N 324 болып тіркелген "Қалалық, аудандық (басқармалар) ішкі істер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ережені, медициналық айықтырғыштарға жеткізілетін адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетінің жұмысын ұйымдастру жөніндегі Нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3137. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 143 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.04 № 143 Бұйрығымен.

      Ведомстволық нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің нормаларына сәйкестендіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қалалық, аудандық (басқармалар) ішкі істер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ережені, медициналық айықтырғыштарға жеткізілетін адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органы жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ережедегі:
      6-тармақ алынып тасталсын;
      56-тармақта:
      бірінші абзацтағы "және сақтағандары үшін олардан ерікті түрде ақша төлеулерін сұрайды. Ақша төлегендерге квитанция беріледі." деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      60-тармақ алынып тасталсын;
      71-тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтары алынып тасталсын;
      73-тармақтың сегізінші абзацында "және медициналық айықтырғыштың кассасына азаматтардан алынған ақшаларды өткізеді, бұл туралы" деген сөздер және "белгі жасап" деген сөздер алынып тасталсын;
      77-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
      N 1-қосымшадағы 12-тармақ алынып тасталсын;
      N 2-қосымшадағы "Медициналық айықтырғышта ұсталғаны үшін азамат(ша)___ ерікті түрде __ теңге төледі, оған N __ квитанция берілді" деген сөйлем алынып тасталсын;
      4-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі полиция генерал-майоры Қ.Б.Өскенбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мекемелер және айдауылдау басқармасына (С.А.Гусейнов) жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокурорының орынбасары

      10 қыркүйек 2004 жыл

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау вице-Министрі

      12 қыркүйек 2004 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады