Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 143 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      2. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің     
2011 жылғы 4 сәуірдегі  
№ 143 бұйрығына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қалалық, аудандық (басқармалар) iшкi iстер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ереженi, медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 25 қаңтардағы № 37 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 324 болып тіркелген);
      2) "N 324 болып тіркелген "Қалалық, аудандық (басқармалар) ішкі істер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ережені, медициналық айықтырғыштарға жеткізілетін адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетінің жұмысын ұйымдастру жөніндегі Нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 526 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3137 болып тіркелген);
      3) "Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 708  бұйрығы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3360 болып тіркелген);
      4) ""Қалалық, аудандық (басқармалар) ішкі істер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ережені, медициналық айықтырғыштарға жеткізілетін адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 667 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелген), 2006 жылғы 20 қаңтарда № 8-9 (815) "Заң газетінде" жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады