Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 379 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5284 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.02.22 № 106 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін реттеу мақсатында,»"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 289 бұйрығына сәйкес, "Әділет органдары туралы"  Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ҚАЖ комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесі бекітілсін.

      2. ҚАЖ комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            3. Балиева

Қазақстан Республикасының
Әділет Министрінің  
2008 жылғы 30 маусымдағы
N 379 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Павлодар заң колледжіне (бұдан әрі - Колледж) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

      2. Колледжге қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Әділет органдары туралы ", " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 289 бұйрығына , "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысынасәйкес әзірленген.

      3. Колледжге орта жалпы, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік) білімі бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет етуге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

2. Колледжге қабылдау ережесі

      4. Колледж 0202000 "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша қабылдауды өткізеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Колледжге оқуға қабылдау түсу емтихандарының немесе бірыңғай ұлттық тестілеу сертификатында көрсетілген балдың нәтижесінде конкурстық негізде азаматтардың өтініш білдіруі бойынша қабылдаудың бекітілген жоспарына сәйкес медициналық, дене шынықтыру, психофизиологиялық көрсеткіштерін есепке ала отырып жүзеге асырылады. Колледжде оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды. Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) бұйрығымен тағайындалады.
      Кешенді тестілеу сертификаты бар (жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі - БҰТ) нәтижесі туралы сертификаты бар азаматтар (бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың жалпы орта білім берудің түлектері) түсу емтихандарынан босатылып, конкурсқа жіберіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Колледжге оқуға азаматтардың өтінішін қабылдауды облыстар бойынша ҚАЖ комитеті Департаментінің жинақтау органдары жүзеге асырады. Тестілеу түріндегі түсу емтихандары Колледж бастығы ҚАЖ комитетімен келісе отырып бекіткен кестеге сәйкес мерзімде өткізіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз және 28 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 1 тамыз және 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
      Түсу емтихандары 0202000 "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша орта жалпы білім берудің оқу бағдарламасы көлемінде 3 пән бойынша: дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қазақ тілі немесе орыс тілі бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі. Кәсіби бағдарлық пән "Дүние жүзі тарихы" пәні болып табылады. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны білім беру саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен тағайындалған ҰБТ пәндері бойынша сұрақтар санына сәйкес анықталады болып тағайындалады; әрбір тест тапсырмаларының дұрыс жауабы 1 балл бойынша бағаланады; үш пән бойынша кешендік тестілеуге 2 сағат  15 минут беріледі; дұрыс жауаптардың коды тестілеу аяқталғаннан кейін бірден ілініп қойылады; тестілеудің нәтижесі оны өткізген күні жарияланады.
      Тестілеу талапкерлердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Курсанттар құрамына есепке алынуға 30 балдан кем жинаған азаматтар жіберілмейді.

      9. Колледжге оқуға қабылдау кешенді тестілеудің немесе мемлекеттік сертификаттың нәтижесі және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың нәтижесін есепке ала отырып, білім алу тілі бойынша жеке-жеке қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

      10. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға конкурс өткізгенде:

      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), соңғы үш жылдағы жеңімпаздардың, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының артықшылық құқықтары бар.
      Бірдей көрсеткіштері болған жағдайда оқуға қабылданудың артықшылық құқына төмендегі адамдар (растаушы құжаттары болған кезде) ие болады: жетім балалар және ата-аналардың қамқорынсыз қалған балалар; үздік білім туралы құжаттары (куәлік, аттестат және дипломы) бар адамдар; қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары; бағдарлы пән бойынша барынша жоғары балл жинаған адам.

      11. Біртекті талапты сақтауды және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешуді қамтамасыз ету, оқу орнына түсушілердің құқығын қорғау мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады. Аппеляциялық комиссиясының құрамы ҚАЖ комитетінің бұйрығымен 5 адамнан аспайтын санда тағайындалады.   комиссия құрамына міндетті түрде пәндік комиссияның бір уәкілі кіреді. Тестілеу нәтижесімен келіспейтін азаматтардың аппеляцияға беруге құқы бар.
      Аппеляция тестілеудің нәтижесін жариялағаннан кейін бір тәуліктің ішінде қабылдау комиссиясына беріліп осы мерзімде аппеляциялық комиссиясымен арызданушының қатысуымен қарастырылады.
      Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Азаматтарды оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
      Конкурс ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасы жоғары білім беру орындарына оқуға түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; колледжде өткізілген кешенді тестілеу нәтижелері бойынша алынған балдардың негізінде; дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеп алу нәтижесі негізінде жүргізіледі.

      13. Колледжге қабылдау Колледж бастығының бұйрығымен рәсімделетін комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі. Бұйрықтың көшірмесі қызметтен қол үзіп оқуға қабылданған адамды оқуға жіберуге, сырттай оқуға түскен адамға демалыс беруге негіз болып табылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      14. Колледждегі сабақтар белгіленген оқу жоспары мен оқу процесі кестесімен орнатылған мерзімінде басталады.

      15. Колледж ҚАЖ комитетіне қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпаратты белгіленген нысанда және белгіленген мерзімде, сондай-ақ білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушылық органына он күн мерзім ішінде ұсыну үшін оқушыларды қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

3. Колледжге дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша
іріктеу ережесі

      16. Дене дайындығы көрсеткіштері бойынша ҚАЖ комитетімен келісе отырып талапкерлерді сапалы іріктеп алуды өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамы Колледж бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.07.28 N 222 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      17. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеп алуға талапкерлердің спорттық жаттығулардың төмендегідей түрлерін орындау кіреді:
      100 метрге жүгіру (жігіттер, қыздар);
      1000 метрге (кросс) жүгіру (қыздар);
      3000 метрге (кросс) жүгіру (жігіттер);
      биік салмадан тартылу (жігіттер);
      арқада жатып денені көтеру (қыздар).

      18. Спорттық жаттығуларды орындаудың шарты:
      100, 1000 және 3000 метрге жүгіру стадионда жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі;
      биік салмадан тартылу үстіңгі жағынан ұстау арқылы бастапқы қалыпта тұрып, еденге (жерге) аяғын тигізбей орындалады. Иегі салмадан асатын болса жаттығу орындалған болып саналады. Тартылғанда 5 секундтен артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді;
      арқасында жатып, қолын иығына қойып, табанды басқа адам ұстап, тізесі 90 градус бұрышында бүгілген қалпында денені көтеру.

      19. Ер және әйел жынысына дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері бөлек бағаланады.

      20. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеп алу нәтижесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орындарына оқуға түсушілерге арналған Дене шынықтыру бойынша нормативке сәйкес бағаланады (бұдан әрі - Дене шынықтыру бойынша нормативтер) осы Ережеге қосымша.
      Егер талапкер көрсеткен нәтиже таблицаның екі көрсеткіші арасында болатын болса, онда баллды бағалау таблица көрсеткішінің жоғарғы шегі бойынша жүргізіледі.

      21. Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыруға медициналық куәландырудан толығымен өткен талапкерлер жіберіледі.

      22. Дене дайындығы бойынша Нормативтердің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкерге сынақтың басталуына дейін 24 сағаттан кешіктірілмей ескертіледі.

      23. Дене дайындығы бойынша нормативтердің тізіміне кіргізілген спорттық жаттығулардың әр қайсысы жеке тапсырылады. Бір күнде спорттық жаттығулардың екі түрінен дене шынықтыру бойынша нормативтерді артық орындауға жіберілмейді.

      24. Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру алдында оларды қабылдауды жүзеге асырушы адам талапкерлермен нұсқаулық жүргізуі тиіс, оның барысында оларды спорттық жаттығуларды орындау ережесімен таныстырады.

      25. Әрбір спорттық жаттығуларды тапсырудың нәтижесі дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың жекелеген хаттамасында тіркеледі.

      26. Егер талапкер тест үшін біреуден кем қанағаттанарлықсыз баға алып, қалғандарын - "жақсы" деген бағадан төмен тапсырмаған болса, дене шынықтыру дайындығы бойынша тестілеу тапсырылған болып саналады. Мысалы, тартылу - "жақсы", 100 метрге жүгіру - "жақсы", 3000 метрге жүгіру - "қанағаттанарлық" болса, онда тестілеу тапсырылған болады. Тартылу - "өте жақсы", 100 метрге жүгіру - "қанағаттанарлық", 3000 метрге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" болса, тестілеу тапсырылмаған болады.

      27. Біртекті талапты сақтауды және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша даулы сұрақтарды шешуді қамтамасыз ету, оқу орнына түсушілердің құқығын қорғау мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады.
      Дене шынықтыру көрсеткіші нәтижесімен келіспейтін азаматтардың аппеляцияға беруге құқығы бар.
      Аппеляция дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нәтижесін жариялағаннан кейін бір тәуліктің ішінде қабылдау комиссиясына беріліп осы мерзімде арызданушының қатысуымен аппеляциялық комиссиясымен қарастырылады. Арызданушының жеке басын растайтын құжаты өзімен бірге болуға тиіс.

      28. Колледж курсанттары қатарына қабылдау кезінде дене шынықтыру көрсеткіші бойынша іріктеп алудың нәтижесі ескерілетін болады.

                                            ҚР ӘдМ ҚАЖ комитетінің
                                           Павлодар заң колледжіне
                                              қабылдау Ережесіне
                                                   қосымша

          Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орындарына
  түсушілерге арналған дене шынықтыру дайындығы бойынша
                       Нормативтер

      Жігіттер

NN
р/с
Тестілердің
атауы
Президент-
тік дайын-
дығының
деңгейі
Ұлттық
дайынды-
ғының
деңгейі
Б А Ғ А С Ы
Өте
жақсы
Жақсы Қана-
ғат.
1. 100 м жүгіру
(сек.)
12,8 13,00 13,2 13,7 14,2
2. 3000 м
жүгіру
(мин/сек.)
12,00 12,40 13,00 14,00 15,00
3. Тартылу
(саны/рет)
18 15 13 11 9

      Қыздар

NN
р/с
Тестілердің
атауы
Президент-
тік дайын-
дығының
деңгейі
Ұлттық
дайынды-
ғының
деңгейі
Б А Ғ А С Ы
Өте
жақсы
Жақсы Қана-
ғат.
1. 100 м жүгіру
(сек.)
15,00 15,5 16,00 16,5 17,00
2. 1000 м
жүгіру
(мин/сек.)
4,20 4,40 5,00 5,30 6,00
3. Арқасында
жатып денені
көтеру
30 25 25 20 15

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады