Қалалық, аудандық (басқармалар) iшкi iстер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ереженi, медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықтарды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 18 маусымда N 324 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 143 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.04 № 143 Бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының қалалық аудандық iшкi iстер органдары (басқармасы) жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ереже (N 1 қосымша), медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарға дәрiгерлiк көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаулық (N 2 қосымша) және Медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулық (N 3 қосымша) бекiтiлiп, 1996 жылдың "___"___________ бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Алматы қалалық IIББ, облыстардың IIБ, көлiктегi IIБ және оқу орындарының бастықтары: 
      2.1. Ереже мен Нұсқаулықты бағынышты органдардың, бөлiмшелер мен қызметтердiң жеке құрамы оқып-үйренуiн ұйымдастырсын; сынақтар қабылдап, нәтижелерiн аттестациялауда көрсетсiн; 
      - медициналық айықтырғыштардың жұмысын бекiтiлген Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қатаң түрде қамтамасыз етсiн. 
      2.2. Ереже мен Нұсқаулықтар қосымшалары бланктерiнiң қажеттi мөлшерiн дайындасын. 
      3. Секретариат (Вульф А.Ф.), Шаруашылық басқармасы (Строков А.А.) Ереже мен Нұсқаулықтардың қажеттi даналарын дайындап, тиiстi
орындарға жолдасын.
      4. Қаржы-экономикалық басқармасы (Майсақанов А.С.) аталған құжаттарды дайындау үшiн ақшалай қаржы бөлсiн.
      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы IIМ Әкiмшiлiк қызмет Бас басқармасы (Приходько Н.И.) мен Штабына (Темiрбаев М.Р.) жүктелсiн.
      6. КСРО IIМО 1985 жылғы 1 шiлдедегi N 106 бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. 

      Iшкi iстер министрi -
      Iшкi әскерлер Қолбасшысы
      Iшкi қызмет генерал-майоры

Қазақстан Республикасы IIМ 
25 қаңтардағы 1996 жылғы  
N 37 бұйрығына N 1 қосымша

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органы
жанындағы медициналық айықтырғыш туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "милиция", "милиционері", "милиционерлері", "милиционер жүргізуші", "милиционер", "милиционер-жүргізушілер" деген сөздер тиісінше "полиция", "полиция қызметкері", "полиция қызметкерлері", "жүргізуші полиция қызметкері", "полиция қызметкері", "жүргізуші полиция қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын, "мас күйдегі" деген сөздер "ұсталған" деген сөзбен ауыстырылсын, "ІІББ, ІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ұсталған адамдарға медициналық көмек көрсету, оларды iрiктеу және тиiстi орындарға жеткiзу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жанындағы медициналық айықтырғыштардың қызмет тәртiбiн реттейдi. Ережеде осы қызмет орнына басшылық ететiн және оның жұмысын ұйымдастыратын лауазымды адамдардың қызмет ету ерекшелiктерi мен тәртiбi, ұйымдастыру принциптерi мен мiндеттерi анықталады. 

      2. Iшкi iстер органы жанындағы медициналық айықтырғыштар жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмiмен құрылады және маскүнемдiк пен алкоголизмге байланысты бұзақылықтардың жолын кесу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда мас күйде жүргендерге қажеттi медициналық көмек көрсету және олармен профилактикалық жұмыс жүргiзу мiндеттерiн жүзеге асырушы арнаулы полиция мекемелерi болып табылады. 

      3. Медициналық айықтырғыштардың штаттары мен оның құрылымын, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ІІД (бұдан әрі - ІІД) басшылары, Қазақстан Республикасының N 230-94 ж. iшкi iстер министрлiгi бұйрығымен жарияланған осы мекемелердiң типтiк штаттарына сәйкес, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерiмен белгiленетiн жалақылық қор мен штат санының шеңберiнде бекiтедi.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      4. Медициналық айықтырғыштарды ұстауға жұмсалатын шығындар жергiлiктi бюджет есебiнен төленедi. Iшкi iстер басқармасы қаржы-экономикалық бөлiмдерiне шығындар бойынша сметалар, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп беру ұсынылады, бұдан кейiн қолданылып жүрген есепке алу және есеп беру тәртiбiнде анықталған формалар мен мерзiмдер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қалалық қаржы бөлiмдерiне ұсынылады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      5. Медициналық айықтырғыштар заңды мекеме болып табылады және дербес баланста тұрады. 

      6. <*>
      Ескерту: 6-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

      7. Медициналық айықтырғыш заңды қатал ұстану, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоғам мүддесiн, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негiзiнде қызмет етедi. Медициналық айықтырғыш қызметшiлерiнiң жеке құрамы өздерiнiң күнделiктi практикалық қызметiнде Қазақстан Республикасының "Iшкi iстер органдары туралы" Заңын, IIМ, ІІД, көлiктегi ІІБ-ның нормативтi актiлерiн, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Нұсқаулықтарын және осы Ереженi басшылыққа алады. 

      8. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары туралы" заңға сәйкес, медициналық айықтырғыштар орналасқан үй-жайларды жергiлiктi өкiмет органдары бөледi, оларды пайдалануға кететiн шығындарды да жергiлiктi өкiмет органдары қаржыландырады және арнайы техника мен автокөлiк алуға қаржы бөледi. 

      9. Медициналық айықтырғыштарға бақылау және оперативтi басшылық жасауды iшкi iстер органдарының басшылары жүзеге асырады. 

      10. Медициналық қызмет көрсету шараларын ұйымдастыруға көмек көрсетудi, медициналық айықтырғыштардың денсаулық пункттерiн дәрi-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудi, осы мекемелердiң санитарлық жағдайына бақылау жасауды ІІД, көлiктегi IIБ медициналық қызметтерi және жергiлiктi денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. 

      11. Медициналық көмек медициналық айықтырғышқа жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаулыққа сәйкес көрсетiледi (N 2 қосымша). 

      12. Профилактикалық жұмыс медициналық айықтырғыштың профилактикалық кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады (N 3 қосымша). 

      13. Медициналық айықтырғышта iс қағаздарын жүргiзу Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады. 

  II. Медициналық айықтырғыштың жұмысын ұйымдастыру 

      14. Қызмет көрсету зонасы ретiнде, медициналық айықтырғышқа iшкi iстер бөлiмi (басқармасы) қызмет ететiн шекарадан территория бекiтiледi. 
      Қажет болған жағдайда, ол көршiлес iшкi iстер органдары қызмет көрсететiн территория есебiнен кеңейтiледi. 

      15. Медициналық айықтырғышқа жүктелген мiндеттердi орындау үшiн, медициналық айықтырғыштың бастығы құрамында iшкi нарядтың кезекшi инспекторы, фельдшерi (фельдшерлерi), полиция қызметкері (полиция қызметкерлері) бас кезекшi нарядты, сондай-ақ ұсталған адамдарды iрiктейтiн "Арнайы медициналық қызмет" экипажын (экипаждарын) тағайындайды. Экипаж құрамына мiндеттi түрде жүргізуші полиция қызметкері және екi полиция қызметкері енгiзiлуi қажет олардың бiреуi аға полиция қызметкері болып тағайындалады. 

      16. Медициналық айықтырғыштың қызметкерлерi пiшiмдi киiм-кешек киiп, өздерiмен бiрге қызмет куәлiктерi мен ысқырғыштары болуы тиiс, ал қатардағы және сержанттық құрам, бұлардан басқа қызмет кiтапшаларын алып жүруi тиiс. Жүргізуші полиция қызметкерлері жүргiзушiнiң куәлiгiмен, техникалық талонымен және жолдамасымен ғана қызметiн орындауға жiберiледi. Медициналық айықтырғыштың наряды табельдi қарусыз қызмет етедi. Тек қажет болған жағдайда қаланың iшiндегi аудандық iшкi iстер бөлiмi басшылығының шешiмiмен арнайы құралдармен қаруланулары мүмкiн.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      17. Кезекшi нарядтың қызметi олар қызмет ететiн территориядағы қоғамдық тәртiптi есепке ала отырып, қала iшiндегi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы бекiтетiн медициналық айықтырғыштың қызмет тәртiбiне сәйкес ұйымдастырылады. 

      18. Бiр айдың iшiндегi қызмет уақытының орташа тәулiктiк ұзақтығы заңмен бекiтiлген жұмыс күнiнiң ұзақтығынан аспауы тиiс. 
      Қызмет мәжiлiстерiн, оқу жаттығуларын өткiзу және техниканы пайдалануға әзiрлеу уақыты да қызмет уақытына жатады. 

      19. Медициналық айықтырғыштың экипаждары iздеу тәртiбi бойынша патруль қызметiн атқарады. Наряд өзiнiң негiзгi мiндеттерiн атқарумен бiрге, қылмыстардың және басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, өзгертуге, оларды жасаған адамдарды ұстау шараларын қолдануға, басқа полиция қызметкерлерiне қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. 

      20. Медициналық айықтырғыш экипаждарын бөтен мақсаттарда соның iшiнде отбасындағы жанжалдарды шешу және ұсталған азаматтарды тiкелей пәтерден жеткiзу және өлiктердi тасымалдау, тағы с.с. жағдайларда пайдалануға тыйым салынады. 

      21. Патруль қызметiне кiрiсер алдында медициналық айықтырғыштың экипаждары патруль күзет қызметiнiң Жарғысына сәйкес нұсқау алады. Экипаж жетекшiсiне борт журналы, iздеу салынған адамдардың фотосуреттерi, маршрут жобасы және қызмет уақыттары мен аялдама орындары көрсетiлген жол қозғалысының кестесi берiледi. 

ІІІ. Азаматтарды медициналық айықтырғыштарға
жеткізу тәртібі

      Ескерту: ІІІ-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      22. Әкімшілік ұстау, яғни жеке тұлғаны уақытша жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгіленген уақыт ішінде медициналық айықтырғышта мәжбүрлеп ұстай отырып, әрекет етуді және қозғалыс бостандығынан айыруды аталған адам қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкен немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлап және қоғамдық әдепті бұзып, мас күйде қоғамдық орындарда болған кезде полиция қызметкеріне бағынбаған жағдайларда ішкі істер органдары (полиция) жүргізеді. Адамның қоғамдық орында мас күйде жүруі оны ұстауға және медициналық айықтырғышқа кіргізуге негіз болмайды.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      23. Медициналық айықтырғышқа ұсталған адамдарды жеткiзу жұмысын, тәртiпке сәйкес, арнаулы автомобильдермен айықтырғыштың экипаждары атқарады. 

      24. Автомашина салонына ұсталған адамды отырғызбас бұрын, оның қолында өзiне және басқа азаматтарға дене жарақаттарын салу немесе экипажға шабуыл жасау үшiн пайдаланылатын құралдардың жоқтығын тексерiп, егер бар болса, оны тартып алу қажет. Экипаж жетекшiсi медициналық айықтырғышқа келгеннен кейiн, мұндай құралдарды тартып алғаны жөнiнде рапорт бередi. Ал оның қылмыс жасауға қатыстылығын дәлелдейтiн қарулар, есiрткiлер және басқа заттар айқындалған жағдайларда, ол адам қалалық, аудандық органға жеткiзiледi. 

      25. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлетiндердiң iшiнде өз бетiмен жүре алмайтындары болса, олар медицина қызметкерлерi тексергеннен кейiн және олардың келiсiмiмен зембiлге салынып, арнайы автомобильмен жеткiзiледi, басқа адамдарға автомобильге отырғызу алдында тиiстi көмек көрсетiледi. 

      26. Медициналық айықтырғышқа ұсталған адамдарды жеткiзу кезiнде арнайы автомобильдiң салонында адамдарды денсаулығы мен тәртiптерiн бақылайтын бiр экипаж мүшесi болуға мiндетi. 
      Егер бiреуiнiң денсаулығы нашарлап, кенеттен ауыр күйге түссе, онда жақын жерден "Жедел жәрдем" шақырылып, ол адам жақын жердегi денсаулық сақтау органына жеткiзiледi. 

      27. Егер патруль жасау зонасында, қоғамдық тәртiптi бұзушылықтың жолын кесу үшiн, экипаждың барлық мүшелерiне арнайы автомобильден түсу керек болса, онда салондағы адамдарға жүргізуші полиция қызметкері бақылау жүргiзедi. 

      28. Ұсталған адамды медициналық айықтырғышқа жеткiзгеннен кейiн, экипаж оның денсаулығына зияндық келтiретiн құралдарды алып қоюға және құжаттары мен құнды заттарын (ақша, сағат, зергерлiк бұйымдар т.б.) жоғалтпай сақтауға байланысты шараларды қолданады. 

      29. Медициналық айықтырғышқа ұсталған адамдарды мотороллермен, мотоциклмен, самосвалмен, сондай-ақ адамдарды отырғызуға болмайтын көлiк құралдарымен әкелуге тыйым салынады. 

      30. Медициналық айықтырғышқа ұсталған азаматтарды жеткiзуге жалпылама дислокация бойынша, қоғамдық тәртiптi күзетуге қатысатын полицияның барлық қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң нарядтары жұмылдырылады. 

      31. ұсталған адамдарды есiнен айырылған қарпында (жатқан күйде) немесе көзге көрiнетiн дене жарақаттары болса, не әйел адамдардың жүктi екендiктерi айқын болса, онда, сол жерге жедел жәрдем шақырылып, мұндай адамдар жақын жердегi денсаулық сақтау органының емдеу мекемесiне жiберiледi. Мұндай адамдарды медициналық айықтырғышқа жеткiзуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. 

      32. Арнаулы автомобильдерге егер өрт шықса, экипаж ең алдымен салондағы адамдарды сыртқа шығаруы қажет, осыдан кейiн қолдарында бар өрт сөндiргiш құралдармен өрттi сөндiруге кiрiсулерi, ал егер қажеттiк туса, өрт күзетiнiң бөлiмшесiн шақыру керек. Экипаждың жетекшiсi өрттен зардап шеккендерге жедел медициналық жәрдем шақырып, болған жағдай туралы медициналық айықтырғыш кезекшiсiне немесе қалалық аудандық органдарға мәлiмдеу. 

      33. Медициналық айықтырғышқа Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлеттi органдардың депутаттарын жеткiзуге болмайды. Оларды Республиканың жоғары өкiлеттi органының немесе аумақтық (облыстық, қалалық, поселкелiк, селолық) мәслихат кезекшiлерiне жеткiзедi. 
      Жүктi әйелдер мен мүгедектер болса, емдеу орындарына жiберiледi. 

      34. Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер, пiшiмдi киiм-кешек кигендер немесе штат киiмiнде жүретiндер және жеке басын айқындайтын құжаттары бар адамдар әскери комендатура өкiлдерiне, әскери бөлiм немесе Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) командирлерiне тапсырылады, iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк Комитетiнiң, қаржы полициясының, прокуратура, сот қызметкерлерi - тиiстi өкiлдерге тапсырылады; Қазақстан Республикасының "Алтын Қыран" (Золотой орел), "Отан" (Отечество), "Даңқ" (Слава), "Айбын" (Доблесть), "Парасат" (Благородство), "Достық" (Дружба), "Құрмет" (Почет) мемлекеттiк наградаларымен наградталғанда, Совет Одағының Батырлары немесе Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн", үш дәрежелi Еңбек даңқы ордендерiмен наградталғандар, сондай-ақ 60 жастағы және одан жоғары жастағы азаматтар туысқандарына тапсырылады. Мұндай адамдарды тапсыра алмаған жағдайда, олар жалпы негiздерде медициналық айықтырғышқа жеткiзiлiп, жеке палаталарға орналастырылады.
      Ескерту: 34-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      35. Медициналық айықтырғышқа кәмелетке толмағандарды орналастыру, олардың жеке басы мен мекен жайын анықтауға, ата-аналарына (немесе олардың орнын басушыларға) жеткiзуге, олардың тәрбиесiне жауап беретiн мекемелерге беруге немесе кәмелетке толмағандардың қабылдау-бөлу орнына жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайларда ғана орналастырылады. 
      Кәмелетке толмағандарды мас күйiнде айықтырғышқа жеткiзгеннен кейiн, инспектор-кезекшi мiндеттi түрде олардың iшiмдiкке қалай үйiр болғанын, спирттi iшiмдiктердi қайдан алатындығын және басқа да қажеттi мәлiметтердi анықтайды. 

      36. "Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясына" сәйкес, иммунитет және ерекшелiктер құқығын иеленушi шетел азаматтары медициналық айықтырғышқа жiберiлмейдi. Мұндай адамдар кездескен жағдайда, экипаж жетекшiсi қалалық, аудандық органға хабарлап, олардың берген нұсқауы бойынша әрекет жасайды. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланбайтын, сондай-ақ азаматтығы жоқ шетел азаматтары медициналық айықтырғышқа жалпы негiздерде жеткiзiледi. 

      37. Қылмыс жөнiнен күдiктi адамдар медициналық айықтырғышқа орналастырылмайды. Олар қалалық аудандық органға жiберiледi. 

  IV. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлгендердi
қабылдау, оларды ұстау жағдайлары және
айықтырғаннан кейiн шығару

      38. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдардан, инспектор-кезекшi, оның айықтырғышқа түсуi ауыр нәтижелерге әкелiп соқтырмауы (өндiрiстiң тоқтауына, қазанның жарылуына, жылу жүйесiнiң қатып қалуына, сондай-ақ сәбилердiң немесе үнемi күтiм жасауды қажет ететiн адамдардың қараусыз қалуына, олардың өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайда қалуына т.б.) үшiн, олардан бұл мәселелердi анықтайды. Егер ондай жағдайлар анықталса, инспектор-кезекшi территориялық қалалық, аудандық органдар кезекшiсi арқылы мұндай зардаптарды болдырмау әрекеттерiн қолдануға мiндеттi. 

      39. <*>
      Ескерту. 39-тармақтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      40. "Арнайы медициналық қызмет" экипажынан ұсталған азаматтарды, күзет-пост нарядтарын және басқа да iшкi iстер органдары қызметкерлерiн медициналық айықтырғышқа қабылдау кезiнде кезекшi инспектор жазбаша рапорт алады, ал азаматтардан ұсталған азаматты (азаматшаны) ұстау жағдайлары, оны жеткiзу негiздерi мен сипаттары туралы ауызша немесе жазбаша өтiнiш қабылдайды. 

      41. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген ұсталған адамдарды наряд кезекшi бөлiмге әкеледi, ал өз бетiнше жүре алмайтындарды зембiлмен әкеледi. 

      42. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген барлық адамдар медициналық айықтырғыштағы адамдарды тiркейтiн журналға тiркеледi (Ережеге N 1 қосымша). Олардың жеке басын анықтайтын құжаттар, оларды жеткiзген қызметкерлер немесе азаматтардың ауызша өтiнiшi негiзiнде, әрбiр азаматқа есепке алу және статистикалық карточка толтырылады (Ережеге N 3 қосымша), ол карточка жыл бойына сақталады. Ерекше белгiлерi, жеке басы мен жұмыс орны анықталғаны туралы мәлiметтер жазылған азаматтардың есепке алу және статистикалық карточкалары үш жылға дейiн сақталады. 

      43. Кезекшi жеткiзiлген адамның медициналық тексеруден өтуi үшiн, сырт киiмдерi мен iш киiмдерiне дейiн шешуiн сыпайы түрде түсiндiредi. 
      Егер азаматтар өз еркiмен киiмiн шешуге қарсы болса, онда ол адам күштеу арқылы шешiндiрiледi. 

      44. Медициналық айықтырғышқа жеткізiлгендердi жекелей қарау қаралатын адаммен жынысы бiрдей адамның және сол жыныстағы тағы да екi адамның куә болуымен жүзеге асырылады. Егер куәгерлер болмай қалған жағдайлар болса, онда тексеру осы адамды ұстауға және жеткiзуге қатысқан адамдарды қоспағанда, фельдшердiң, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. 

      45. Кезекшi наряд тексеруге әкелiнген адамдарға адамгершiлiк тұрғыдан қарап, олардың ар-намысына тиетiндей iс-әрекеттердi болдырмауға мiндеттi. Тексеруге байланысты барлық мәлiметтердi дабыра етуге тыйым салынады. 
      Жекелей тексеру және заттарды тексеру туралы хаттамаға тиiстi мәлiметтер жазылады (Ереженiң N 2 қосымшасы), бұл хаттама қатаң есеп беру құжаты болып табылады және оның реттiк нөмiрiнiң типографиялық бедерлемесi болады. 
      Хаттама екi дана болып жасалады және оған медициналық айықтырғыштың кезекшiсi, айықтырғышқа орналасқан адамдарға бақылау жасайтын полиция қызметкерлері және фельдшер қол қояды. Хаттаманың бiрiншi данасы есепке алу және статистикалық карточкамен бiрге азаматты әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдау немесе оның мекен-жайы және жұмыс орны бойынша көпшiлiктiң талқысына салу үшiн қалалық, аудандық органға жiберiледi, екiншiсi медициналық айықтырғышқа қалдырылады. 

      46. Айықтырғыштағы азаматтардың барлық заттары жеке шкафтарда, ал құжаттары, ақшасы және басқа да құнды заттары қапшыққа салынып металл жәшiктерде (сейфтерде) сақталады. Шкафтың, олардағы ұялардың, қапшықтардың бiрдей реттiк нөмiрi болуы тиiс. 

      47. Егер қару, есiрткiлер немесе оны дайындайтын шикiзаттар және сақтауға тыйым салынатын басқа да заттар белгiлi болса және ұсталған азаматтың қылмысқа қатыстылығын анықтайтын күдiктi заттар алынатын болса, онда сол жерде, куәгерлердiң көзiнше хаттама жасалып, ол заттар тартып алынады және ол адам жақын жердегi қалалық, аудандық iшкi iстер органына жiберiледi. Мұндай адамдарды медициналық айықтырғышқа орналастыруға тыйым салынады. 
      ұсталған адамның атқыш және газды қаруы, әрi қару ұстауға "Iшкi iстер органдары арқылы рұқсаты болса, қару одан алынып, оның медициналық айықтырғышқа түскенi туралы хаттама жасалады. Егер ол адам қатарынан бiрнеше рет және екi жыл бойы медициналық айықтырғышқа түссе және қоғамдық тәртiптi өрескел бұзса, Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176  қаулысының талаптарына сәйкес, iшкi iстер органдарына шара қолдануға жiберiледi.
       Ескерту: 47-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      48. Сотқарлық немесе бұзақылық көрсетiп, өзiне немесе оны қоршаған адамдарға ұмтылған азаматтардың бетiн қайтару мүмкiн болмаса, медициналық көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаудың 12-шi пунктiне сәйкес, күшпен көндiру шаралары қолданылады. Бұл шара медициналық айықтырғыш басшылығының немесе қалалық, аудандық орган бойынша кезекшiнiң рұқсатымен ғана қолданылады. Осындай жағдайлардың бәрiн де кезекшi инспектор медициналық айықтырғыштың басшысына мәлiмдейдi және ол мәлiметтер оның әкiмшiлiк құқық бұзуы туралы хаттамаға жазылады, сондай-ақ медициналық айықтырғышқа орналастырылғандарды тiркеу журналына тиiстi мәлiметтер енгiзедi. 

      49. Палаталарда ер адамдар мен әйел адамдар жеке орналасады, кәмелетке толмағандар үлкендерден жеке орналастырылады. Шетел азаматтары мүмкiндiгiнше жеке палатада орналастырылады. 

      50. Айықтырғышқа орналастырылған адамдар өз беттерiмен кетiп қалуға және құқық бұзу әрекеттерiн жасауға мүмкiндiк берiлмейтiн жағдайда ұсталады. Iшкi наряд полиция қызметкері, сондай-ақ фельдшер палаталардағы адамдардың тәртiбi мен денсаулық жағдайына үнемi бақылау жасап отырады. 

      51. Айықтырғышқа орналастырылған адамның жеке басы мен жұмыс iстейтiн орны туралы мәлiметтердi тиянақты жазып алуға кезекшi инспектор жауапкершiлiк алады. Егер азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттары болмаса, ол азаматтың өзi жинастырған мәлiметтердi (паспорт үстелiнен, адрес бюросынан, жұмыс орны бойынша кадр бөлiмiнен, туысқандарынан, таныстарын сұрастыру арқылы және т.б. мүмкiндiктер арқылы алынған) жан-жақты тексеру шараларын қолға алады. 
      Қаладан тыс тұратын азаматтар олардың уақытша тұратын жерлерi қонақ үйлер, санаториялар, туысқандары мен таныстары арқылы тексерiледi. Қажет болған кезде, мұндай адамдар туралы мәлiметтер iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арқылы тексерiледi. Шетел азаматтарын шетел туризмiнiң агенттiктерi, бөлiмдерi, басқармалары, оқу орындары, өздерi жұмыс iстейтiн ұйымдар, сондай-ақ елшiлiктер және Консулдық өкiлдiктер арқылы кезекшi тексередi. 

      52. Егер айықтырғышқа жеткiзiлген адам өзiн-өзi өлтiруге ұмтылып немесе өзiнiң денесiне өзi жарақат салса, кезекшi инспектор жедел медициналық жәрдем шақыртып, ол келгенше адамды бақылауға алады. 

      53. Егер айықтырғышқа жеткiзiлген адам кенеттен қайтыс болса немесе өзiн-өзi өлтiрсе, онда кезекшi инспектор медициналық айықтырғыштың басшылығына немесе қалалық және аудандық органның кезекшi бөлiмiне болған оқиға туралы баяндайды, сондай-ақ оқиға болған жерге тергеушi келгенше бақылау жасайды. 

      54. Медициналық айықтырғыштағы адам толық айыққаннан кейiн, фельдшер ол адамға толық медициналық тексеру жүргiзедi және оны шығару шешiмi туралы қағаз бередi. 

      55. Жеке тұлғаны медициналық айықтырғышта әкімшілік ұстау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті уақыт ішінде жүзеге асырылады және үш сағаттан аспайтын уақытқа созылуы мүмкін. Мас күйдегі адамды әкімшілік ұстау мерзімі медициналық қызметкер куәландырған оның айыққан уақытынан бастап есептеледі және ұзартылмайды.
      Ескерту: 55-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      56. Медициналық айықтырғыштан шығару кезiнде кезекшi инспектор журнал мен хаттамаға қол қойғызып (N 1, 2 қосымша) сақтауға қалдырылған заттарды, құжаттарды және құнды заттарды иелерiне қайтарып бередi. 
      Кезекшi инспектор азаматтың құқық бұзғаны туралы хаттаманы әкiмшiлiк шара қолдану үшiн, қай қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына жiбергенi жөнiнде ол адамды хабардар етедi.
      Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

      57. Медициналық айықтырғыштан шыққан адамға, оның сұрауы бойынша инспектор осы мекемеде айыққаны жөнiнде анықтама қағазын (Ережеге N 5) бередi. Егер айықтырғышта талап қою жағы басым болып кетсе, азамат шағымдар мен ұсыныстарға арналған, кезекшi инспектордың бөлмесiнде қойылатын кiтапқа өз шағымы мен ұсыныстарын жазуға құқылы. 

      58. Егер азаматтардың өздерiмен бiрге құжаттары болмаса, олардың жеке басын анықтау мақсатында, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты уақытында және дұрыс қарастырып, ол жөнiнде қабылдаған шешiмдi орындау үшiн, әкiмшiлiк тәртiп бойынша, азамат айыққаннан кейiн үш сағатқа дейiн айықтырғышта ұсталады және медициналық айықтырғышқа орналастырғандарды тiркеу журналына жазылады. 

      59. Егер қолданылған шаралар бойынша, айықтырғыштан шығарылатын адамның жеке басын анықтауға мүмкiн болмаса, онда оны одан әрi тексеру мақсатында қалалық аудандық органдарға жiберiледi. 

      60. <*>
      Ескерту: 60-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

  V. Медициналық айықтырғыштың палаталарын
жабдықтауға қойылатын талаптар

      <*>
      Ескерту. V-тараудың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

  VI. Медициналық айықтырғыш қызметкерлерiнiң
негiзгi қызметтiк мiндеттерi

      71. Медициналық айықтырғыштың бастығы: 
      - медициналық айықтырғыштың қызметiне басшылық жасайды және осы мекеменiң алдына қойылған мiндеттердi орындауға жауапкершiлiк алады;
      - кадрларды iрiктеу, орналастыру, оларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын атқарумен қатар, қатардағы және басшы құрамды бiлiктiлiгiн тексеруге дайындайды. Медициналық айықтырғыш қызметкерлерiнiң iскерлiк және моральдық; қасиеттерiн зерттейдi, олармен жеке тәрбие жұмыстарын жүргiзедi. Ұжымдағы адамдар арасында, өзара сыйластық ахуалын тудыру шараларын ұйымдастырады; 
      - бекiтiлген тәртiп бойынша, медициналық айықтырғыштың Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қалалық, аудандық органдары бөлiмшелерiмен және қызметтерiмен маскүнемдiкке және алкоголизмге қарсы күрес жөнiндегi еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылдарын ұйымдастырады; 
      - медициналық айықтырғыштың барлық қызметкерлерiнiң қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасы IIМ, ІІД нормативтi актiлерiне, жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмдерiн орындауларына, заңдылық пен тәртiптi бұлжытпай сақтауына, қызметтiк мiндеттерiн орындаудағы олардың iс-қимылдарының заңдылығына бақылау жасайды; 
      - медициналық айықтырғыш нарядтарының қызметiне, бекiтiлген тәртiп бойынша, нұсқаулық етедi және тексеру жүргiзедi, жеке құрамның кәсiби шеберлiгiн тиiстi дәрежеге көтередi, оларды айырықша жағдайлардағы iс-қимылдарға үйретедi; 
      - азаматтарды қабылдайды, белгiленген мерзiмдерде олардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарастырып, тиiстi шаралар қолданады; 
      - техникалық және автокөлiк құралдарының дұрыс пайдаланылуына бақылау жасайды, оларға техникалық қызмет көрсетудi және жөндеу жүргiзудi қамтамасыз етедi. Медициналық айықтырғышты құрал-жабдықтармен, мүлiкпен және автокөлiкпен жабдықтау шараларын қолға алады.
      Ескерту: 71-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

      72. Медициналық айықтырғыш бастығының орынбасары: 
      - медициналық айықтырғыштың кезекшi бөлiмi мен "арнайы медициналық қызмет" экипаждарының жұмысын ұйымдастырады; 
      - қызметкерлерге жұмыс формалары мен әдiстерiн үйретуге қатысады, жеке құраммен жекелей тәрбие жұмыстарын жүргiзедi; 
      - медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдар құрамына ұдайы талдау жүргiзудi, маскүнемдiкке салынудың нақтылы себептерi мен жағдайларын анықтауды, депутаттардың жергiлiктi мәслихат-жиналыстары жанындағы iшiмдiкке қарсы күрес жүргiзу жөнiндегi комиссияларға, инстанцияларға, кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға ақпараттар мен ұсыныстар жобаларын дайындауды қамтамасыз етедi; 
      - медициналық айықтырғыштың бастығы жоқ кездерде оның мiндеттерiн толық атқарады. 

      73. Медициналық айықтырғыш бойынша кезекшi: 
      - қызметiне кiрiсер алдында, алмасушы кезекшiден тiзiм бойынша құжаттарды, мүлiктердi, сондай-ақ айықтырылушы адамдарды, олардың заттары мен материалдық құндылықтарын қабылдап алады, кезекшiлiкке кiрiскенi жайында медициналық айықтырғыш бастығына немесе оны алмастырушы адамға баяндайды; 
      - медициналық айықтырғыш жұмысына басшылық етедi және оның қызметiне бақылау жасайды, экипаждарымен үнемi байланыста болады, оларға iздеу салынған қылмыскерлердiң, ұрланған заттар мен нәрселердiң белгiлерi бойынша бағдар бередi, экипаждарды жағдайдың өзгергендiгi туралы хабарландырады; 
      - айықтырғышқа жеткiзiлген азаматтарды дер кезiнде қабылдау, тiркеу, медициналық тексеруден өткiзу және олардың жеке басын анықтауды, киiмдер мен заттарды мұқият тексеру, олардың сақталынуын және айықтырылған иелерiне қайтарылып берiлуiн қамтамасыз етедi. Азаматтардың айықтырғышқа белгiленген мерзiмге дейiн ұсталынуына бақылау жасайды, ұсталған азаматтардың арасында жанжалдық жағдайларды болдырмау шараларын қолданады; 
      - медициналық айықтырғыштың iшкi тәртiбiнiң сақталынуына қолдау жасайды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң сақталынуын қамтамасыз етедi; 
      - медициналық айықтырғыштың фельдшерi мен полиция қызметкерлері арқылы, сондай-ақ тiкелей өзi айықтырылушы адамдардың тәртiбi мен денсаулық жағдайын бақылауға алады. Жеткiзiлгендер арасында өзiн-өзi өлтiрушiлiк жағдайларын, дене жарақаттарын түсiрудi болдырмау шараларын қолданады; төтенше жағдайларда қалалық аудандық орган бойынша кезекшiге және медициналық айықтырғыш бастығына дереу баяндайды; 
      - жеткiзiлгендердiң iшiнен iздеу салынған қылмыскерлердi, қылмысқа қатысы бар немесе қылмыс жасаған күдiктi адамдарды, сонымен қатар олардың бойынан iздеу салынған заттар мен құнды дүниелердi анықтайды. Күдiктi адамдар немесе iздеу салынған заттар және құнды дүниелер анықталса, бұл жайында қалалық аудандық органның кезекшi бөлiмiне дереу мәлiмдейдi; 
      - кезекшiлiктi тапсырғанда бастыққа немесе оны алмастырушы адамға өз кезекшiлiгiнде iстелiнген жұмыстар нәтижесi жайында баяндайды журналға қолын қояды (Ережеге N 1 қосымша).
      Ескерту: 73-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

      74. Взвод командирi (взвод командирiнiң лауазымы штат бойынша жоқ болса, оның мiндеттерiн бөлiмше командирi атқарады): 
      - взводтың жеке құрамын үйретедi, оларды қызметтiк мiндетiн адал атқарып, тәртiп пен заңдылықты қатаң сақтау рухында тәрбиелейдi; 
      - қызмет ету аумағындағы жағдайды зерттейдi, медициналық айықтырғыш бастығына "арнайы медициналық қызмет" экипаждары үшiн тиiмдi патрульдiк маршруттар белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
      - қалалық аудандық органдар бастығының шешiмдерiне сәйкес, нақты күштер мен құралдары орналастыруды жүзеге асырады; 
      - жеке құрамды қызметiн атқаруға дайындайды, полиция қызметкерлерінің пiшiмдi киiм-кешек киiп жүру ережесiн сақтауларына бақылау жасайды; 
      - көшелерден, басқа да қоғамдық орындардан экипаждардың ұсталған адамдарды уақытында алып кетуiн ұйымдастыруға, патрульдiк маршрут бойынша қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге тiкелей жауап бередi; 
      - кестеге сәйкес "арнайы медициналық қызмет" экипаждарының жұмысын бақылауға алады, анықталынған кемшiлiктердi жояды, полиция қызметкерлерді тамақ iшу үшiн ауыстырады; 
      - "арнайы медициналық қызмет" экипаждарының патрульдiк күзет нарядтарымен, қоғамдық тәртiптi күзетушi басқа да полиция қызметкерлерiмен бiрлесе iс-қимылдар жасауын ұйымдастырады; 
      - взвод жеке құрамының қылмысқа, тәртiп бұзушылыққа қарсы күрес жұмысының есебiн жүргiзедi, медициналық айықтырғыштың бастығына полиция қызметкерлеріне демалыс күндерiн беру және еңбек демалысына жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi. 

      75. Iшкi пост полиция қызметкері: 
      - өз бетiнше сырт киiмдерi мен аяқ киiмiн шеше алмайтын ұсталған азаматтарға жәрдем көрсетедi; 
      - кезекшiнiң нұсқауы бойынша және онымен бiрлесе отырып, өз еркiмен сырт киiмдерiн шешуден бас тартқан ұсталған азаматтарды күшпен шешiндiредi; 
      - айықтырғышқа жеткiзiлгендердi кезекшiнiң нұсқауы бойынша палаталарға орналастырады, қажет болған жағдайда фельдшермен бiрлесе отырып оларды санитарлық тазалаудан өткiзедi; 
      - палаталардағы адамдардың тәртiбi мен денсаулық жағдайына бақылау жүргiзедi, өлiм жағдайларын, өзiн-өзi өлтiрудi немесе жеткiзiлген адамдарға дене жарақаттарын түсiрудi болдырмаудың шараларын қарастырады; 
      - кезекшiнiң нұсқауы бойынша және онымен бiрлесе отырып, фельдшердiң бақылауымен сотқарлық танытқан адамдарды белгiленген ереже бойынша есепке алады; 
      - айықтырғышқа жеткiзiлгендердi жуынатын орынға, дәретханаға, шаруашылық-тұрмыстық бөлмеге және т.б. ертiп апарады. 

      76. <*>
      Ескерту. 76-тармақтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      77. Аға бухгалтер (бухгалтер):
      - бас бухгалтер жөнiндегi Ережеге сәйкес өз мiндеттерiн атқарады;
      - медициналық айықтырғыштың қаржы қызметiне жауап бередi;
      - материалдық бағалы заттардың және т.б. есебiн жүргiзедi.
      Ескерту: 77-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

      78. Профилактикалық кабинет бастығы мен инспекторлық құрамның қызметтiк мiндеттерi оның жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықпен анықталады. Қалған қызметкерлердiң мiндеттерiн медициналық айықтырғыштың бастығы штат санына және жергiлiктi ерекшелiктердi есепке ала отырып дайындайды. 

  VII. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген
адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      79. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдар мыналарға:
      - медициналық айықтырғышқа жеткiзiлу себептерi мен айғақтарын бiлуге (айықтырғышқа жеткiзiлген адамдарға ол туралы босатылған кезде хабарланады); 
      - жеткiзiлгенi, жеке тiнту жүргiзiлгендiгi, заттары мен құжаттарының тексерiлгендiгi жөнiнде түсiнiктер беруге және өтiнiш-шағымдар жасауға; 
      - медициналық айықтырғыш қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi туралы осы бөлiмшенiң бастығына, медициналық айықтырғышты құрған iшкi iстер органының басшылығына, жоғары тұрған органына (лауазымды адам немесе прокурорға арыз-шағым жасауға); 
      - өзi немесе кезекшi-инспектор арқылы, телефонмен өзiнiң тұрған жерi туралы туысқандарын, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгiн хабардар етуге; 
      - медициналық айықтырғышта болған уақытында денсаулық жағдайы нашарласа, қажеттi медициналық көмек алуға, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу мекемелерiнде емделуге құқылы.

      80. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдар мыналарға:
      - медициналық айықтырғышқа белгiленген iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға;
      - медициналық айықтырғыш қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындауға;
      - медициналық айықтырғышты құрал-жабдықтарға, төсек-орындарға ұқыптылықпен қарауға мiндеттi.

      81. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдар осы мекемеге, лауазымды адамдарға немесе азаматтарға тигiзген залалы үшiн материалдық жауапкершiлiкке тартылады. 

  VII. Медициналық айықтырғыш қызметiнде
заңдылықтарды қамтамасыз ету

      82. Медициналық айықтырғыш қызметiнде заңдылықтар мынадай бағыттарда қамтамасыз етiледi:
      - заңдылық пен құқық тәртiбi нормаларын бұлжытпай орындау, азаматтардың конституциялық құқықтар мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстарын атқару; 
      - күн тәртiбiн, ұсталған адамдар неғұрлым көп болатын мезгiлдерде және кешкi уақытта мiндеттi түрде, басшылардың бiреуi кезекшiлiк ететiндей етiп жоспарлау; 
      - медициналық айықтырғышты iшкi iстер органдары басшылық құрамының тұрақты бақылау жасауын қамтамасыз ету; Аталған адамда медициналық айықтырғышқа адамның қандай себеппен түскендерiн кем дегенде, айына екi рет тексеруге мiндеттi; 
      - медициналық айықтырғыштың кезекшi нарядтарын жоғарғы органдардың тұрақты тексеруiн ұйымдастыру; 
      - медициналық айықтырғышта азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған кiтапша болуы қажет және ол медициналық айырғыштан шығарылатын адамдарға көрiнетiн жерде тұруы тиiс; 
      - прокурорлардың ұсыныстары, соттардың iшiнара анықтамалары бойынша, баспасөз, радио теледидар арқылы айтылған сын пiкiрлер негiзiнде прокурорлық бақылау жасау және шаралар қолдану; 
      - медициналық айықтырғышқа түскендер осы мекеме қызметкерлерiне шағым жасай алатын құқықтармен қамтамасыз етiледi;
      - жауапкершiлiкке және айыптау шараларына негiзсiз тартылған 
азаматтарды ақтап шығару жөнiнде iшкi iстер органдарының атынан көпшiлiк көзiнше кешiрiм сұрай отырып, мiндеттi түрде еңбек ұжымдарын, ал қажет болса, бiрге тұратын тұрғандарды хабарландыру;
      - жылына кем дегенде екi рет еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында медициналық айықтырғыш басшылары мен басшылар құрамындағы қызметкерлердiң тұрақты есеп берулерiн тыңдау. 

Ережеге N 1 қосымша

      Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен

      _____________________________ қалалық IIБ
     _____________________________ iшкi iстер бөлiмi

жанындағы медициналық айықтырғышқа
жеткiзiлген адамдарды тiркеу
ЖУРНАЛЫ

                                                   Инв. N ________ 

     1996 ж. "____"___________________ басталды
     1996 ж. "____"___________________ аяқталды 

Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген
адамдарды тiркеу журналын жүргiзу
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Журналды кезекшi-инспектор немесе оның мiндетiн атқарушы
жүргiзедi.
      2. Журналға медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген барлық адамдар енгiзiледi. 
      3. Жеткiзiлген адамдар туралы мәлiметтер журналға жеке басты куәландыратын құжаттар, оларды жеткiзген полиция қызметкерiнiң рапорты, азаматтар арыздары, мекен-жай бюросы, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi арқылы тексеру нәтижелерi негiзiнде жазылады. 
      4. Журналдың барлық бағандары мiндеттi түрде толтырылуы қажет. Жазбалар ұқыпты, түсiнiктi және тек сиямен (пастамен) жазылады. Жазбаларды боямалауға рұқсат етiлмейдi.
      5. Журнал беттерi нөмiрленуi, бау өткiзiлуi және мөрмен
бекiтiлуi тиiс.
      6. Медициналық айықтырғышта пайдаланылған журналдар соңғы жазба енгiзiлген күннен бастап, үш жыл бойы сақталады, кейiн белгiленген тәртiп бойынша жойылады. 

      1. Реттiк нөмiрi
     _______________________________________________________________
      2. Жазылған хаттама нөмiрi
     _______________________________________________________________
      3. Жеткiзiлген күнi және уақыты
     _______________________________________________________________
      4. Босатылған күнi және уақыты
     _______________________________________________________________
      5. Тегi, есiмi, әкесiнiң аты, туған күнi, айы және туған жерi,
     ______________________________________________________________
     тұрған палатасы N
     6. Мекен-жайы
     _______________________________________________________________
     7. Кiм жеткiздi
     _______________________________________________________________
     8. Жұмыс орны, лауазымы
     _______________________________________________________________
     9. Медициналық тексеру нәтижесi және медициналық көмек
        көрсетiлгендiгi жайлы мәлiметтер
     _______________________________________________________________
     10. Кезекшiнiң жеткiзiлген адамға қатысты қабылдаған шешiмi
     _______________________________________________________________
     11. Күшпен көндiру құралдары қолданылды (қандай құралдар және
         қолдану мерзiмi)
     _______________________________________________________________
      Ескерту: Смена соңына кезекшi-инспектор iстелiнген жұмыстың
              қорытындысын жасайды, ол туралы журналға жазып,
              форма бойынша қол қояды: 

     Кезекшiлiктi тапсырған ____________________
     Кезекшiлiктi қабылдаған ___________________

                                                 Ережеге N 2 қосымша

      Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

Адамдарды медициналық айықтырғышқа жеткiзу
(орналастыру), әкiмшiлiк жауапкершiлiкке немесе
қоғамдық ықпал ету шараларына тарту жөнiндегi
ХАТТАМА

    "____"______________ 199___ ж. ________________________________
                                          (хаттама жазылған жер)
     кезекшi-инспектор _____________________________________________
                             (шенi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
     _______________________________________________________________
            (уақыты, полиция қызметкерiнiң, азаматтардың тегi.
     ___________________________________________________ жеткiзген.
              есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлсiн)
     _______________________________________________________________
      (киiмнiң түрлерi аталып және олардың жай-күйi сипатталсын)
     _______________________________________________________________
     киiнген фельдшер_______________________________________________
                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)
     _______________________________________________________________
     (мас болу белгiлерi баяндалсын)
     сипатталатын _________________ мас болу дәрежесi анықталған
     медициналық тексеру жүргiздi, сондай-ақ денесiндегi ерекше
     белгiлерi, жарақаттары, аурулары айқындалды
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     Жеткiзiлген адамды және заттарды тексергенде
     _______________________________________________________________
    (ақша купюролары, жалпы жиынтығын жазбаша көрсету, құнды заттар,
     _______________________________________________________________
     паспорт немесе жеке басты куәландыратын басқа құжаттар, олардың
     _______________________________________________________________
     нөмiрi, қашан, кiм берген, қару және басқа да тыйым салынған
     _____________________________ анықталды, заттар алынып
                заттар)
     сақтауға қабылданды.
     Төмендегi адамдардың қатысуымен куәландырылатын, алынған заттар
сақталатын ұяшық N _________:
     1. ________________________________________________ тұрады
          (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (мекен-жайы)
     2. ________________________________________________ тұрады
          (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (мекен-жайы)
     Қолдары: жеткiзгендер ____________________________________
              кезекшi инспектор _______________________________
     Сотқарлық пен бұзақылық жасауына байланысты ___________________
                                           (қалай болғанын көрсету)
     айықтырылушыға күшпен көндiру шаралары қолданылды 
     ____________________________________
       (сағаты, минуты көрсетiлсiн)     

     Кезекшi инспекторы __________________ (қолы)
     Фельдшер ____________________________ (қолы)
     Хаттамада көрсетiлген заттарды, ақшаны, құнды заттарымды
     алдым, талаптарын _____________________________________________
                              (жоқ, бар болса сипатталсын)
     Хаттамамен таныстым, "__"_____________ 199__ ж. ____сағ.__ мин.
     босатылдым
     _________________________________   ___________________________
     (медициналық айықтырғышта болған    (кезекшi-инспектордың тегi,
     адамның тегi, аты, әкесiнiң аты,    аты, әкесiнiң аты, қолы)
     қолы)

                                           (Хаттаманың келесi бетi) 

               Тәртiп бұзушының жеке басы туралы мәлiметтер

      Тегi _____________ аты _____________ әкесiнiң аты _____________
     Туған күнi _________________ Туған жерi _______________________
     _______________________________________________________________
     Тұрғылықты жерi _______________________________________________
     _______________________________________________________________
     Паспорты немесе бас жеке басын куәландыратын құжат, N,
     қашан және кiм берген _________________________________________
     Жұмыс, оқу орны _______________________________________________
                         (мекеме, ұйым, кәсiпорынның аты және оның
     _______________________________________________________________
          мекен-жайы)
     Лауазымы _______________, жалақысы ______________________ теңге
     Күнелту кезi (егер жұмыс iстемесе) ____________________________
     Отбасының құрамы ___________ адам, асырауында ____________ адам
     Жеке басы ___________________________________________ анықталды
      (мекен-жай бюросы, пасп-ы немесе бас құжат-ы арқылы N, серия)
     IIБ есебi арқылы тексергенде __________________________________
                                 (бұрын әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны
     ___________________________________________________ анықталды.
     қару иесi екендiгi, не себептi есепте тұратыны ж.т.б.)
     Азамат(ша) ________________________ "____"_____________ 199__ж.
               (тегi, аты, әкесiнiң аты)
     ________ сағат ________ мин ___________________________________
                                (мастың алынған орны, құқық бұзуының
     _______________________________________________________________
         мәнiсi; осы құқық бұзушылыққа жауапкершiлiк белгiлейтiн
     _______________________________________________________________
         нормативтiк акт)
     Хаттамада баяндалған фактiлердi мына адамдар растайды:
     1. ____________________________ тұратын жерi __________________
         (тегi, аты, әкесiнiң аты)                   (мекен-жайы)
     _______________________________              ___________ (қолы)
     2. ____________________________ тұратын жерi __________________
         (тегi, аты, әкесiнiң аты)                   (мекен-жайы)
     _______________________________              ____________(қолы)
     Хаттама толтырушының қолы __________________
     Хаттамамен таныстым__________________ (тәртiп бұзушының қолы) 

                     ТӘРТIП БҰЗУШЫНЫҢ ТҮСIНДIРМЕСI

     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________

                           __________________(тәртiп бұзушының қолы)

                        Iшкi iстер органы бастығының
                                ҚАУЛЫСЫ

     "___"____________ 19___ ж. N ________ хаттаманы қарай отырып, 
     азамат(ша) ____________________________________________________
     iс-әрекетiнде _________________________________________________
     ____________________________________________ анықталды.
     ____________________________________________
         (ескертiлдi, материал еңбек
     _______________________________________________________________
          ұжымының, қоғамдық ұйымның қарауына жiберiлдi
     ________________________________ шешiм қабылданды
             айып салынды)           _______________________________
         (iшкi iстер органының аты)              (қолы)
     "____"_______________ 199___ж. 

                                                 Ережеге N 3 қосымша

                   Медициналық айықтырғышқа түскен
                   адамның есеп-сынақ карточкасы

     1. Тегi _____________ Есiмi _____________ Әкесiнiң аты ________
     2. Туған датасы (күнi, айы, жылы) _____________________________
     3. Туған жерi _________________________________________________
     4. Мекен-жайы және тұрғылықты жерi ____________________________
     _______________________________________________________________
     5. Отбасы жағдайы _____________________________________________
     6. Жұмыс орны және лауазымы ___________________________________
     7. Ерекше белгiлерi ___________________________________________
     8. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген датасы ________________
     9. Әкiмшiлiк хаттама толтырылған ба? __________________________
                                              (иә, жоқ, егер
     _______________________________________________________________
                толтырылса, датасы мен нөмiрi көрсетiлсiн)
     10. Қабылданған шаралар _______________________________________
                                (ықпал жасау шаралары көрсетiлсiн)
     11. Карточка "____"_______________ 199__ ж. толтырылды
     Медициналық айықтырғыштың ____________________________ ________
     кезекшi инспекторы         (тегi, аты, әкесiнiң аты)    (қолы)
     Медициналық айықтырғыштың ____________________________ ________
     бастығы                    (тегi, аты, әкесiнiң аты)    (қолы) 

                                                Ережеге N 4 қосымша 

                                N ЕСЕП-ШОТ

      Ескерту: Қосымша алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен.

                                                 Ережеге N 5 қосымша

     Медициналық
     айықтырғыштың
     мөртабаны 

                                  АНЫҚТАМА

     Азамат(ша) ____________________________________________________
                            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
     ___________________________ iшкi iстер бөлiмi жанындағы
     медициналық айықтырғышта
     "_____"_____________ 199___ ж. ____сағат ______ __________ мин.
     болғандығы үшiн берiлдi
     _______________________________________________________________
     Iшкi iстер бөлiмi жанындағы
     медициналық айықтырғыштың
     кезекшi-инспекторы
     _____________________ (шенi)
     ______________________________________  ________________ (қолы)
           (тегi, аты, әкесiнiң аты)
     "___"_________________ 19___ж. 

                                                Ережеге N 6 қосымша

                         ТЕКСЕРУШIНIҢ ЕСКЕРТУЛЕР
                              ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________________________
NN |Тексеру |Тексерушiнiң       |Тексерушiнiң |Мед-лық айықтырғыш
ретi|датасы, |тегi, есiмi, әкес. |ескертулерi  |басшыларының қолда.
    |уақыты  |аты, лауазымы,     |             |нылған шаралар
    |        |шенi               |             |жөнiндегi белгiсi
____________________________________________________________________
  1     2              3                4               5
____________________________________________________________________
                   (мұқабаның iшкi бетiне басылады)

     N 4 бағанада мiндеттi түрде мыналар қамтылуы тиiс:
     - азаматтарды негiзсiз жеткiзу фактiлерi;
     - оларды ұрып-соғу;
     - дөрекiлiк таныту;
     - айықтырғышқа жеткiзiлгендердiң ақшасын, бағалы заттарын
       иемдену және басқа төтенше жағдайлар
       (тексерушi анықтаған жағдайда);
     - кезекшi-нарядтың қызмет ету сапасы;
     - айықтырылушы адамдардың ақшаларын бағалы заттарын,
       нәрселерi мен киiмдерiн ұқыпсыз сақтау;
     - арнаулы және пiшiмдi киiм-кешекпен жүру ережелерiн
       бұзушылықтар;
     - үй-жайдың тазалық жағдайы;
     - оларды жою жөнiндегi нұсқаулар және олардың орындалу
       мерзiмдерi. 

     Журнал беттерi нөмiрленiп, бау өткiзiлiп және мөрмен бекiтiлуi
тиiс. 

                                               Ережеге N 7 қосымша

                        Медициналық айықтырғыштағы
                 бiр кереует-орын есебiмен төсек-орын
              және басқа да жабдықтардың табельдiк тиiстi
                              МӨЛШЕРЛЕРI

     _______________________________________________________________
     Заттардың аты                    |Заттар    |Пайдалану
                                      |саны      |мерзiмi
     _______________________________________________________________
     1. Ақ жайма                        4 дана        1
     2. Жастық тысы (iшкi)              1 дана        3
     3. Жастық тысы (сыртқы)            4 дана        1
     4. Клеенка жастық тыс              1 дана        3
     5. Матрац                          1 дана        3
     6. Мақталы жастық                  1 дана        3
     7. Жартылай жүн көрпе              1 дана        4
     8. Сүлгi                           3 дана        1
     9. Көйлек-көншек сақтайтын қап     1 дана        1
     10. Клеенка матрац қап             1 дана        3
     11. Шәркелер                       1 дана        1
     12. Топчан (кереует)               1 дана        5
     _______________________________________________________________

      Ескерту: 1. 4, 10, 11, 12 пункттерде аталған мүлiктер
              жергiлiктi жерде жасалынады немесе алынады.
     2. Жағажайға арналған резина шәркелер бiр рет пайдаланылған
        соң, дезинфекциялануы тиiс.

                                                Ережеге N 8 қосымша

                    Медициналық айықтырғыштағы
                      қызмет бөлiмдерiнiң
                    ШАМАМЕН АЛҒАНДАҒЫ ТIЗIМI

     1. Кезекшi бөлмесi
     2. Жеткiзiлгендердi тексеру және шешiндiру бөлмесi
     3. Ерiксiз желдету қондырғыларымен жабдықталған айықтырушылар
палаталы (ерлер, әйелдер, шетел азаматтары, кәмелетке толмаған үшiн
жеке-жеке)
     4. Басшылар кабинеттерi
     5. Денсаулық пунктi (медицина қызметкерiнiң және процедура
кабинеттерi)
     6. Бухгалтерия
     7. Жылы душ бөлмелерi, тазалық тораптары (айықтырушылар және
қызметкерлер үшiн жеке-жеке)
     8. Дезинфекциялық камера
     9. Құрғату камерасы (шкаф)
     10. Жеткiзiлген адамдардың көйлек-көншектер, төсек-орын
жабдықтары, шаруашылық тұрмыс заттары сақталынатын қоймалар
     11. Тұрмыстық бөлме
     12. Демалыс бөлмесi
     13. Фотолаборатория
     14. Есеп жүргiзу инспекторының кабинетi
     15. Профилактика кабинетi
     16. Сотқарлық танытқандарды жеке қамайтын бөлме 

Қазақстан Республикасының
25 қаңтар 1996 жылғы  
N 37 бұйрығына    
N 2 қосымша     

              Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлгендерге
                медициналық көмек көрсету жөнiндегi
                            НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Мас күйiнде медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген азаматтар, мiндеттi түрде медициналық тексеруден өткiзiледi, сондықтан кезекшi фельдшер сыпайы түрде жеткiзiлген адамнан сыртқы киiмiн (ер адамдардан iш киiмiне дейiн) шешуiн ұсынады, оның денсаулығын сұрап, медициналық көмек көрсету қажеттiгiн айтады. 

      2. Жеткiзiлген әйел адамдарды медициналық тексеруден өткiзу кезiнде медициналық персоналға жатпайтын ер адамдарды қатыстыруға тыйым салынады. Тексеру кезiнде тек қана сыртқы киiмдерiн шешу ұсынылады (пальто, плащ, күртеше, аяқ киiм және т.б.). 

      3. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлгендердi кезекшi фельдшер медициналық тексеруден өткiзедi, тексеру былайша жүзеге асырылады: 
      - адамның терiсiн, денесiнiң жүндес бөлiктерiн мұқият тексеру; 
      - тамырының соғу жиiлiгiн және басқа да сипаттарын анықтау; 
      - артериялық қан қысымын өлшеу және одан кейiн динамикалық өлшеу жүргiзу; 
      - жүрегi мен өкпесiн тыңдау; 
      - жарақаттарын тексеру үшiн iшi мен басқа дене бөлiктерiн саусақпен басып көру; 
      - маскүнемдiктiң психикалық (наркологиялық) және неврологиялық дәрежелерiн анықтау. 

      4. Тексеру нәтижелерiн кезекшi фельдшер N 6 медициналық журналға жазады. Осы журналда жеткiзiлген адамдардың ерекше белгiлерi (тыртық, татуировкалар, меңдерi, қалдары, аяқ-қолды ампутациялау және т.б.) көрсетiледi. 

      5. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлгендердiң психикалық (наркологиялық) неврологиялық және соматикалық күйлерiн зерттеу негiзiнде, фельдшер, олардың iшiмдiктен, есiрткiден және басқа түрдегi улануын, дене мүшелерiнiң зақымдануын, педикулез, терi ауруын, венерологиялық ауруларды, iшкi органдардың ауруларын анықтайды және қажеттi медициналық көмек көрсетедi (қосымша N 5). 

      6. Жедел әрi шұғыл медициналық көмектi (N 1, 2, 3, 4 қосымшалар) қажет ететiн барлық адамдарды дереу денсаулық сақтау органдарының аймақтық емдеу мекемелерiне жiберу қажет. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше, кезекшi фельдшер медициналық жәрдем көрсетуге мiндеттi (N 5 қосымша). Жедел медициналық жәрдем шақырту, оның шақырғаннан кейiн келген уақыты және медициналық айықтырғышта көрсетiлген көмегi туралы медициналық журналға жазылады (N 6 қосымша). 

      7. Егер айықтырғышқа жеткiзiлген адамға берiлетiн медициналық қайшы дәйектеме болмаса, фельдшер iшiмдiкке мас болу мөлшерiн анықтайды және осы адамды айықтырғышқа орналастыру мүмкiндiгi жөнiнде шешiм қабылдайды және ол жөнiнде кезекшi инспекторға баяндайды. 

      8. Мас болу мөлшерiн өз қалауы бойынша жазғызу мақсатында фельдшерге қысым жасауға ешкiмнiң құқығы жоқ. Аудандық, қалалық органның оперативтiк - басшы құрамының нұсқауы медициналық айықтырғышқа орналастыруға негiз бола алмайды. 

      9. Егер қажет болса медициналық тексеруден өткеннен кейiн, фельдшер медициналық айықтырғыш қызметкерлерiмен бiрiге отырып, жеткiзiлген адамды санитарлық тазалықтар өткiзедi, оған педикулездi анықтау негiзiнде адамның заттарына дезинфекция жүргiзу және адамның денесiн ысқылау жатады. Санитарлық тазалау үшiн тек қана жылы су пайдаланады. Санитарлық тазалау жүргiзiлгеннен кейiн, жеткiзiлген адамдар палаталарға апарылады, кереуеттерге орналастырылып, жоғары тыныс жолдары асфиксиясын құсықпен профилактикалау мақсатында бiр бүйрiне қарай жатқызылады. 

      10. Медициналық айықтырғыштың фельдшерi мен кезекшi полиция қызметкерi өзiн-өзi өлтiру жағдайларын болдырмау мақсатында ұдайы палаталарды аралап, айықтырылып жатқан адамдардың көңiл-күйiн тексередi, ал қажет болса, медициналық көмек көрсетедi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      11. Медициналық көмек көрсеткенi жөнiнде фельдшер медициналық журналға жазып, айықтырылушы адамның тексергенге дейiнгi және одан кейiнгi көңiл-күйін баяндап, тексерген уақытын көрсетедi және аурудың басты белгiсi (сиптомы) көрсетiлген алғашқы диагноз қойылады. 

      12. Айықтырылушы азаматтардың iшiнде сотқарлық және бұзақылық жасағандар болса, олардың аяқ-қолдарын және кеудесiн жұмсақ таңғыштармен (енi 50-60 мм брезент немесе былғары белдiктермен) кереуетке етпетiнен жатқызып, байлау арқылы күшпен көндiру шараларын қолданады. 
      Денсаулыққа зиян келтiретiн арқанмен, кендiр жiппен байлауға, сондай-ақ суық сумен құюға тыйым салынады. 
      Байлап қою уақыты бiр сағаттан аспауға тиiс және мiндеттi түрде ол адам фельдшердiң бақылауында болуы қажет. Мұндай адамдарды көндiру мүмкiн болмаса, жедел медициналық жәрдемнiң психиатриялық бригадасы шақырылады және осыдан кейiн оларды медициналық айықтырғышта қалдыру жөнiндегi мәселе қаралады. 

      13. <*>
      Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      14. Айықтырылған азаматтардың iшiнде iшiмдiк iшiп мас болғандар, айқын бiлiнетiн абстиненциясы барлар, депрессиялық жағдайға түскендерi, соматикалық ауруы барлар болмаса, онда фельдшер медициналық айықтырғыштың кезекшi инспекторына бұл адамдарды шығару туралы баяндайды. Медициналық айықтырғышқа екi немесе одан да көп рет түсiп әрi емделгендер туралы фельдшер профилактика жөнiндегi инспектормен бiрiге отырып, наркодиспансерлердi құлақтандырады. Егер мүмкiндiк болса, медициналық айықтырғышта емделген адамдарды шығарған кезде үйлерiне туыс адамдарымен бiрге қайтару жағы ескерiледi. Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды және қаладан тыс тұратындарды шығару мекеменiң, қалалық IIБ бастығымен келiсiледi. 

      15. Медициналық айықтырғыштың денсаулық пунктi (N 7 қосымша) медициналық құрал-жабдықтармен, құрал-саймандармен (N 8 қосымша) және дәрi-дәрмектiң қажеттi мөлшерiмен (N 9 қосымша) қамтамасыз етiледi. Күштi әсер етушi дәрi-дәрмектер металл сейфте сақталады. Медициналық айықтырғыштың аға фельдшерi тәулiк сайын шұғыл медициналық көмек көрсетiлетiн сумканы (чемодан) тексерiп, оны дәрi-дәрмектермен толтырып отырады, сондай-ақ арнаулы автомашиналардағы дәрi-дәрмек қобдишасын да толтырып отырады. 

      16. Медициналық айықтырғыштың аға фельдшерi, ол жоқ болса, кезекшi фельдшер арнаулы автомашина экипажының мүшелерiне апта сайын iшiмдiктен (есiрткiден) мас болғандардың iшiндегi жарақаттанғандарға, соматикалық аурулары бар және уланғандарға, iшiмдiктен мас болғандармен симптоматикасы бiрдей жағдайдағы адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ медициналық айықтырғышқа адамдарды жеткiзу тәртiбi және олардың арнаулы автомашиналардағы өлу жағдайларын болдырмау туралы нұсқаулық жүргiзедi. 

Нұсқаулыққа N 1 қосымша

               Iшiмдiктен мас болу әсерiнен ең жиi 
         кездесетiн және дифференциалды диагностика 
           жүргiзудi талап ететiн зақымданулар мен 
                       аурулар түрлерi 

      Адамның iшiмдiктен мас болғанын анықтау көп жағдайда қиындық туғызбайды, бiрақ оның астарында аурудың ауыр түрлерi мен жарақаттар iздерi жасырын жатуы мүмкiн. Сондықтан денсаулығына қауiп төндiретiн белгiлердi анықтау үшiн, ұсталған әр адамға мұқият тексеру жүргiзу қажет. 

                           Бас жарақаттары 

      Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген әрбiр адамның, ең бiрiншi кезекте, басын мұқият тексеру керек. Егер бас терiсiнiң зақымданған жерлерi болса, ол жердiң шашын қысқа етiп қиып, жараның аузына алғашқы өңдеу жүргiзiледi. Ми шайқалған кезде сыртқы белгiлерi болмайтындығын ескеру қажет. Iшкi бас сүйегiнiң жарақаты бар күмәндi адамдарды медициналық айықтырғышқа жеткiзгенде абайлап зембiлмен тасымалдау қажет. 

                     Ми зақымдары мен оның шайқалуы 

      Мидың зақымдануы мен шайқалуының күрделiлiгiне қарай, адамның, бiрнеше минуттан немесе бiрнеше сағаттан бiрнеше тәулiкке дейiн ойынан алжасуы немесе есiнен тануы байқалады, ол қайталама құсумен, тамыр соғуының төмендеуiнен, бiрқалыпсыз тыныс алуымен, артериялық қысымының жоғарылауымен, көз қарашығының тарылуымен, олардың жарықты сезу реакциясының жоғалуымен немесе төмендеуiмен, анизокория, нистагм, менингиттiк белгiлерiмен (жеке бұлшық етiнiң ригидтiлiгi), Бабинскийдiң, Опенгеймнiң, Россиоимоның паталогиялық рефлекстерiмен жүредi. 

                  Бас сүйегiнiң жарылуы мен сынуы және 
                  ми қабығының астына қан құйылуы 

      Бас сүйегiнiң сынғандығын дәлелдейтiн диагностикалық критерийлер - құлағынан қан ағуы, мұрнынан сирек қан ағуы (ұйыған қан, сарсу) болып табылады. Кейiнiрек кеңсiрiгi мен көз ұясында гематома пайда болады ("көзiлдiрiк" белгiсi). 
      Бас сүйегi төбесiнiң сынуы кезiнде, жарақаттанғаннан кейiн бiрнеше сағаттан соң, мидың жаншылу көрiнiстерi байқала бастайды, бастың сынып ауыруы, баяу және қиындай түскен тамыр соғуы, кейде гемипарез де болуы мүмкiн. Адамның санасы қарауытып, одан кейiн кома күйiне түсетiн сопор үдей түсiп, оның ақыры өлiммен аяқталады. Субарахноидтi қан құйылу кездерiнде адамның кенеттен басы ауырады, құсады, есiнен танып қалады, желке бұлшық етiнiң ригидтiлiгi, патологиялық рефлекстер, дене қызуының көтерiлуi байқалады. 
      Әдетте мұндай аурулар кенеттен, нервтiк күйзелiстен, физикалық салмақ түсуден пайда болады және әсiресе жасы үлкен адамдарда болады. Ауру соққы тигендей құлайды, есiнен танады, сыртқы тiтiркендiргiштердi де, сондай-ақ күштi ауру белгiлерiн де сезiнбейдi. Аурудың бетi көкшiл қып-қызыл реңге түсiп, тыныс алуы қиындайды және кеудесi қырылдайды, тамыр соғуы ауырлап сирей бастайды. Құсады, ерiксiз несеп жүредi (сирек дефекация). Бұл ауру мынадай ошақтық белгiлерiмен сипатталады: қан құйылу жағындағы көз қарашығының ұлғаюы, "парус" белгiсi - сол ауру жағындағы ауыз бұлшық етiнiң гипотониясы, демалған кезде бiлiнедi; қан құйылу жағына қарама-қарсы дене бөлiгiндегi аяқ-қолдары бұлшық еттерiнiң атониясы (көтерiлген қолы сылқ етiп құлайды) Бабинский, Оппенгейм, Россолимо, патологиялық рефлекстерi. 

                      Iшкi органдар жарақаттары 

      Iшiмдiктен мас болғандардың ауырған жерiн сезу қабiлетi төмендейдi де, егер ол жердiң терiсi зақымданбаса, жарақаттары дер кезiнде анықталмай қалуы мүмкiн. Сондықтан айықтырылуға жатқызылған адамдарды мұқият түрде сыртқы тексеруден өткiзу қажет. Киiмдерiн шешiндiрген соң, мұқият түрде адамның iшiн, кеуде клеткасын, аяқ-қолдарын қарау керек. Iштен қан кету кезiнде, iшкi органдардың үзiлуi салдарынан аурудың бет-пiшiнi кенеттен бозарып, әлсiздiк пайда болады тамыр соғуы жиiлеп әрi әлсiрей бастайды, тыныс алуы нашарлайды, құрсақ бұлшық еттерi қатаяды. 

                           Миокард инфарктi 

      Ауру кеуде жақтан басталып, адамның қолдарына, иықтарына және жауырындарына берiледi. Егер ұсталған адам есi бар кезде жүрек пен кеуде тұсындағы аурулар мазасын алатынын айтса, миокард инфарктiнiң болу мүмкiндiгiнен сақтану қажет. 
      Анықталмаған миакард инфарктi одан әрi коллапс (есiнен тану, кенеттен бозару, әлсiреу, жиi тамыр соғуын, артериялық қысымның бiрден төмендеуiн, жүректiң баяу соғуын) тудырады. Спирттi iшiмдiктердiң кiшкентай мөлшерiн ғана iшкен кейбiр адамдарда миокард инфарктi пайда болады, олар мұндай кезде, iшiмдiктен күштi мас болған адамға ұқсайды. 
      Сондықтан егер ауру адамда, миокард инфарктi бар екендiгi күдiктелсе, оған нитроглицерин беру қажет, жедел медициналық жәрдемнiң кардиологиялық бригадасын шақыру және ол келгенше ауруды жансыздандыратын дәрi-дәрмек беру. 

                            Комалық күйлер 

      Диабеттiк кома қант диабетiмен ауыратын адамдарда пайда болады. Оның белгiлерi: аузынан ацетон иiсiнiң шығуы, терең және шулы тыныс алуы, терiсi бозарған, құрғақ, суық, ернi мен тiлi құрғаған, бет-пiшiнi сүйiрленген. 
      Уремиялық кома бүйрек қызметi бұзылған кезде пайда болады. Оның белгiлерi: ауыздан аммиак тәрiздес иiстiң шығуы, құрғақ терi, көз қарашығының кiшiреюi, дене бұлшық еттерiнiң тартылуы. 
      Бауыр комасы бауыр циррозы ауруы кезiнде байқалады. Белгiлерi: ауыздан шiрiген жапырақтардың иiсi тәрiздi иiстiң шығуы, терi қабатының сарғаюы, қан аралас құсуы. Әртүрлi есiрткiлiк заттармен улануы. Морфиймен, морфий тәрiздi дәрi-дәрмектермен (опий, кодеин, диоцин және т.б.) улануы. 
      Есiрткiнiң улағыш мөлшерiн қабылдағаннан кейiн аз уақыт қозу процесi жүредi, ол сопорға айналады және әрi қарай кома күйiне түседi, бұл жағдайдың бәрiне тән белгiлерi: аурудың тым сирек тыныс алуы, кейде Чейм-Стокс типтес мерзiмдi тыныс алуы (паузадан кейiн бiрiншi әлсiз, одан кейiн тым ауыр, бiресе басылып қалатын, қайтадан паузамен дем алулар) және көз қарашықтарының кенеттен кiшiреюi. Кiлегейлi қабықтары мен терiсi көгерiп, кейде терiде бөрту пайда болады. Аузынан iшiмдiктiң иiсi сезiлмейдi. 

       Ганишпен (нашамен, "планмен", марихуанамен) улану 

      Кейбiр жағдайларда гашиштi пайдалану спирттi iшiмдiктердi пайдаланғанмен бiрдей болады. Ауыздан iшiмдiктiң иiсi шығады. Есiрткiге мас болу эйфориямен, есерленумен, тәбетiнiң күшеюiмен кейде жыныстық жағынан өз-өзiне ие болмаушылық және қоршаған ортаны терiс қабылдаушылық сияқты ерекшелiктермен сипатталады. Бұдан әрi адамның өзiне өзi көңiлi толмай үрейленiп мазасыз күйге түседi, жүрек қағысы жиiлеп, суық тер, әлсiздiк пайда болып, қимыл-қозғалыстары бұзылып, ұйқысы келедi. Ақыл-есi өзгеруiмен, бағыттан адасуымен, психомоторлық қозумен бейнеленетiн ауыр психотикалық өзгерiске түсу орын алуы мүмкiн. 

             Ұйықтататын дәрiлермен улану (барбитур 
        қышқылынан және басқа қышқылдардан өндiрiлген

      Барбитурадан мас болу моториканың кенеттен бұзылуымен сипатталады, яғни тәлтiректеп басу, түсiнiксiз, күмiлжiп сөйлеу. 
      Барбитуралық интоксикация өршiген сайын, мас адамның ақыл-есi жоғалып, морфинмен уланған сияқты сопор, одан кейiн кома күйiне түседi (көз қарашығының кiшiреюi, тыныс алуының сиреуi, сiлекейiнiң қатты шұбыруы, тiлiнiң тартылуы). 

         Атропинмен, циклодолмен және басқа антропин тәрiздi 
            заттармен улану (астматолды шегу немесе 
             оны спирттi iшiмдiктерге араластыру

      Осы дәрi-дәрмектердi қабылдағаннан кейiн, 10-12 минуттан соң, кенеттен тыныстық қозу және сөзшеңдiк пайда болады (мас адам мағынасыз жеке сөздердi айғайлап айтады, бiрнәрсенi iздеп, жоқ жәндiктердi аулайды; қимылдары жүйесiз). Морфинмен және ұйықтатын дәрiлермен уланғаннан айырмашылығы, көз қарашықтары жарықты сезбейдi, терiсi құрғақ, қызыл түстi, ыстық, кiлегейлi қабықтары құрғақ, ерiндерi қабыршақтанған. Тыныс алуы, тамыр соғуы жиiленген, бiр минут iшiнде 120 рет соғады. Қоршаған ортасында бағыт-бағдар жасай алмайды, сұрақтарға жауап бермейдi, тексеру кезiнде қарсылық бiлдiредi. 
      Осы айтылған есiрткiге мас болу сипаттамалары айықтырғышқа орналасқаннан кейiн бiраз уақыттан соң өрши түсуi мүмкiн. Сондықтан кезекшi фельдшер есiрткiден мас болған күйде медициналық айықтырғышқа түскендердi қайталап қарап шығуы тиiс, өйткенi қозудың артынан кома күйiне түсуi мүмкiн, осындай кезде оған тынысы мен жүрек қызметiн жақсартатын дәрi-дәрмектер беру керек. 

                         Ерекше күйлер 

      Қояншық ауруымен ауырғандарды, басына күн өткендердi, мидағы қан айналысының қысқа мерзiмдi бұзылуымен ауырғандарды iшiмдiктен мас болған адамдарға теңеуге болады. Мұндай күйлердi анықтау үшiн, ауыздан шығатын алкогольдiң иiсi фельдшердi бағытынан адастырмауы тиiс. Ал, бұл аурулардың клиникалық жай күйi жүрек-қан тамыры жүйесiнiң бұзылу белгiлерi: тамырының жиi соғуымен, кейде жүректiң ырғақты қимылының бұзылуымен, артериялық қысымның төмендеуiмен, үстiртiн тыныс алуымен және т.б. сипатталады. 

Нұсқаулыққа N 2 қосымша

                   Iшiмдiктен мас болу дәрежелерiнiң 
                     клиникалық ерекшелiктерi 

      Мас болудың жеңiл дәрежесi терi қабаттарының гиперемиясымен тыныс алуы мен тамыр соғуының жиiлiгiмен, сөзшеңдiгiмен сипатталады. Дауысы қатты шығып, қимыл-қозғалыстары шұғыл және қарқынды болып кетедi. Көңiлi бiр нәрсеге тез аударылады, ойлау жылдамдығы арта түседi, iс-әрекетiнде тиянақсыздық, шала-шарпылық пайда болады. Қимыл-қозғалысындағы белсендiлiктiң артуымен қатар жеңiл координациялық қозғалыстарының бұзылуы байқалады. Мас болудың жеңiл дәрежесiнде эмоциялық күй өзгермелi болады. Адамның көңiлденуi мәнсiз себептердiң әсерiнен тууы және оның тез арада ашулануы, өкпелеуi мүмкiн, ал бұдан кейiн қайтадан бастапқы қалпына түседi. 
      Мас болғаннан бастап, әртүрлi мерзiмнен кейiн көтерiңкi көңiл күйi бiртiндеп енжарлықпен, немқұрайдылықпен ауысады. Белсендi қимыл-қозғалысы ендi әлсiздiкке көшедi, ойлау өрiсi де тым бәсеңси түседi. Шаршағандық белгiсi өршiп, ұйықтағысы келедi. Мас болудың жеңiл дәрежесiнен кейiн осы кезеңдi басынан өткiзгенi туралы адамның есiнде сақталады. 
      Мас болудың орташа дәрежесi тәртiбiнiң тым дөрекi өзгерiстерiмен сипатталады. Қимылдары сенiмсiз. Қарапайым координациялық қозғалыстар жасау мүмкiндiгi төмендейдi. Есту органдарының дыбысты естiмеу сезiмi артатындықтан, сөйлеген сөзi түсiнiксiз болып және қаттырақ шығады. Ассоциативтi процестiң баяндауы қиын сөздi тауып айтуға немесе басқаша етiп айтуға мүмкiндiк бермейдi. Бiрнәрсе туралы жиi қайталап айта бастайды. Бiрнәрсенi түсiнуi қиындап, ал оның мазмұны бiрсарынды болып келедi. Назарын аударуы бәсеңдейдi және ол тек бiр нәрсе қатты тiтiркендiру әсерiнен ғана болады. Өзiнiң және айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына сын көзбен қарау қабiлетi кенеттен төмендейдi. Бұл түрлi жанжалдардың тууына әкелiп соғады, мас адамның жеке басын асыра бағалауымен, сондай-ақ бiр нәрсеге деген әуестiгi мен талабының тез артуы, олардың жүзеге асуымен күшейедi. Мас болу дәрежесiнiң күшеюiне байланысты адамның тәртiбi одан әрi кездейсоқ, үзiк түсiнiктермен, әсерлермен сипатталады. Мас болған адам ендi терең ұйқыға кетедi. Жаңа болған, өтiп кеткен оқиғалар туралы естелiгi күңгiрт. 
      Мас болудың ауыр дәрежесi мас болған адамның қоршаған ортадағы бағыт-бағдарының дөрекi бұзылуымен бiлiнедi. Қойылған сұрақтың мағынасын түсiнбей, сөздерi үзiк-үзiк болады. Өз бетiмен жүре алмайды. Терi беттерi бозғыл, ылғалды, суық болады. Қарашықтары
кеңейiп, жарықты нашар сезiнедi. Тамыр соғуы жиiлеп әлсiз соғады, артериялық қысымы төмендейдi. Дем алысы үстiрт, ақырын. Ауру және температуралық тiтiркендiргiштерге реакциясы төмендейдi. Интоксикацияның өсуiне қарай сопор одан кейiн кома күйiне түсуi мүмкiн.

                                           Нұсқаулыққа N 3 қосымша

                 Алкогольге мас болу дәрежелерiнiң
                  дифференциалдық белгiлерiнiң
                            КЕСТЕСI

___________________________________________________________________
Белгiлер тiзiмi  |  Жеңiл   |  Орташа    |    Ауыр     |   Кома
____________________________________________________________________
          1             2           3            4            5
____________________________________________________________________
1. Ақыл-есi        бұзылмаған  бұзылмаған  орташа дәреже. терең дәре
                                           де есеңгiреу   жедегi
                                                          есеңгiреу
2. Назар аударуы   еркiн ау.   назар ау.   назар          байланысқа
                   дарады      даруы қиын  аудармайды     түсу мүм.
                                                          кiн емес
3. Айтқан сөзi     айқын       түсiнiксiз. мiңгiрлеу      үндемейдi
                               деу         жекелеген
                                           сөздердi
                                           айқайлау
4. Мiнез құлқы     жындану     қозу        күйзелу,       еш нәрсеге
                                           ұйқы басу      қатысы жоқ
5. Көз қарашығы    қалыпты     ұлғайған    айтарлықтай    барынша
                                           ұлғайған       ұлғайған
                                           жарыққа        немесе ба.
                                           селқос жауап  рынша жарық
                                           қайтарады      қа әлсiз
                                                          жауап
                                                          қайтарады
6. Нистагм         жоқ         жоқ         жеңiл түрде    айқын
                                                          байқалған
7. Ауырсыну        айқын       әлсiреген   айтарлықтай    жоқ
   реакциясы                               әлсiреген
8. Мүсетiр спир.   айқын       бiршама     айтарлықтай    жоқ
   тiне реак-сы                әлсiреген   әлсiреген
9. Сiңiр           қалыптағы.  бiршама     айтарлықтай    толығымен
   рефлекстерi     дай         төмендеген  төмендеген     жоқ
10. Бұлшық ет      қалыптағы.  жоғарылаған төмендеген     гипотония
    тонусы         дай
11. Қимыл-қозға.   аз ғана     айқын       терең бұзылған енжар
    лыс коорди.    бұзылған    бұзылған    аяқтарына      жату
    нациясы                                басып тұра
                                           алмайды
Координациялық    дәл орын.   өрескел     орындамайды    енжар
сынау (фигура.    дамайды     бұзып                      жату
лар сызу,                     орындайды
түймесiн салу,
еденнен тиын,
сiрiңке алу,
Ромберг позасы
12. Терi бетi      гиперемия.  айқын гипе. бозарған,      цианозды
                   ланған      ремия неме. ылғалданған    реңде
                               се бозарған салқын         гиперемия.
                                                          ланған
                                                          немесе
                                                          бозарған,
                                                          салқын
13. Тамыр соғуы    жиiлеген    айтарлықтай жиi, соғуы    айтарлықтай
                               жиiлеген    әлсiз          жиiлеген,
                                                          кернеулi
14. Тыныс алуы     бiршама     жиiлеген    әлсiз,         әлсiреген,
                   жиiлеген                үстiртiн       үстiртiн
                                           баяулаған     немесе ашық
                                           қырылдаған    үндi, қырыл
                                                         даған
15. Сiлекей        ешқандай    бiршама     айтарлықтай    ауыздан
    бөлiну         ерекшелiгi  күшейген    күшейген       көбiк ағу
                   жоқ
16. Ықылық атуы    жоқ         мүмкiн      айқын         байқалмайды
                                           байқалады
17. Лоқсуы, құсуы  жоқ         мүмкiн      байқалады      жиi болады
18. Еркiнен тыс    жоқ         өте сирек   байқалады      байқалады
    зәр бөлiну                 байқалады                  нәжiс бө.
                                                          луi де
                                                          мүмкiн

  Нұсқаулыққа N 4 қосымша

Алкогольдiк абстиненттiк (мастықтың салдарынан
болатын) синдром. Алкогольдiк психоздар

     Алкогольдiк абстиненттiк (мастықтың салдарынан болатын) синдром вазомоторлық және вегетативтiк зақымданулармен сипатталады. Қатты бас ауруы, бас айналуы, әлсiздiк, дел-салдық, бұлшық еттердiң ауруы, азапты шөл қысу, ауызда жағымсыз дәм пайда болуы, тершеңдiк, қалтырау, барлық дененiң дiрiлдеуi, жүрек тұсының ауруы, жүрек қағысының жиiлеуi байқалды.
     Созылмалы алкоголизмнiң негiзгi белгiлерiнiң бiрi болып табылатын мастықтың салдарынан болатын синдромның өте ауыр түрлерiнде вегетативтiк зақымдану жағдайындағы эмоционалдық қажу белгiлерi (ширығу, жабығу, ашуланшақтық, өштестiк) пайда болады. Кейбiр кездерде қамығу, шарасыздану сезiмi бар жабырқаулы көңiл-күйі, кей реттерде өзiне-өзi қол жұмсауға ниеттiлiгi бiрiншi кезекте көрiнедi.
     Мастықтың салдарынан болатын синдромдар симптоматикасы тереңдеген сайын жайсыз түстер көрiп, ұйқының бұзылуы, қорқыныш сезiмi, үрейлену, елестеушiлiк (галлюцинация), басталып келе жатқан маскүнемдiк елiрменiң белгiлерi байқалады.
     Алкогольдiк психоздар маскүнемдiктiң II және III сатыларында пайда болады. Қатты маскүнемдiк психоздар маскүнемдiк елiрме, алкогольдiк елестеушiлiк (галлюцинациялар), алкогольдiк параноил жатады.
     Iс жүзiнде тұрған жерiндегi бағдарынан, уақыттан, қоршаған ортадан адасу, көзiне қорқынышты елестер көрiну, жалпы психомоторлық қозумен сипатталатын маскүнемдiк елiрме жиi кездеседi.
     Психоздың бастапқы сатысында жалпы бағдарлай алушылық сақталғанымен бағдардың егжей-тегжейiн бiлушiлiк жойылады, бiрнәрсеге қатты сенушiлiк симптомдары, ұйқының бұзылуы, үзiк-үзiк елестер, есту және тактильдiк галлюцинациялар (елестер) бұлдыр қиял, сандырақ ойлар, ақыл-естiң алжасуы, сасқалақтық күй байқалады. 
     Маскүнемдiк елiрменiң дамыған сатысында - ақыл-естiң көмескiленуi пайда болады.
     Бұл психикалық күйдiң ауыр жағдайларында адам есiнен тануы мүмкiн, сол себептi жарақаттанудың алдын алу шаралары қарастырылуы қажет.

Нұсқаулыққа N 5 қосымша

                     Қатты алкогольдiк улану кезiндегi 
                         дәрiгерлiк көмек 

     Қатты алкогольдiк улану кезiнде, ең бiрiншi кезекте асқазанды шаю керек. Егер айықтырғышқа түскен адам есiн бiлетiн болса және оның өмiрiне қауiптi ауруы жоқ екендiгi анықталса, оған 1-1,5 литр жылы су iшкiзiп, көмекейдi тiтiркендiру арқылы құсқызу және бұл қимыл құсық массаларынан спирт иiсi кеткенге дейiн қайталанады. 
      Егер мастық жағдайы айықтырылушыға керектi су мөлшерiн iшуiне кедергi жасаса, асқазанды шаю зонд арқылы iске асырылады, бiрақ жөтелу және құсу рефлекстерi болмаса, құсық массаларының тыныс жолдарына түсiп кету қауiптi болғандықтан бұл iс-әрекет жасалынбайды. 
      Сiлтiлеу мақсатында әрбiр 15-20 минут сайын 0,5 граммнан бiр сағат көлемiнде ас содасы берiледi. Жүрек-қан тамырлар жүйесiнiң қызметi мен тыныс алуды жақсарту үшiн кофеин, камфора, кордиамин, лобелин, цититон, эфедрин (2 мл-ден) инъекциялары жасалынып, оттегi, мүсәтір спиртi иiскетiледi. Ауыр жағдайларда көк тамырға 10-15 мл 0,5%-тiк унитиол ерiтiндiсi, 1 мл, 1%-тiк мезатон ерiтiндiсi, 1 мл 0,1%-тiк адреналин ерiтiндiсi енгiзiледi. 
      Терең наркоздық ұйқы кезiнде (мастанудың ауыр дәрежесiнде) тiлдiң көмекейдi бiтеп қалуы мүмкiн, сол себептi әртүрлi ауыр зардаптардың алдын алу үшiн тыныс жолдарына ауа өткiзгiш енгiзу қажет. 
      Наркоздық ұйқы сопор немесе комаға ұласуы мүмкiн. Мұндай жағдай пайда болған кезде шұғыл көмек көрсетiлуi қажет. 
      Ауруды горизонтальды күйде, аяғын биiктетiп жатқызады: оның денесiн жылыту қажет (көрпе, жылытқыш қою). Оттегi берiледi, тыныс алу мен жүрек-қан тамырлар жүйесiнiң қызметiн қуаттандырғыш дәрiлер берiледi. 
      Егер жүрекқан тамырлар қызметiнiң жетiмсiздiгi ұлғая берсе (шырышты қабықтардың көгеруi, тамырдың әлсiз соғуы, жүрек сазы, тыныс алудың әлсiреуi, аяқ-қол бұлшық еттерiнiң сiресе дiрiлдеуi (тартылуы)) жоғарыда аталған дәрiлерден басқа жүрек гликозидтерi енгiзiледi (0,5 мл 0,05% строфантин ерiтiндiсiн 20 мл 40% глюкоза ерiтiндiсiмен бiрге қосып, баяу көк тамырға енгiзедi). 
      Ми инсультіне күдiк болса ауруға тиыштық беру қажет, көктамырдан баяу эуфиллин (10 мл. 2,4%-тiк ерiтiндiсiн 20 мл. 40%-тiк глюкоза ерiтiндiсiмен қосып енгiзiледi, басына мұз басады. 
      Ұстамалы сiресулер кезiнде аурудың басын соққыдан сақтау қажет. Ол үшiн оның басына жастық немесе көрпе жастық ұстап отыру керек. Тiлiн тiстеп қалмас үшiн ауру адамның тiстерiнiң арасына дәкеге оралған штапель не қасық немесе ауыз кергiш салынады.
      Ұстамасы қайтқан соң бұлшық ет арасына 10 мл 25%-тiк күкiртқышқыл магнезий енгiзедi, немесе 15-20 мл мл 6%-тiк хлоралгидрит ерiтiндiсiнен клизма жасайды.
      Ауыр өтетiн қатты алкогольдiк улану және жиi қайталанатын ұстамалы сiресулердiң барлық жағдайларында жедел медициналық жәрдем шақырылуы тиiс. Бұл психикалық күйдiң ауыр жағдайларында адамның естен тануы мүмкiн, сол себептi жарақаттанудың алдын алу шаралары қарастырылуы қажет. 

                                            Нұсқаулыққа N 6 қосымша 

                      МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖУРНАЛ
 

                                              Инв. N_______________

     199__ жылдың "____"______________ басталды
     199__ жылдың "____"______________ аяқталды

     1. Реттiк нөмiрi
     _______________________________________________________________
     2. Қамалған адамның аты-жөнi
     _______________________________________________________________
     3. Жағдайы
     _______________________________________________________________
     4. Дәрiгерлiк көмек
     _______________________________________________________________
     5.  Жедел жәрдемнiң шақырылу және келу
         уақыты, бригада N
     _______________________________________________________________
     6. Денсаулық сақтау органы қызметкерлерiнiң
        мед. айықтырғышта ұстау мүмкiндiгi
        туралы белгi
     _______________________________________________________________
     7. Жедел жәрдем қызметкерлерiнiң
        көрсеткен медициналық көмегi
     _______________________________________________________________
     8. Қайта және кiм госпитальге
        жатқызды (жолдады)
     _______________________________________________________________
     9. Денсаулық сақтау органдары
        мекемелерiнде қойылған диагноз
     _______________________________________________________________
     10. Мед.айықтырғыштағы кезекшi
         фельдшердiң аты-жөнi, қолы
     _______________________________________________________________
     11. Шығарылған кездегi фельдшердiң
         қорытындысы
     _______________________________________________________________
     Ескерту: Кезекшiлiктiң соңында кезекшi-фельдшер жұмыс
              қорытындысын жасайды, осы журналға тиiстi
              жазбалар түсiрiп мынадай форма бойынша қол қояды: 

     Кезекшiлiктi тапсырдым ____________________
     Кезекшiлiктi қабылдадым ___________________ 

Нұсқаулыққа N 7 қосымша 

               Медициналық айықтырғыштың фельдшерлiк
                       емдеу пунктi туралы
                            ЕРЕЖЕ

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "ІІББ, ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

                           І. Жалпы ережелер

       1. "Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы"  заңды жетекшiлiкке ала отырып, медициналық айықтырғыштағы фельдшерлiк емдеу пунктi, оның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және айықтырылуға жеткiзiлген азаматтарға медициналық жәрдем көрсетуге арналған; ол өз қызметiнде денсаулық қорғау туралы қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, ІІД бұйрықтарын, нұсқауларын және сiлтемелерiн жетекшiлiкке алады. 
 

      2. Емдеу пунктiнiң жұмысын медициналық айықтырғыштың бастығына тiкелей бағынатын, ал емдеу-профилактикалық, санитарлық және iндетке қарсы жұмыстар мәселесi бойынша - IIМ, ІІД медициналық басқармасының (бөлiмiнiң, қызметiнiң) бастығына бағынатын, аға фельдшер басқарады.

      3. Емдеу пунктi өз жұмысын дара басшылық, әрбiр қызметкердiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн және жұмыс уақытының кестесiн орындауына жеке жауапкершiлiгi негiзiнде ұйымдастырады. 
      Негiзгi мiндеттерi: 
      - айықтырылуға жеткiзiлген азаматтарға дәрiгерлiк-санитарлық қызмет көрсетедi; 
      - алкогольдiк мастанудың дәрежелерiн анықтау; 
      - денсаулық сақтау органдарының мекемелерiмен, әлеуметтiк және iндеттiк маңызы бар аурулармен күрес жүргiзуде өзара iстестiк арақатынас жасау; 
      - медициналық айықтырғыштың жеке құрамы және айықтырылуда жүрген азаматтар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу. 

                          II. Жұмысын ұйымдастыруы 

      5. Емдеу пунктi қызметiнiң негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрықтары, нұсқаулары, IIМ, ІІД, медициналық басқармасының (бөлiмiнiң, қызметiнiң) нұсқаулары, қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң осы Ережеде көзделген мiндеттер мен функцияларға сәйкес бұйрықтарымен анықталынады. 
 

      6. Емдеу пунктi жұмысының ұйымдастырылуы медициналық көмектiң қолайлығы және өз уақтылығы принципiне негiзделедi. Алкогольдiк мас болу дәрежесiн анықтау үшiн медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдарға куәландыру жүргiзiледi және айықтырылуға ұстау мүмкiндiгi жөнiнде жазбаша қорытынды берiледi.

      7. Емдеу пунктiнде жұмыс жоспары мен тәртiбi, әрбiр медициналық қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерi, олардың жұмыс кестесi, есеп жүргiзу құжаттары, соның iшiнде улы, күштi әсер заттар мен спирт есебiн жүргiзу журналдары болуы тиiс (N 13 және 14 қосымша). 

                        III. Қызметтiк мiндеттерi 

       8. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес фельдшерлiк емдеу пунктiне мыналар жүктелiнген: 
      - мед. айықтырғышқа әкелiнген адамдардың алкогольдiк мас болу жағдайын және оның дәрежелерiн анықтау; 
      - жеткiзiлген азаматтарды айықтырылуда ұстау мүмкiндiгi жөнiнде қорытынды шығару; 
      - емдеу пунктi қызметкерлерiнiң кәсiптiк дайындығын көтерудi ұйымдастыру, медициналық айықтырғышты санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердiң орындалуына бақылау жасау; 
      - еңбектi ғылыми ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсетудiң қазiргi заманғы формаларын жалпыластыру мен енгiзу; 
      - медициналық айықтырғыштың жеке құрамы және айықтырылуға жеткiзiлген азаматтар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргiзу;
      - медициналық айықтырғыштың емдеу пунктi үшiн дәрi-дәрмектерiн, керек-жарақтар мен аспаптардың қажеттiлiгi есебiн жасау; 
      - медициналық жабдықтау органдары мен жергiлiктi мекемелерiне өз уақытында қажеттi тапсырыстар беру, тапсырылған заттардың алынуы мен оларға есеп жүргiзу, сақтау және берудiң белгiленген ережелерiнiң сақталынуын қамтамасыз ету; 
      - емдеу пунктiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамыту. 

                                           Нұсқаулыққа N 8 қосымша

                    Медициналық айықтырғыштың емдеу 
              пунктiндегi құрал-жабдықтар мен аспаптар
                             ТIЗБЕСI

____________________________________________________________________
                                | Мед.айықтырғыштағы төсек саны
                                |___________________________________
        Заттардың атауы         |5-10 |11-20|21-30|31-40|41-50|51-60
________________________________|_____|_____|_____|_____|_____|_____
               1                    2    3     4     5     6     7
________________________________|_____|_____|_____|_____|_____|_____
     1. Медициналық шкаф           1     1     2     2     2     2
     2. Улы және күштi әсер        1     1     1     1     1     1
        ететiн дәрi-дәрмектер
        сақтауға арналған сейф
     3. Электр стерильдеушi        1     1     2     2     2     2
     4. Жай стерильдеушi           1     1     2     2     2     2
     5. Үлкен бикс                 1     1     1     1     1     1
     6. Кiшi бикс                  1     1     2     2     2     2
     7. Ауыз кергi                 2     2     3     4     5     6
     8. Тiл ұстағыш                2     2     2     3     3     3
     9. Стетофонендескоп           1     1     1     2     2     3
     10. Шпатель                   4     4     6     8     8    10
     11. Медициналық тонометр      1     1     2     2     2     2
     12. Медициналық термометр     5     5     8     8    10    10
     13. Оттегi жастықтары         2     2     2     3     3     3
     14. Оттегiге арналған         1     1     1     1     1     1
         баллондар
     15. Ауыздан-ауызға ауа        1     2     2     3     3     3
         үрлеу түтiгi
     16. Интубацияға арналған      1     1     1     1     1     1
         үрлеу түтiктерiнiң
         жиынтығы
     17. Трахеотомиялық            1     1     1     1     1     1
         жиынтық
     18. Асқазан зонды             1     2     2     2     2     2
     19. Асқазанды шаюға           1     2     2     2     2     2
         арналған шүмек
     20. Резеңке бұрау             1     2     3     3     3     4
     21. Резеңке қоздырғыштар      3     4     5     8     8    10
     22. Мұзға арналған қабық      2     3     4     5     6     8
     23. Кюветка (астауша)         1     1     2     2     2     3
     24. Науа                      1     2     2     3     3     3
     25. Анатомиялық қысқыш        2     2     2     3     3     4
     26. Хирургиялық қысқыш        2     2     2     3     3     4
     27. Имек қайшылар             2     2     2     3     3     4
     28. Түзу қайшылар             2     2     2     3     3     4
     29. 1,0 бiр реттiк шприц     15    15    26    26    48   110
     30. 2,0 бiр реттiк шприц     13    13    24    25    45    46
     31. 5,0 бiр реттiк шприц     13    13    24    25    46    48
     32. 10,0 бiр реттiк шприц    12    12    23    23    44    44
     33. 20,0 бiр реттiк шприц    12    12    23    23    43    45
     34. Хирургиялық таңғыш        4     6     8    10    12    14
         қалақ
     35. Шылапшындар               3     3     4     5     5     6
     36. Несеп ыдысы               2     3     4     5     8    10
     37. Ағаш төсек                1     1     1     1     1     1
     38. Медициналық зембiлдер     1     1     2     2     2     3
     39. Электр плитасы            1     1     1     1     1     2
     40. Құрғақ ыстық беретiн      1     1     1     1     1     1
         шкаф (инъекцияға
         арналған құралдарды
         сусыз өңдеуге арналған)
     41. Шинкаренко-Мохов          5     10   10    10    10   10
         түтiкшесi
____________________________________________________________________

                                             Нұсқаулыққа N 9 қосымша

                       Медициналық көмек көрсетуге
                     арналған дәрiлiк препараттар
                                ТIЗБЕСI

     _______________________________________________________________
              Дәрiлiк заттардың атаулары         |    Сақталынуы
     ____________________________________________|__________________
                           1                               2
     ____________________________________________|__________________

                       Жүрек-қан тамырларына әсер
                       ететiн дәрiлiк заттар 

     1. Адреналин, 1,0 мл ампуладағы 0,1% ерiтiндi     В тiзiмi
     2. Строфантин К, 1,0 мл ампуладағы 0,05% ер-i     А тiзiмi
     3. Мезатон, 1,0 мл ампуладағы 1% ерiтiндi         В тiзiмi
     4. Кофеин-бензонат натрий 1-2 мл ампуладағы       В тiзiмi
        10-12% ерiтiндi
     5. Эуфиллин, 10 мл ампуладағы 2,4% ерiтiндi       В тiзiмi
                  1 мл ампуладағы 24% ерiтiндi
     6. Кордиамин, 1-2 мл ампулалар                    В тiзiмi
     7. Лазикс, 2-4 мл ампулалар                       В тiзiмi
     8. Камфора, 1-2 мл ампуладағы 20% ерiтiндi        В тiзiмi
     9. Дибазол, 1 мл ампуладағы 1% ерiтiндi           В тiзiмi
                 2 мл ампуладағы 0,5% ерiтiндi
     10. Папаверин, 2 мл ампуладағы 2% ерiтiндi        В тiзiмi
     11. Корвалол 20 мл флаконда                       В тiзiмi
     12. Валидол, 0,06 таблеткалар                     В тiзiмi
                  5 мл флакондағы тамшылар
     13. Нитроглицерин, 5 мл флакондағы 1% ерiтiндi    В тiзiмi
                  0,05 таблеткалар
     14. Баллондардағы немесе КИ-3 аппараты            В тiзiмi
         жастықтарындағы оттегi
     15. Платифиллин, 1 мл ампуладағы 0,2% ерiтiндi    А тiзiмi
     16. Новокаинамид, 54 мл ампуладағы 10% ерiтiндi   А тiзiмi 

              Анальгетиктер және орталық жүйке жүйесiн
                   қуаттандырғыш дәрiлiк заттар

     17. Анальгин 25, 1-2 мл ампуладағы 50% ерiтiндi   В тiзiмi
                      0,5 таблеткалар
     18. Лобелин, 1 мл ампуладағы 1% ерiтiндi          В тiзiмi
     19. Новокаин, 2,0 және 10 мл 0,5% ерiтiндi        В тiзiмi
                   1,0 және 2 мл 1% ерiтiндi
                   1, 2, 5, 10 мл 2% ерiтiндi
     20. Промедол, 1 мл ампуладағы 2% ерiтiндi         А тiзiмi
     21. Цититон, 1 мл ампуладағы 0,15% ерiтiндi       В тiзiмi 

                У қайтарғыш және дезинтоксициялық
                       дәрiлiк заттар

     22. Атропин, 1 мл ампуладағы 0,1% ерiтiндi        А тiзiмi
     23. Глюкоза, 10 және 20 мл ампулалардағы 40%
         ерiтiндi
     24. Натрия тиосульфаты
         10 және 50 мл ампулалардағы 30% ерiтiндi
     25. Унитиол 5 мл ампуладағы 5% ерiтiндi
     26. Хлорлы натрий ампуладағы 10% ерiтiндi 

             Аллергияға қарсы қолданылатын дәрi-дәрмектер

     27. Димедрол, 1 мл ампуладағы 1% ерiтiндi         В тiзiмi
     28. Супрастин, 1 мл ампуладағы 2% ерiтiндi        В тiзiмi
     29. Хлорлы кальций, ампуладағы 10% ерiтiндi

            Бронхиалды демiкпенi басуға арналған дәрi-дәрмектер

     30. Изодрин 0,005 г таблеткалар                   В тiзiмi
     31. Теофедрин (Антасман) таблеткалар              В тiзiмi
     32. Алупент, 1 мл ампуладағы 0,005% ерiтiндi      В тiзiмi 

                Сiресуге қарсы қолданылатын дәрi-дәрмектер

     33. Бензонал, 0,1 г таблеткалар                   В тiзiмi
     34. Күкiртқышқылды магнезия 5-10 мл ампуладағы
         25% ерiтiндi
     35. Хлорогидрат, 250 мл 2-5% ерiтiндi             В тiзiмi

                                Витаминдер

     36. РР витаминi (никотин қышқылы)                 В тiзiмi
         1 мл ампуладағы 1% ерiтiндi
     37. Пиридоксин-хлорид (В6),
         1 мл ампуладағы 1% ерiтiндi 

                            Басқа дәрi-дәрмектер

     38. Бесалол, таблеткалар                          В тiзiмi
     39. Викасол, 7 мл ампуладағы 1% ерiтiндi          В тiзiмi
     40. Инсулин 5 мл флакондарда, 1 мл
         активтiлiгi 40 ә.б.
     41. Мүсәтiр спиртi, 30 мл флаконда
         немесе 1 мл ампулада
     42. Сiреспеге қарсы қолданылатын қан сарысуы 

                         Антисептикалық дәрiлiк-заттар

     43. Жасыл бриллиант, 10 мл флакондағы
         0,1% ерiтiндi
     44. Марганец қышқылды калий 0,1% ерiтiндi
     45. Флакондағы 5% немесе 10%-тiк иод тұнбашасы
     46. Флакондардағы сутегi асқын жотығы, пергидроль,
         таблеткалар
     47. Фурациллин, сыртқы ағзаларға қолдану үшiн
         0,02 г әр бумада 10 данадан
     48. Хлорамин Б (орамда)
     49. Этил спиртi 

                              Орап-таңу жабдықтары

     50. Бинттер
     51. Мақта
     52. Лейкопластырь
     53. Салфеткалар
     54. Бiр бумада 20 г ВФ-6 желiмi

Iшкiiсминiнiң 1996 жылғы
25 қаңтардағы     
N 37 бұйрығы     
N 3 қосымша      

  Қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмi жанындағы
медициналық айықтырғыштың профилактика кабинетiнiң 
жұмысын ұйымдастыру бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ 

      Ескерту: Барлық мәтін бойынша "МАИ" деген аббревиатура "жол полициясы" деген сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

I. Жалпы ережелер 

      1. Медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинеттерi медициналық айықтырғыштар туралы Ережеге сәйкес құрылады. 

      2. Мұндай негiзде маскүнемдiк пен құқық бұзушылықтың алдын-алу - заңдылықты қатаң сақтауға негiзделген, маскүнемдiктiң таралу себептері мен жағдайларын жоюға, оған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқық тәртiбiн сақтауды, қоғам мүдделерiн, азаматтардың құқықтары мен еркiндiгiн қамтамасыз етуге мақсатталған, жоспарлы iс-қимыл болып табылады. 

      3. Профилактикалық қызметтiң мiндеттерi: 
      - спирттiк iшiмдiктер iшуге салынып кеткен, iшiмдiкке қарсы заңның бұзылуына жол беретiн адамдарды анықтау және есепке алу, олармен профилактикалық жұмыс жүргiзу; 
      - маскүнемдiктi, алкоголизмдi жеңуге бағытталған жалпы профилактикалық сипаттағы iс-шаралар өткiзу, маскүнемдiк салдарынан болатын құқық бұзушылықтарды болдырмау, азаматтардың әр түрлi топтары арасында маскүнемдiктiң таралуының себептерi мен жағдайларына талдау жасау; 
      - iшiмдiкке салынып кеткен адамдарды қамқорлыққа алу және олардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн анықтау мәселелерiн шешуге ат салысу; 
      - маскүнемдiк, iшiмдiкке салынушылықты алкоголизм жою мәселелерi бойынша iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк органдар және мекемелермен, қоғамдық құрылымдармен өзара iс-қимылдарын ұйымдастыру; 
      - қызмет ету аумағындағы алкогольдiк-криминогендiк жағдайға байланысты ақпаратты талдау және қорытындылау; 
      - анықтамалық және ақпараттық материалдарды дайындау; 
      - iшiмдiкке қарсы насихат және көрнекi құралдарды дайындау және тарату.

  II. Профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру 

      4. Профилактика кабинетiнiң жұмыс тәртiбi мен күн тәртiбiн қалалық-аудандық органның бастығы немесе оның қызмет бойынша орынбасары белгiлейдi және iшкi iстер органының барлық қызметтерi мен бөлiмшелерiне жарияланады. 

      5. Кабинет жұмысы жоспарлы негiзде құрылады. Жоспар қызмет ету аумағындағы алкогольдiк-криминогендiк жағдайды және осы Ережеде қойылып отырған мәселелердi есепке ала отырып, бiр тоқсанға құрылады. Жоспарда жалпы және дербес профилактика жұмыстарының нақтылы iс-шаралары, олардың мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. 
      Профилактика кабинетiнiң жұмыс жоспарын медициналық айықтырғыш бастығының келiсiмімен, iшкi iстер органы бастығының орынбасары бекiтедi. 

      6. Кабинет жанында жергiлiктi атқарушы органдардың Әкiмдерi бекiтетiн қоғамдық Кеңес құрылады. 
      Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдардың, кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң, ұйымдар мен мекемелердiң, денсаулық сақтау органдарының, оқу орындары мен ғылыми мекемелердiң өкiлдерi, заңгерлер, психологтер, радио және баспасөз қызметкерлерi, зейнеткерлер кiредi.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      7. Қоғамдық Кеңес iс-қимылын оның жұмысын жоспарлауды, қажеттi оқу құралдарымен, заңгерлiк және iшiмдiк iшуге қарсы үгiттейтiн оқулықтармен, сондай-ақ қызмет ету аумағындағы маскүнемдiкке қарсы күрестiң жағдайы туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсететiн профилактика кабинетiнiң инспекторы үйлестiредi. 

  III. Профилактика кабинетiнiң жұмысында
қолданылатын негiзгi формалар мен әдiстер

      8. Iшкi iстер органының басқа қызметтерi және бөлiмшелерiмен, жұртшылық өкiлдерiмен, аудандық (қалалық) наркологиялық қызметпен бiрлесе отырып, iшiмдiкке қарсы заңның бұзылғандығын анықтау бойынша рейдтер ұйымдастыру және өткiзу. 

      9. Басқару және өкiмет органдарына, кәсiпорын басшыларына, кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда профилактика күнiн өткiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау. 

      10. Құқық бұзушыларды олардың жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнде талқылау үшiн материалдар дайындау, қоғамдық ұйымдар жұмысына атсалысу. 

      11. Кәсiпорындар бойынша, ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында iшiмдiкке қарсы тақырыпта дәрiстер (әңгiмелер) өткiзу; 
      - iшiмдiкке қарсы заңды бұзушылармен дербес әңгiмелер жүргiзу;
      - клубтарда, заводтардың, фабрикалардың, оқу орындарының, басқа да мекемелердiң, меншiк түрiне қарамастан, бiрлестіктердiң мәдениет үйлерiнде деректi фильмдер көрсете отырып iшiмдiкке қарсы кинодәрiстер ұйымдастыру; 
      - спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс көп iшетiн адамдардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн шектеу жөнiндегi iстердi қарайтын, халық соттарының көшпелi сессияларына қатысу; 
      - маскүнемдiк және оған байланысты құқық бұзушылықпен күрес жүргiзу мәселелерi бойынша жергiлiктi радиоторабы, телевидениеде сөз сөйлеу қалалық (аудандық), заводтың (көп тиражды) баспасөзде мақалалар басу; 
      - қалада, ауданда ұйымдастырылатын көрнекi үгiт және насихат құралдары (фотокөрмелер, плакаттар және басқалар) үшiн материалдар дайындау; 
      - iшкi iстер бөлiмiнiң мүдделi қызметкерлерiмен, мемлекеттiк органдармен және қоғамдық құрылымдармен ақпараттар алмасу. 

  IV. Профилактика кабинетiнiң денсаулық сақтау 
органдары, iшкi iстер органдарының мүдделi
қызметтерi және қоғамдық құрылымдармен 
өзара iс-қимылдар жасау тәртiбi

        Профилактика кабинетiнiң қызметкерлерi бiр тоқсанда кемiнде бiр рет есепке алынған спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс көп iшетiн және медициналық айықтырғышқа екi және одан да көп рет түскен, профилактикалық есепке алуға жататын адамдардың тiзiмiн салыстырып тексередi де, ол адамдарды созылмалы маскүнем деп тану жөнiндегi мәселенi шешу үшiн наркологиялық диспансерге мәлiметтер бередi. 
      Наркологиялық мекемелердiң (бөлiмшелердiң) өтiнiшi бойынша адамдарды медициналық куәландыруға жiбередi. 
      - жинақталған материалдар бойынша спирттiк iшiмдiктердi және есiрткi заттарды шектен тыс қабылдау, емделуден жалтару фактiлерi баяндала отырып дәлелдi қорытынды құрады. Барлық құжаттарды адамдарды дәрiгерлiк-әлеуметтiк қорғаудың наркологиялық мекемелерiнде еркiнен тыс емдеуге жiберу жөнiндегi мәселенi шешу үшiн наркологиялық мекемелерге жолдайды. 

      12. Профилактика кабинетiнiң қызметкерлерi спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс көп пайдаланатын адамдарға тәрбиелiк ықпал жасау мақсатында: 
      - спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс көп iшуi маскүнемдiк ауруына ұласпаған адамдармен дербес-профилактикалық әңгiме өткiзедi. Бұл ретте әңгiмелесу мазмұны мен формасы жеке тұлғаның дербес-психологиялық ерекшелiктерi есепке алына отырып анықталады және мүмкiндiгiнше отбасы мүшелерiнiң, туыстарының, дәрiгер психиатр-наркологтың, жұртшылық өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi; 
      - материалдар ресiмдеп, оларды белгiленген тәртiппен спирттiк iшiмдiктi шектен тыс көп пайдаланатын адамдардың жұмыс орны немесе тұрғылықты жерiндегi жергілікті атқарушы органдарға жiбередi; 
      - спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс көп пайдаланатын адамдардың отбасы мүшелерiне, ол адамдардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн шектеу жөнiнде халық сотына арызбен бару жөнiндегi құқықтары мен тәртiбiн түсiндiредi, сотқа беру үшiн материалдар ресiмдеуге көмек көрсетедi; 
      - iс-әрекетке қабiлеттiлiктi шектеу туралы, егер ол жөнiнде жақын туыстары қарсылық бiлдiрсе, белгiленген тәртiппен прокурор, кәсiподақ және басқа қоғамдық ұйымдар, қамқорлыққа, тәрбиелеуге алу органдары, емдеу мекемелерi алдында сотқа өтiнiшпен беру жайында өтiнiш-iс қозғайды; 
      - кәмелетке толмағандар iстер жөнiндегi комиссияның қызметкерлерiне жасөспiрiмдермен, олардың бала тәрбиелеу мiндеттерiн қасақана орындамайтын ата-аналары және оларды алмастырушы адамдармен дербес-тәрбиелiк жұмыстар жүргiзуге қажеттi көмек көрсетедi.
      Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      13. Маскүнемдiкке қарсы күрестiң жағдайын зерделеу және оған талдау жасау үшiн, профилактика қызметкерлерi мыналарды пайдаланады:
      - медициналық айықтырғышқа түскен адамдарды жеке бақылауға алу (анкеталау) және олармен жұмыс iстеу, еңбек ұжымдарымен, кәсiпорын, мекеме, ұйымдар, әкiмшiлiктермен қоғамдық құрылымдармен жұмыс iстеу, нәтижесiнде алынған мәлiметтердi; 
      - азаматтардың ұсыныстары, шағымдары, арыздары, лауазымды адамдардың хабарламалары, баспасөз, радио, теледидар материалдары; 
      - кезекшi бөлiм, медициналық айықтырғыш, жол полициясы, анықтау, iшкi iстер органдарының басқа да бөлiмшелерi, сондай-ақ мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың мәлiметтерi;
      - қалалық (аудандық) статистика басқармаларының (бөлімдерінің), денсаулық сақтау органдары наркологиялық мекемелерінің, сот және прокуратура, ІІМ, ІІД автоматтандырылған деректер банкінің мәліметтері.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      14. Профилактика кабинетiнде профилактикалық ықпал жасауға қажет адамдардың картотекалық есебi жүргiзiледi. 
      Есепке алынуға: 
      - бiр жыл iшiнде екi рет медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген немесе спирттiк iшiмдiктердi iшкенi, яки көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда мас болып жүргенi үшiн әкiмшiлiк жазаланғандар жатады. 

      15. Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар бойынша маскүнемдiк, алкоголизммен күрес жүргiзудiң жағдайын сипаттайтын мәлiметтер арнаулы бақылау iстерiне шоғырландырылады. Бұл iстерде медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдардың тiзiмi, еңбек ұжымдарында өткiзiлген профилактикалық iс-шаралар, дәрiстер, әңгiмелер, сөйленген сөздер, көп тиражды газеттердегi т.б. жарияланымдар, кәсiпорындардағы, мекемелердегi, ұйымдардағы маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес жағдайын сипаттайтын басқа да мәлiметтер болады. Бақылау iстерi жүргiзiлетiн кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдардың (200 және одан да көп адамы бар) тiзбесi анықталынады. 

      16. Профилактика кабинеттерiнде бақылау iстерiнен басқа, кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы маскүнемдiкке қарсы күрес жағдайының мәлiметтерiн тiркеу журналы жүргiзiледi. 

  V. Профилактика кабинетi инспекторының
функционалдық мiндеттерi

      17. Профилактика кабинетiнiң инспекторы мыналарға мiндеттi: 
      - қызмет ету аумағындағы маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес жағдайын сипаттайтын материалдардың жиналуын, қорытылуын қамтамасыз ету және маскүнемдiк пен оның салдарынан болатын құқық бұзушылықтарға мүмкiндiк туғызушы себептер мен жағдайларға жүйелi түрде (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық) талдау жасау; 
      - нәтижелер бойынша олардың алдын алу үшiн iшкi iстер органдарының бөлiмi басшылығына ұсыныстар дайындау; 
      - жергiлiктi үкiмет органдарына маскүнемдiкпен күрестi күшейту туралы нақты ұсыныстары бар ақпараттар жобасын дайындау, кәсiпорын, мекеме, ұйым әкiмшiлiктерiне нақтылы адамдардың iшiмдiкке қарсы күресу жөнiндегi заңдарды бұзған фактiлерi жайында мәлiмдеу, олардың қылықтары жайлы жұмыс орны, тұратын жерiндегi талқылауларға жеке қатысу; 
      - маскүнемдiкке қарсы күрестiң ұйымдастырылуы және iшiмдiкке қарсы заңның орындалуы мәселелерi бойынша қызметтер мен бөлiмше басшыларына, қалалық аудандық қаржы органдарының нақты қызметкерлерiне материалдар дайындау; 
      - медициналық айықтырғышқа екi және одан да көп жеткiзiлген адамдар туралы наркологиялық кабинеттердi хабардар ету; 
      - маскүнемдiкке қарсы күрес жүргiзетiн арнаулы ерiктi халық жасақшыларына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету, оларды оқытуға және нұсқаулар беруге қатысу; 
      - еңбек ұжымдарында азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша, iшiмдiкке қарсы дәрiстiк насихат жүргiзуге, кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, ауылдық жиындар мен тұрғындар жиналыстарында профилактика және тәртiп күндерiн өткiзуге жеке қатысу; 
      - профилактика кабинетiнiң iшiмдiкке қарсы насихаттың тақырыптық материалдармен безендiрiлуiн қамтамасыз ету, олардың өз уақытында жаңаланып тұруын қадағалау; 
      - қалалық-аудандық органның бөлiмшелерi мен жекелеген қызметшiлердiң, еңбек ұжымдарының маскүнемдiкпен қарсы жүргiзудегi оң жұмыс тәжiрибелерiн қорытындылау және тарату; 
      - өнеркәсiптiк кәсiпорындардағы, совхоздардағы, құрылыс ұйымдарындағы т.с.с. наркологиялық кабинеттермен және фельдшерлiк наркологиялық пункттермен алкоголизммен ауыратындар есебiнiң толықтығы, олардың амбулаторлық және стационарлық емделуi мәселелерi бойынша күн сайынғы iскерлiк байланысты жүзеге асыру; 
      - жол полициясы органдары және автомекеме әкiмшiлiгiне медициналық айықтырғышқа түскен, алкоголизмге бейiм жүргiзушiлер туралы мәлiмет беру, сондай-ақ кейбiр адамдарды арнаулы емдеу мекемелерiне тексеруге жiберу жөнiнде ұсыныс жасау; 
      - кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi инспекциямен, спирттiк iшiмдiктердi пайдаланатын кәмелетке толмағандар жайында, оларды жергiлiктi аудандық наркологиялық қызметте тiркеуге алуға және профилактикалық жұмыстар жүргiзу мақсатымен өзара хабарласу мәселелерi бойынша үнемi байланыста болу; 
      - iшкi iстер органдарының учаскелiк уәкiлдерiмен байланыса отырып, медициналық айықтырғышта екi немесе одан да көп болған, алкоголизмге бейiм адамдардың мiнез-құлқына, олардың дәрiгер-наркологтың кеңестерiн орындауын бақылау; 
      - наркологиялық мекемелердiң (бөлiмшелердiң) ұсынысы бойынша алкоголизммен, нашақорлықпен және токсикоманиямен ауыратын адамдарды еркiнен тыс емделуге жiберу үшiн материалдар дайындау және ресiмдеу; 
      - профилактика кабинетiнде алкоголизмге қарсы көрнекi үгiт жүргiзу, мұндай әлеуметтiк қатермен зақымдалған кәсiпорын, ұйым, бiрлестiктер ұжымдарында маскүнемдiкпен, алкоголизммен күрес жүргiзу, салауатты өмiр салты тақырыптары бойынша дәрiстер, әңгiмелер дайындауға және өткiзуге атсалысу; 
      - алкоголизмге қарсы заңды бұзушылардың картотекалық есебi мен әкiмшiлiк хаттамаларына есеп жүргiзу, маскүнемдiкке қарсы күрес жүргiзудiң әкiмшiлiк практикасына ай сайын талдау жасап және оны жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу 
      - алкоголизмге қарсы заңды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шаралары қолданылған адамдар туралы, олардың тұрақты жерiмен жұмыс орнына мәлiметтер мен ақпарлар дайындау және жолдау; 
      - осы Ережеде көзделген адамдардың кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындары, жас шамасы, бiлiмi, құқық бұзған жерi мен оның уақыты бойынша есебiн жүргiзу; 
      - мүдделi қызметтердiң тиiстi хабарлар жобасын дайындауға атсалысуы; 
      - маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күресте алынған хабарлардың есебiн жетiлдiру мен оны тиiмдi қолдану бойынша ұсыныстар енгiзу.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

  VI. Профилактика кабинетiнiң жұмысына есеп жүргiзу 

      18. Профилактика кабинетiнiң жұмыс нәтижесi мынадай көрсеткiштерiмен бағаланады: 
      - қызмет ету аумағындағы маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрестiң нақты жағдайы, маскүнемдiк салдарынан iстелiнген қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтар саны, тұрғындар арасындағы маскүнемдiктiң таралуы, кабинет қызметкерлерiнiң заңдылық пен тәртiп сақтауы; 
      - кабинет қызметкерлерінiң маскүнемдiкке қарсы күрестi күшейтуге бағытталып өткiзiлетiн iс-шараларға тiкелей қатынасуы; 
      - маскүнемдiкпен күрес жүргiзу мәселелерi бойынша жұртшылық алдында және еңбек ұжымдарында сөз сөйлеудiң саны мен сапасы; 
      - iшiмдiкке қарсы профилактикалық iс-шаралар жүргiзуде қоғамдық құрылымдардың мүмкiндiктерiн пайдалану тиiмдiлiгi; 
      - кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға маскүнемдiкпен күрес жөнiндегi күшейту мәселелерi бойынша жолданған ақпараттардың толықтығы мен сапасы бұл хабарламаларға кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiктерiнiң жауап қайтару ретiндегi iс-шаралары. 

  VII. Профилактика кабинетiнiң материалдық
қамтамасыз етiлуi

      Жергiлiктi атқарушы органдар кабинет құруы үшiн жұртшылықтың келiп-кетуiне және iшiмдiкке қарсы насихаттау бойынша iс-шаралар өткiзуге қолайлы үй-жайлар бередi. Кабинет бөлмесi құқықтық, медициналық сипаттағы, салауатты өмiр салтын насихаттайтын, ауданда, қалада маскүнемдiк пен алкоголизмдi жою бойынша профилактикалық жұмыстың жағдайы мен негiзгi көрсеткiштерiн бейнелейтiн материалдары бар, iшiмдiкке қарсы тақырыптық стендiлермен жабдықталынады. 
      Кабинетте, сондай-ақ келушiлердiң түсiнуiне оңай iшiмдiкке қарсы насихаттайтын оқулықтардың шағын кiтапханасы болуы қажет.
      Ескерту: VII-тараудың бірінші абзацына өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 667 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      19. Профилактикалық қызмет үшiн кабинетке мынадай техникалық құралдар бөлiнедi: 
      - маскүнемдiкке қарсы бағыттағы қысқаметражды кинотаспалар жиынтығы бар бейнемагнитафон; 
      - маскүнемдiкке қарсы тақырыптағы әңгiмелер жазылған магнитафон; 
      - керектi жабдықтары бар (бейнекассеталар, фотожарық бергiш, таспалар, фотохимикаттар, басқа да техникалық құралдар) бейнекамерасы және фотоаппарат. 

      20. Профилактика кабинетi қажеттi жиhаздармен, мүлiктермен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етiледi. 

      21. Аталынған мақсаттарға жұмсалынатын шығындар жергiлiктi бюджеттер, кәсiпорындар, ұйымдар қаражаты есебiнен және басқа да қаржыландыру көздерi бойынша жүзеге асырылады. 

      22. Кабинет бастығы және басқа қызметкерлер техникалық құралдардың, мүлiктер мен қызметтiк құжаттардың сақталуына және белгiленген мақсаттарда пайдаланылуына жауапкершiлiк алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады