"Шығындарды өтеуге арналған өтінімді және Шығындарды өтеуге арналған өтінім түйіндемесінің нысанын бекіту туралы" 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 409 бұйрығының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 240 бұйрығы

      «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін: отандық өңделген тауарлар тізбесін бекіту және «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респубикасының Үкіметі 2011 жылғы сәуірдегі № 679 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығындарды өтеуге арналған өтінімді және Шығындарды өтеуге арналған өтінім түйіндемесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 409 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6666 болып тіркелді, «Казахстанская правда» 2010 жылғы 9 желтоқсандағы  № 333 (26394) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (А.Қ. Ержанов) бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын бұйрық жарияланған ресми басылымға жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші виде-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                        Ә.Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады