Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6145 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2011.01.10 № 3 Бұйрығымен.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарындағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң), БҰЙЫРАМЫН: Z100291 қараңыз
      1. Қоса берілген:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жылдық бағдарламасының № 1 нысаны;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебінің № 2 нысаны;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кадрларда қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебінің № 3 нысаны бекітілсін.
      2. Жер қойнауын пайдаланушылар:
      1) жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей құзыретті органға жылдық сатып алуды жүргізуге жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 1 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын;
      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 2 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта
Excel форматында ұсынсын;
      3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға кадрдағы қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 3 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын.
      3. Жер қойнауын пайдаланудағы тікелей инвестициялар департаментіне (Р.А. Алдашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету тапсырылады.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы                      Д. Тұрғанов

Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі       
міндетін атқарушысының   
2010 жылғы 10 наурыздағы 
№ 75 бұйрығына       
1-қосымша         

№ 1 нысан

20___жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і:______________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

ӨСК бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынатын ТЖҚ-ның атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшеу бірлігінің коды

Жоспарланған сатып алулардың заттай көлемі
 

1

2

3

4

5



Тауарлар





Жұмыстар





Қызметтер



кестенің жалғасы

ҚҚС есептемегенде жоспарланған сатып алу көлемі, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Сатып алуды өткізу жері

Сатып алуды өткізу мерзімі

Жұмыстар мен қызметтердің орындалуы, жабдықтау мерзімі

6

7

8

9

10











Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _______________________________________
                                    (Аты-жөні, қолы, мөр)

      Ескерту:
      № 1 нысанында әр тауар, жұмыс және қызмет бойынша ақпаратты жолма-жол, жеке толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      2-баған – Өнімнің модельді статистикалық жіктеушісіне сәйкес 10 белгі деңгейінде тауардың, жұмыстың және қызметтің (ТЖҚ) коды көрсетіледі;
      3-баған – сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы) көрсетіледі;
      4-баған – Өлшем бірліктері мен шоттардың мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес тауардың, жұмыс немесе қызмет бірлігінің коды көрсетіледі (баған тауарлар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);
      5-баған – тауардың жоспарланған саны (сатып алудың көлемі) көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәнінде көрсетіледі (баған жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);
      6-баған – сатып алудың жоспарланған көлемі ҚҚС есептемегенде құндық мәнінде көрсетіледі, мың теңге (бөлшек сан жүздік үлеспен);
      7-баған – Сатып алу тәсілдерінің Жіктеушісіне сәйкес тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алу тәсілінің коды көрсетіледі (төменде көрсетілген). Егер көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуы, мерзімдік күші бір қаржылық жылдан асатын бастапқыда сатып алуға жасалған келісімшарт бойынша жүзеге асырылса, онда 106 кодын таңдау керек;
      8-баған – елді-мекен коды – жоспарланған сатып алуды өткізу орны Әкімшілік-аймақтық обьектілер жіктеушісіне сәйкес (ӘАОК) көрсетіледі;
      9-баған – жоспарланған сатып алуды өткізу мерзімінің коды Мерзімдер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (төменде көрсетілген);
      10-баған – жоспарланған жабдықтау мерзімі Мерзімдер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (төменде көрсетілген).
      Нысандағы бағаналар форматын өзгертуге болмайды.
      Сатып алу тәсілдері мен уақыт кезеңдерінің жіктеушілері

Жіктеушілік коды

Атауы


Жіктеушілік коды

Атауы

101

Ашық конкурс әдісімен сатып алу

QAN1

1 тоқсан

102

Бағалық ұсыныстарды сұрау әдісімен сатып алу

QAN2

2 тоқсан

QAN3

3 тоқсан

103

Бір көзден сатып алу әдісі

QAN4

4 тоқсан

104

Тауар биржалары арқылы сатып алу

SAN1

1 жартыжылдық (1-2 тоқсан)

105

Электронды сатып алу жүйесі арқылы сатып алу

SAN2

2 жартыжылдық (3-4 тоқсан)

ANN09

жыл*

      * жылды белгілеу кезінде ANN префиксі және жыл санының соңғы екі цифры қолданылады.

Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі       
міндетін атқарушысының   
2010 жылғы 10 наурыздағы 
№ 75 бұйрығына       
2-қосымша          

№ 2 нысан

1. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебі

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і: _____________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

Сатып алу коды

Сатып алу тәсілі

Сатып алу қорытындысын шығару күні (кк.аа.жжжж.)

Шарт №

Шартқа қол қойылған күн (кк.аа.жжжж.)

Шарт мерзімнің аяқталу күні (кк.аа.жжжж.)

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Шарттың мәртебесі

ҚҚС есептемегенде шарттың жалпы құны (мың теңге)

ҚҚС есептемегенде СЖЖ жоспарланған сомасы (мың теңге)

ҚҚС есептемегенде шарт бойынша есептік мерзімде нақты төленгені

ТЖҚ жеткізушінің ұйымдастырушы-құқықтық формасы коды

ТЖҚ жеткізушінің елі

8

9

10

11

12

13







кестенің жалғасы

ТЖҚ жеткізушінің атауы

Жеткізушінің БСН-і (ЖСН-і)

Жеткізушінің СТН-і

Жеткізушінің тіркелген елді-мекенінің коды

Жеткізушінің тіркелген мекен-жайы

Жеткізушінің нақты орналасқан елді-мекенінің коды

14

15

16

17

18

19







кестенің жалғасы

Жеткізушінің нақты орналасқан мекен-жайы

Жеткізушінің электрондық мекен-жайы

Жеткізушінің сайты

Жеткізушінің байланыс телефоны

Жеткізуші қызметшілерінің саны

Жеткізушінің қызметшілерінің жалпы саны

ҚР азаматтары саналатын жеткізушінің қызметшілерінің саны

20

21

22

23

24

25







Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _____________________________________
                                    (Аты-жөні, қолы, мөр)

      Ескерту:
      № 2 нысанның бірінші бөлімінде әр жасалған шарт туралы есепті мерзім үшін ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1-бағанжер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      2-баған – Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Осы бағанды:
      1) жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияны жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырғанда;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алғанда;
      3) ұлттық басқару холдингілеріне жанама немесе тікелей жататын елу және одан да көп акцияларына (жарғы капиталының қатысу үлесі) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар толтырмайды;
      3-баған – сатып алу тәсілдерінің жіктеушісіне сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу тәсілдерінің коды көрсетіледі (жоғарыда қара);
      4-баған – сатып алу нәтижесінің қорытындысын шығару күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
      5-баған – оның шеңберінде сатып алынған тауар немесе жұмыс (қызмет) сатып алу туралы шарттың № көрсетіледі;
      6-баған – шарт жасалған күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
      7-баған – шарт мерзімдік күшінің аяқталу күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
      8-баған – шарт мәртебелерінің жіктеушісіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі (төменде көрсетілген);
      9-баған – ҚҚС есептемегенде шарттың жалпы құны, мың теңге (бөлшек сан, жүздік үлеспен) көрсетіледі;
      10-баған – шарт шеңберінде, тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алудың жылдық бағдарламасында жоспарланған ҚҚС есептемегенде сатып алудың жалпы сомасы көрсетіледі, мың теңге;
      11-баған – шарт бойынша есеп беру мерзіміне нақты төленген сома ҚҚС есептемегенде көрсетіледі, мың теңге;
      12-баған – Шаруашылық етудің ұйымдастыру-құқықтық нысанының жіктеушісіне сәйкес, жеткізуші ұйымның шаруашылық етуінің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
      13-баған – Мемлекетаралық елдер жіктеушісіне сәйкес жеткізуші елінің жеткізушінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;
      14-баған – жеткізушінің атауы көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болса, оның атауы заңды тұлғаны тіркеу куәлігіне сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігіне сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;
      15-баған – жеткізушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
      16-баған – жеткізушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
      17-баған – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес жеткізушінің тіркелген елді-мекенінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
      18-баған – жеткізушінің тіркелген мекен-жайы: елді-мекені, көшесі, үйі, кеңсесі көрсетіледі;
      19-баған – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес жеткізушінің нақты орналасқан елді-мекенінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
      20-баған – жеткізушінің нақты орналасқан мекен-жайы: елді-мекені, көшесі, үйі, кеңсесі көрсетіледі;
      21-баған – жеткізушінің электрондық мекен-жайы көрсетіледі;
      22-баған – жеткізушінің web-сайты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
      23-баған – жеткізушінің байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;
      24-баған – жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
      25-баған – жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны - Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі.
      Нысандағы бағаналар форматын өзгертуге болмайды.

      Шарттар мәртебелерінің жіктеушісі     

Жіктеушілік коды

Атауы

0

Жасалған

1

Орындалған

2

Шартты бұзу

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебі

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і:_____________________________________________________

Шарт №

Сатып алу коды

ӨСК бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынған ТЖҚ-ның атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшеу бірлігінің коды

Сатып алулардың заттай көлемі

ҚҚС есептемегенде сатып алулардың құндық көлемі, мың теңге

CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің БСН/ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8









кестенің жалғасы

CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің СТН-і

CT-KZ сертификатының №

CT-KZ сертификатының сериясы

CT-KZ сертификатын беретін органның коды

CT-KZ сертификаты берліген күн кк.аа.жжжж.

CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамту, %

Жұмыста (қызметте) қазақстандық қамту, %

9

10

11

12

13

14

15








Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _______________________________________
                                     (Аты-жөні, қолы, мөр)

      Ескерту:
      № 2 форманың екінші бөлімінде бір шарт шеңберінде жеке сатып алынған әр тауар, жұмыс және қызмет бойынша есеп беру мерзімі бойынша ақпаратты жолма-жол толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1-баған – оның шеңберінде сатып алынған тауар немесе жұмыс (қызмет) туралы шарттың № көрсетіледі;
      2-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Осы бағанды:
      1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияны жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырғанда;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алғанда;
      3) ұлттық басқару холдингілеріне жанама немесе тікелей жататын елу және одан да көп акцияларына (жарғы капиталының қатысу үлесі) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар толтырмайды;
      3-баған – осы шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер коды Өнімнің модельді статистикалық жіктеушісі бойынша 10 белгі деңгейінде көрсетіледі;
      4-баған – сатып алынған тауардың немесе жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (тауардың немесе жұмыстың (қызметтің) техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы) көрсетіледі;
      5-бағанөлшем бірліктері мен шоттардың Мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес код көрсетіледі. Баған жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды;
      6-баған – тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауардың заттай саны көрсетіледі. Баған жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды;
      7-баған – ҚҚС есептемегенде сатып алудың құндық көлемі көрсетіледі, мың теңге;
      8-баған – CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бағанды қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      9-баған – CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бағанды қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      10-баған – Қазақстанда шығарылғандығын растайтын CT-KZ сертификатының № көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      11-баған – CT-KZ сертификатының сериясы көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      12-баған – CT-KZ сертификатын беретін органның коды көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      13-баған – CT-KZ сертификаты берліген күн көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      14-баған – CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық үлес, % көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
      15-баған – жұмыста (қызметте) қазақстандық үлес, % (жүздік үлеске дейін) көрсетіледі. Қазақстандық үлесті есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 20 наурыздағы № 367 қаулысы бекіткен қазақстандық ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды есептеудің Бірыңғай әдістемесіне сәйкес, қосалқы мердігерлікті, сондай-ақ, осы жұмысты (қызметті) орындау үшін сатып алынған барлық тауарларды есепке ала отырып жүргізіледі. .P100964
      Нысандағы баған форматын өзгертуге болмайды.

Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі       
міндетін атқарушысының   
2010 жылдың 10 наурыздағы
№ 75 бұйрығына 3-қосымша 

№ 3 нысан

Кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебі

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і: ____________________________________________________

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

Келісім-шарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің жалпы саны

Келісім-шарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің – ҚР азаматтарының жалпы саны

Келісім-шарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің саны, басқарушы құрам – 1 категория, оның ішінде:

Келісім-шарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің саны, жоғары және орташа кәсіби білімі бар мамандар – 2 категория, оның ішінде:

Келісім-шарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің саны, білікті жұмысшылар – 3 категория, оның ішінде:

барлығы

қызметкерлер - ҚР азаматтарының саны

барлығы

қызметкерлер - ҚР азаматтарының саны

барлығы

қызметкерлер - ҚР азаматтарының саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)      _______________________________________
                                    (Аты-жөні, қолы, мөр)

      Ескерту:
      1-бағанжер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      2-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған қызметкерлердің жалпы саны;
      3-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған қызметкерлердің – ҚР азаматтарының жалпы саны;
      4-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған басқарушы құрам қызметкерлерінің жалпы саны – 1 категория көрсетіледі;
      5-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің саны – 1 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі;
      6-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған жоғары және орта-кәсіби білімі бар мамандардың жалпы саны – 2 категория бойынша көрсетіледі;
      7-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандардың – 2 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі;
      8-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған білікті жұмысшылардың жалпы саны – 3 категория бойынша көрсетіледі;
      9-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған білікті жұмысшылардың саны – 3 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі.

      Нысаналарда баған форматын өзгертуге болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады