Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 106 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысын іске асыру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы бұйрықтың көшірмесін қоса отырып, бір апта ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспасөз басылымдарына хабарласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-лейтенанты                   Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 106 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің Академиясына қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4968 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 16 қарашадағы № 176 (1379) санында, 2007 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5266 болып тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5284 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 15 қазандағы № 10 санында жарияланған).
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6385 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 225 (26286), «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) санында жарияланған).
      5. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының ҚАЖ-да қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7001 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады