бұл жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) сотқа жазаның өтелмеген бөлігінің күшін жою немесе жазадан босату туралы ұсыным жібереді (Ережеге 6-қосымша).

      20. Бірнеше мәрте тәртіп бұзушылықтар жасаған және міндеттерін атқарудан қасақана жалтарған жағдайда әскери бөлім командирі сотқа бақылау ісін қосып бере отырып шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының өтелмеген бөлігін орындау туралы шешім қабылдау қажеттігі туралы дәлелденген ұсыным (Ережеге 6-қосымша) жібереді.

      21. Егер ұсыным қанағаттандырылса, әскери бөлім командирі соттың шешімін орындау туралы бұйрық шығарады. Ұсынымды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда әскери бөлім командирі қанағаттандырмау туралы соттың анықтамасы шыққан күннен бастап кемінде алты айдан кейін сотқа осы негіз бойынша ұсыным енгізуге құқылы.

                                    Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                   жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша

                                     ________________ әскери бөлімі

                          N____бақылау ісі

____________________________________________________________________
(жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери
____________________________________________________________________
            қызметшінің тегі, аты-жөні, туған жылы)
____________________________________________________________________
  200__ ж. "___" ________ ҚР ҚК ______ бабы бойынша _______ мерзімге сотталды.
200__ ж. "___"_________ есепке қойылды.
200__ ж. "___"_________ есептен шығарылды.
Істегі парақтардың саны ________________________________
                                   (жазумен)

                                    Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                  жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша

                                _________________ әскери бөлімі

        Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
          босатылған әскери қызметшінің бақылау ісін
                          тіркеудің
                        N ______ ЖУРНАЛЫ

                                  Басталуы: 200__ ж."___"_________
                                  Аяқталуы: 200__ ж."___"_________
                                  Сақталу мерзімі ______________

Р/с
N

Есепке
қойылған
күні

Аты-жөні,
туған
жылы

Қашан, қай
сотпен, қандай
баппен
сотталды,
үкімнің заңды
күшіне
енген күні

Жаза
мерзімінің
аяқталған
күні

Есептен
шығарылу
күні

1

2

3

4

5

6













                                      Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                  жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша

                                _________________________
                                    (соттың атауы)
                                _________________________
                                     (мекен-жайы)

                        Хабарлама

      ҚР ҚК ________________бабы бойынша сотталған
___________________________________________________________________
                 (тегі, аты-жөні және туған жылы)
___________________________________ сотының 200__ж."____"_________
үкімнің көшірмесі 200__ ж. "___"__________ алынғанын хабарлаймын.
      Әскери қызметші ______________________ мінез-құлқына бақылау қойылды және 200__ ж."___"________N ________ бұйрық шығарылды (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі).

      Әскери бөлiм командирі

      _______________________              _________________
                                           (тегі және қолы)

      200__ ж."___"________

                                    Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                  жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша

                                    _________________________
                                         (соттың атауы)

                                    _________________________
                                          (мекен-жайы)

                         Хабарлама

      ҚР ҚК ______________ бабы бойынша сотталған
___________________________________ сотының 200_ж."____"_________ қаулысының негізінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметші
_________________________________________________________________
                        (атағы, аты-жөні)
міндеттері белгіленді.

      Әскери бөлім командирі

      _______________________           _________________
                                        (тегі және қолы)
      200__ ж."___"________

                                    Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                  жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша

                            ТІЛХАТ

       Мен, _______________________________________________________
                         (тегі, аты-жөні, туған жылы)
       ____________________________________________________________
       ҚР ҚК _____бабы бойынша 200_ж. "___"__________
____________________________________________________________ сотымен
                   (қала, аудан атауы)
_______________ сотталдым,
(жаза мерзімі)       ___________________________________________________________________
(жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшінің міндеттері)
Жазаны өтеу шарттарымен таныстым және мыналарға міндеттенемін:
      1)жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауға;
      2) маған сот жүктеген міндеттерді орындауға;
      3) өзінің мінез-құлқы туралы әскери бөлім командирі алдында есеп беруге;
      4) әскери тәртіпті бұзбауға;
      5) аталған жазаны орындаумен байланыс құжаттарды ұсынуға.
      Аталған талаптардың орындалмауы, сынақ мерзімін ұзартылуы үшін жауапкершілік, жазаның күшін жоюы немесе алмастырылатыны
туралы ескертілді.
      200_ж. "___"_____________  _______________________________
                                     (сотталғанның қолы)
      Тілхатты алған
      _________________________________  _______________________
                                                 (қолы)
      200_ж."___"________

                                    Жазасын өтеуден шартты түрде
                                 мерзімінен бұрын босатылған әскери
                               қызметшілердің мінез-құлқын бақылауды
                                  жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша

                                    ____________________
                                      (соттың атауы)

                            Ұсыным

Мен,________________________________________________________________
                  (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
                      (аймақтық органның атауы)

200_ ж."__" _______ ________________________________________________
                                       (сот атауы)
ҚР ҚК-нің________бабы бойынша ______________________________________
                                    (жаза мерзімі және түрі)
сотталған, 200 ж. "__"________бастап есепте тұратын_________________
____________________________________________________________________
                 (аты-жөні, туған жері және жылы)
      материалдарын қарап, мыналарды

                             АНЫҚТАДЫМ:

____________________________________________________________________
    (сотталған әскери қызметшінің санаты мен шешілетін мәселеге
                байланысты мыналар көрсетіледі:
____________________________________________________________________
ұсыным шығарылған кезеңдегі жазаның өтелген және өтелмеген мерзімі,
____________________________________________________________________
  әскери қызметшінің жеке басын, мінез-құлқын, еңбекке көзқарасын,
                       оған сот жүктеген
____________________________________________________________________
      міндеттер мен шектеулерді орындауын сипаттайтын мәліметтер,
____________________________________________________________________
  жаза тәртібі мен шарттарының, қоғамдық тәртіптің бұзылуына қашан
                  және қалай жол берілгендігі,
____________________________________________________________________
              инспекцияның қашан ескерту жасағаны,
____________________________________________________________________
       сотталғанның денсаулығы туралы, мүгедектік тобын анықтау,
____________________________________________________________________
  психикасының бұзылуы немесе басқа ауыр науқасының болуы, жүктілігі
____________________________________________________________________
      және тууы бойынша демалыс берілген күні көрсетіледі, ал
                          тұрғылықты жері
____________________________________________________________________
      белгісіз адамдарға, оның жазаны өтеуден және инспекцияның
                        бақылауынан жалтару
____________________________________________________________________
      мақсатында бой тасалағандығы, сондай-ақ бастапқы іздестіру
                            іс-шараларының
____________________________________________________________________
                       нәтижелері көрсетіледі)
Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып және Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің_________________________басшылыққа ала отырып,
                  (ҚР ҚК-нің бабы көрсетіледі)
сотталған___________________________________________________________
                           (тегі мен аты-жөні)

материалдарын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(босату туралы, мерзімінен бұрын босату туралы, немесе шартты түрде
____________________________________________________________________
         сотталуының күшін жою және соттылығын алу туралы,
____________________________________________________________________
        сынақ мерзімін ұзарту туралы, шартты түрде соттаудың
____________________________________________________________________
  немесе жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдырудың күшін жою туралы,
                            сотталған
____________________________________________________________________
әйелді түзеу мекемесіне қайтару туралы, жазаның өтелмеген мерзімін
____________________________________________________________________
  неғұрлым жеңілдеу түріне алмастыру немесе жазадан босату туралы,
                    бұрын қойылған міндеттердің
_________________________________________________мәселесін шешу үшін
ішінара немесе түгелдей күшін жою не толықтыру туралы)
______________________________________________________________сотына
                          (сот атауы)

жіберуді мақсатты деп санаймын
Қосымша___________бетте.

200_ж. "__"_________ __________ ___________________________________
                       (қолы)           (тегі, аты-жөні)

      М.О. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады