"Ішкі су көлігі қызметкерлерінің нысанды киімінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 223-1 бұйрығының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 244 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ішкі су көлігі қызметкерлерінің нысанды киімінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 шілдедегі № 223-1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 233 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (А. Искакбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Б. Камалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады