Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.30 № 107-657 (2012.07.01 бастап) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 шілдедегі № 22-834қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 тамыздағы № 545 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 117 (2281), "Вечерняя Астана" газетінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 120 (2264) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2008-2012 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2008-2009 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2008-2012 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"2008-2009 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2008-2012 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2008-2012 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов