Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдык ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 сәуірде № 6145 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер департаменті (Р.А. Алдашев) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспаларға жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

      Министрдің міндетін атқарушы               Л. Киинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады