Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.08.12 № 28-3/472(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. 2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беруге бағытталатын қаражаттардың облыстар бөлінісіндегі бөлінуі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына ауыл халқын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру кезінде мыналар:
1) жылдық 7,5% -дан артық емес сыйақы ставкасы;
2) шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру мерзімі - 4 жылдан артық емес;
3) ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (шағын кредиттік ұйымдарының түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы белгіленсін.
3. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 7 наурыздағы
№ 28-3/170 бұйрығына қосымша
2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беруге бағытталған қаражаттардың облыстар бөлінісіндегі бөлінуі
Р/с |
Облыстардың атауы |
Бөлінетін қаражаттар сомасы, теңге |
1 |
Ақмола |
30 000 000 |
2 |
Ақтөбе |
30 000 000 |
3 |
Алматы |
50 000 000 |
4 |
Атырау |
10 000 000 |
5 |
Шығыс Қазақстан |
50 000 000 |
6 |
Жамбыл |
50 000 000 |
7 |
Батыс Қазақстан |
30 000 000 |
8 |
Қарағанды |
10 000 000 |
9 |
Қостанай |
20 000 000 |
10 |
Қызылорда |
20 000 000 |
11 |
Маңғыстау |
30 000 000 |
12 |
Павлодар |
30 000 000 |
13 |
Солтүстік Қазақстан |
50 000 000 |
14 |
Оңтүстік Қазақстан |
90 000 000 |
Жиыны |
500 000 000 |