«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 123 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1654) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев