"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 16 тамызда № 149 жарияланған);
2) "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 461 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 болып тіркелген, "Заң газеті" 2008 жылғы 27 ақпанда № 30 (1430) жарияланған);
3) "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы сәуір, № 4, 314 құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттік активтерді басқаруды және банкроттық рәсімдерді жоспарлау және оның әдіснамасы, тиісті бюджеттік бағдарламаларды талдау мен бағалау департаменті (Б.Х. Тәшенов) бір апталық мерзімде осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен ресми баспа басылымына бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев