"2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, көктемгі егіс жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлы материалдық құныдылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдеддегі № 41-628 қ қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 102-200 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия норативтерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 41-628қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 9 тамызда № 690 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі әділет органдарына қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т Сұлтанбековке жүктелсін.

      Әкім                                         И.Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады