Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 28-3/170 және "2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларының өндірушілерге 28 сәуірдегі № 28-3/227 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 28-3/472 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағын сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мынадай:
      "2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 28-3/170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6892 болып тіркелген 2011 жылғы 13 мамыр № 194-195 (265 "7) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
      2. "2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарлары өңдірушілерге шағын кредит беру туралы" 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 28-3/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6945 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырдағы № 215-216 (26614) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті осы бұйрықты көшірмесін бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мәлімет үшін жолдасын және оның ресми жариялануы қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                  С. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады