Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 123 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 3 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5621 болып енгізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 92 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрлігінің 2012.02.08 № 92 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25 және 35-баптарына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесі бекітілсін.
      2. "Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және "Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы  N 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы N 428 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4813 болып тіркелген, 2007 жылы 7 тамызда, N 119 (1322) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және одан кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 123 бұйрығымен  
бекітілген    

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесі

      Осы ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25 және 35-баптарына сәйкес әзірленді және қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) асып кетуін қайтару тәртібін белгілейді.
      Қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын айқындау "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 373 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) белгіленеді.
      Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.

1. ҚҚС-ның асып кетуін қайтару үшін негіздер

      1. ҚҚС-ның асып кетуін қайтару мыналардың негізінде жүргізіледі:
      1) 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-ның асып кетуін қайтару туралы салықтық өтініш (бұдан әрі - ҚҚС қайтару туралы өтініш);
      2) 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан асып кету бойынша ҚҚС-ның асып кетуін қайтару туралы талабы (ҚҚС қайтару туралы талап) көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларация;
      3) қайтару негізіне байланысты осы Ереженің 3-10-тармақтарына сәйкес қажетті құжаттар;
      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растайтын салық тексеруі актісі не салық тексеруі актісіне салық органының қорытындысы (бұдан әрі - актіге қорытынды).
      2. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты
қалыптасқан, пайдалануға енгізілген негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша ҚҚС-ның асып кетуін қайтару кезінде:
      негізгі құралдардың объектілерінің іске қосылуын растайтын құжаттар ретінде - халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған құжаттар қаралады.
      Осы тармақ мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
      жылжымайтын мүлікке инвестициялар - жалдау төлемдерін немесе капитал құнының өсімін немесе соны және басқаны алу мақсатында иеліктегі (меншік иесінде немесе қаржылық жалдау құқығы бойынша жалгерде) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат не ғимараттың бір бөлігі және сол және басқалары), бірақ:
      1) тауарлар өндіруде немесе беруге пайдалану, әкімшілік мақсаттарда қызметтер көрсету; немесе
      2) қарапайым шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес;
      биологиялық актив - тірі жануар немесе өсімдік.

2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар

      3. Тауарлар экспортын растайтын құжаттарға мыналар жатады:
      1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісім-шарт);
      2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда экспорт режимінде тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы жіберу орнында орналасқан кеден органының белгісімен кедендік жүк декларациясы;
      3) кедендік ресімдеу жүргізген кеден органының белгісімен толық кедендік жүк декларациясы, мынадай жағдайларда:
      магистральды құбыр жолдары жүйесі бойынша немесе электронды беру желілері бойынша экспорт режимінде тауарларды әкету кезінде;
      кезең-кезеңмен декларациялау рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкету кезінде;
      уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкету кезінде;
      4) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
      Магистральды құбыр жолдары жүйесі бойынша немесе электронды беру желілері бойынша экспорт режимінде тауарларды әкету жағдайында тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-беру актісі табыс етіледі.
      5) зияткерлік меншік объектісінің экспорты жағдайында зияткерлік меншік объектісіне құқығы, сондай-ақ оның құны туралы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растауы.
      4. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шегінен тыс әкетілген тауарлардың немесе олардың қайта өңдеу өнімдерінің одан әрі экспорты жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы Ереженің 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) оған сәйкес қайта өңдеу режимін, экспорт режиміне өзгерту жүргізілетін кедендік жүк декларациясы;
      2) тауарлардың кеден аумағынан тыс қайта өңдеу режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясы;
      3) кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу режимінде (кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеу) шетел мемлекетінің аумағына тауарларды әкелу кезінде ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
      4) оған сәйкес шетел мемлекетінің аумағына кеден бақылауымен тауарларды қайта өңдеу режимін шетел мемлекетінің аумағына еркін айналыс үшін тауарлар шығару режиміне немесе экспорт режиміне өзгерту жүргізілетін кедендік жүк декларациясының көшірмесі.
      5. Қазақстан Республикасының резиденттерінің Ұлттық банкке және қаржы ұйымдарына 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, аффилирленген қымбат бағалы металдарды - өз өндірісінің шикізатынан жасалған алтынды, платинаны өткізу бойынша айналымды растайтын құжаттарға:
      1) аффилирленген қымбат бағалы металдарды - өз өндірісінің шикізатынан жасалған алтынды, платинаны жеткізуге арналған шарт (келісім-шарт);
      2) аффилирленген қымбат бағалы металдарды - өз өндірісінің шикізатынан жасалған алтынды, платинаны тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және қаржы ұйымдарының аффилирленген қымбат бағалы металдарды - өз өндірісінің шикізатынан жасалған алтынды, платинаны алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері жатады.
      6. Халықаралық тасымалдау бойынша қызметтерді өткізу айналымын растайтын бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарына:
      1) жүктерді тасымалдау кезінде:
      халықаралық автомобильдік хабарламада - тауарлық-көліктік жүкқұжат;
      теміржол көлігімен халықаралық және мемлекетаралық хабарламада - бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
      әуе көлігімен - жүкқұжат;
      магистральды құбыр жолдары жүйесі бойынша:
      есепті кезең үшін әр магистральды құбыр жолы бойынша тауарлардың транзиттік көлеміне кедендік жүк декларациясы;
       ор ындалған жұмыс актілері, жүктерді қабылдау-беру актілері;
      шот-фактуралар;
      2) жолаушыларды және жүктерді тасымалдау кезінде:
      автомобиль көлігімен:
      жүйелі тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол бағыты бойынша автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп ведомостісі;
      жүйесіз тасымалдау кезінде - жолаушылар тізімі;
      теміржол көлігімен:
      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
      Қазақстан Республикасында халықаралық хабарламада сатылған жолаушы билеттері туралы есеп ведомостісі;
      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушы тасымалы үшін өзара есеп айырысулар бойынша теңгерімдік ведомості және жол жүру және тасымалдау құжаттарының ресімделуі туралы есеп;
      әуе көлігімен:
      бас декларация;
      жолаушы манифесті;
      карго-манифест;
      лоджит (орталық-тиеу кестесі);
      жиынтық-тиеу ведомостісі (жол жүру билеті және жүк түбіртегі) жатады.
      7. Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша АЭА аумағында құрылған атқарушы орган беретін әкелінген тауарларды (жабдықтарды) әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысы барысында пайдалану туралы құжат 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған тауарларды, АЭА аумағына өткізу бойынша айналымдарды растау үшін негіз болып табылады.
      АЭА аумағына тауарларды өткізу бойынша айналымдарды растайтын құжаттарға:
      1) АЭА аумағында әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен жасасқан тауарларды (жабдықтарды) жеткізуге арналған шарт (келісім-шарт);
      2) еркін кеден аймағы режимінде тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісімен кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды (жабдықтарды) тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері жатады.
      8. 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметімен концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге, тауарлар өткізілгенін растайтын құжаттарға: P070000661
      1) көрсетілген салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт;
      2) көрсетілген салық төлеушіге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
      3) аталған салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері жатады.
      9. Қызметін Қазақстан Республикасы аумағында, шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС-нан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды өткізуді растайтын құжаттарға:
      1) осындай салық төлеушілерге жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жұмыс бағдарламаларын орындауға арналғандығын көрсете отырып, тауарларды жеткізуге арналған шарт;
      2) осындай салық төлеушілерге тауарлар тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
      3) осындай салық төлеушілердің тауарларды алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері жатады.
      10. Осы Ереженің 3-10-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, қайтару негізіне қарай, бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының дұрыстығын растайтын құжаттарға:
      1) ҚҚС есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжаттар (шот-фактура немесе ҚҚС бөлінген Салық кодексінің 256-бабына сәйкес басқа да құжат). 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, және бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы бақылау чегін бере отырып;
      2) бастапқы есеп құжаттары (оның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізілетін операцияның жасалу фактісінің немесе оқиғасының және оны жасауға құқығының қағаз тасығышта, сондай-ақ электронды тасығышта құжаттық куәлігі).

3. Салық тексерулерін жүргізу

      11. ҚҚС қайтару туралы өтініштерді не ҚҚС қайтару туралы келіп түскен талаптарды, салық есептілігінің нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім, салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлімге береді.
      12. Салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлім, тексерілетін салық төлеуші бойынша мынадай талдамалы есептерді қалыптастырады және оларды ақпараттық жүйені қолдана отырып, пысықтайды:
      ҚҚС қайтару туралы өтініш бойынша - жеткізушілер бойынша талдамалы есеп;
      ҚҚС қайтару туралы талап бойынша - жеткізушілер және сатып алушылар бойынша талдамалы есеп.
      Жеткізушілерде және (немесе) сатып алушыларда бұзушылықтар анықталған кезде міндетті тәртіпте қарсы салық тексеруі жүргізіледі немесе мониторингке жататын ірі салық төлеушілер бойынша салық бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - ҚР ҚМ СК) сұрау салу жіберіледі.
      Егер қарсы тексеру жүргізу сәтінде жеткізушінің таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда есепке жатқызылған ҚҚС сомасын растау, сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі негізінде жүргізіледі.
      Қарсы тексеру кезінде жеткізушінің таратылуына байланысты 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, қызметін тоқтатқан жағдайда, бірақ шот-фактурадағы көрсетілген өткізу күніне, ҚҚС төлеуші болып табылса онда осындай жеткізушімен жазып берілген шот-фактуралар тізімдемесінде көрсетілген ҚҚС сомасы бюджеттен қайтарылмайды және тексерілуші салық төлеушінің есебінен алып тастауға жатпайды.
      Егер салық тексеруі басталғанға дейін, салық төлеушіде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының жоқ екендігі анықталған жағдайда, салық органы салық төлеушіге жазбаша түрде ҚҚС қайтару туралы өтінішті не ҚҚС қайтару туралы талапты қараудан бас тарту жібереді.
      Осы тармақтың ережесі ҚҚС-ның асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібінде қолданылмайды.
      13. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша, ҚҚС қайтару туралы талап негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі Салық кодексінің 635-бабында айқындалған.
      14. 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан, есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының есептелген ҚҚС сомасынан асып кетуі бойынша бюджетпен өзара қатынасының тәртібі, Заңның 25-бабында айқындалған.
      15. Халықаралық тасымал кезіндегі нөлдік ставка бойынша салық салынатын қызметтер бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы Қаулының 5-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады. Бұл ретте жалпы тасымалдау көлеміндегі халықаралық тасымалдау көлемінің физикалық үлес салмағы салалық есепке сәйкес анықталады.
      16. ҚҚС-ның асып кетуін қайтару мерзімдерін сақтау мақсатында салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлімнің лауазымды тұлғасы салық тексеруін жүргізу басталған күннен бастап, он бес жұмыс күні ішінде айқындайды және жеткізушілерге қарсы тексерулер жүргізу туралы сұрау салулар, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер - жеткізушілер табыс еткен салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша сұрау салулар жібереді.
      17. Объектілер құрылысы бойынша қызметін АЭА аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар үшін, АЭА аумақтарына жеткізілген тауарларды Әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілердің құрылысы және оларды пайдалануға енгізу процесінде толық тұтыну фактісін растау үшін, тексеру жүргізуге жауапты лауазымды тұлға, АЭА аумағындағы салық органына сұрау салу жібереді.
      18. Мыналар бойынша:
      1) олар бойынша салық тексеруі аяқталған күніне жеткізушілермен өзара есеп айырысуларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізуге сұрау салуларға жауаптардың түпнұсқалары алынбаған және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің жеткізушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса;
      2) бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша мониторингке жататын, ірі салық төлеушілермен есеп айырысулардың расталмағаны туралы ҚР ҚМ СК алынған жауаптардың негізіндегі сомалар шегінде, ҚҚС-ның асып кетуі қайтарылмайды.
      19. Салық тексеруі актісінде міндетті тәртіпте қайтарылмау себептері туралы осыған ұқсас ақпарат көрсетіледі.
      20. Егер салық тексеруінің нәтижелері бойынша ҚҚС сомасы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, жасалған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылған сомадан көп болған жағдайда, салық төлеуші салық тексеруі актісімен расталған ҚҚС сомасы мен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы арасындағы айырма шегінде мәлімделген салық кезеңі (салық кезеңдері) ішінде ҚҚС қайтару туралы өтініш беруге құқылы.
      Бұл жағдайда салық органы салық тексеруін жүргізбей осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш пен салық тексеруі актісі негізінде қайтару жүргізеді.
      21. Егер 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, жасалған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша, салық тексеруі аяқталғаннан кейін қосымша салық есептілігі нысанын табыс ету себебі бойынша және басқа да себептермен тексерілген кезең үшін ҚҚС қайтару туралы өтініш табыс етілген жағдайда, жеткізушілер бойынша талдамалы есеп міндетті тәртіпте жасалады және салық тексеруі жүргізіледі.
      22. Егер 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін, жасалған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша, салық тексеруі аяқталғаннан кейін, кедендік жүк декларациясын табыс ету, валюта түсімдерінің түсуі себебі бойынша тексерілген кезең үшін, ҚҚС қайтару туралы өтініш табыс етілген жағдайда, жеткізушілер бойынша талдамалы есеп жасалмай-ақ салық тексеруі жүргізіледі.

4. ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезіндегі ерекшеліктер

      23. ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібінде салық есептілігі нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім ҚҚС қайтару туралы талап салық органына табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеушіде соңғы салық тексеруі немесе соңғы ҚҚС асып кетуін қайтару сәтінен бастап салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесінің жоқ немесе бар екендігін, сондай-ақ оның дербес шотында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларының дұрыс көрсетілуін тексереді.
      Егер ҚҚС төлеуші басқа салық органдарында есепте тұрған жағдайда салық есептілігі нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім ҚҚС төлеушінің тіркелген салық органдарына да осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сұрау салу жібереді.
      Егер ҚҚС төлеушінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда салық есептілігі нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім ҚҚС төлеушінің құрылымдық бөлімшелерінің тіркелген салық органдарына да осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сұрау салу жібереді.
      Салық есептілігі нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім бір мезгілде ҚҚС қайтару туралы талапты салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлімге береді.
      24. Осы Ереженің 23-тармағының екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген сұрау салу осындай сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.
      25. Осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген сұрау салуларға жауаптарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде салық есептілігі нысандарын қабылдауға және өңдеуге жауапты бөлім оларды салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлімге жібереді.
      26. Алынған жауаптардың негізінде бұзушылықтар фактісі анықталған кезде салық төлеушіге олардың ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы жоқтығы туралы хат жібереді.
      Сонымен бір мезгілде салық төлеуші Салық кодексінің 272 және 273-баптарында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хабарландырылады.
      27. Осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген хатты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органын Салық кодексінің 272 және 273-баптарында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тарту немесе қолдануға келісу туралы шешім қабылдағаны жөнінде жазбаша хабарландырады.
      Салық төлеушіден жауаптың болмауы Салық кодексінің 272 және 273-баптарында көзделген ҚҚС қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
      28. Алынған жауаптар негізінде бұзушылықтар болмаған кезде салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлім, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін, Салық кодексінде белгіленген мерзімдерден кейін бір жұмыс күні ішінде есеп жүргізуге жауапты бөлімге, олар бойынша салық төлеушінің салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы қажетті құжат (бұдан әрі - берешегінің жоқ екендігі туралы құжат) дайындау үшін, ҚҚС төлеушілердің тізімін жібереді.
      29. Салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлім, берешегінің жоқ екендігі туралы құжатты алған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірмей және есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде ҚҚС асып кетуін қайтаруға өкім жасайды.
      Есепке жатқызуға салықтық өтінішті ҚҚС төлеуші салық органына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімдерден кейін бір жұмыс күні ішінде тапсырады.

5. ҚҚС-ның асып кетуін қайтару

      30. ҚҚС-ның асып кетуін қайтаруды салық тексеруі актісімен не актіге қорытындымен расталған, сондай-ақ ҚҚС қайтару туралы өтініште немесе салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС сомасы шегінде салық органдарымен жүзеге асырылады.
      31. Салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қойылған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеуші салық органына салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімақылар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі - есепке жатқызуға салықтық өтініш) береді.
      32. Егер салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтініш бермеген болса, ҚҚС-ның асып кетуін есепке жатқызу (қайтару) жүргізілмейді.
      Салық төлеушінің талабы бойынша салыстыру актісі жасалады.
      33. Салық тексеруі актісіне не актіге қорытындыға қол қойылған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде салық тексеруін жүргізуге жауапты бөлім, есеп жүргізуге жауапты бөлімге, олар бойынша салық төлеушінің салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы қажетті құжат (бұдан әрі - берешегінің жоқ екендігі туралы құжат) дайындау үшін, ҚҚС төлеушілердің тізімін жібереді.
      34. Егер ҚҚС төлеушіде салық берешегі болған жағдайда және есепке жатқызуға салықтық өтініш берген кезде есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық берешегі, берешегінің жоқ екендігі туралы құжат деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, ҚҚС қайтару (есепке жатқызу) берешегінің жоқ екендігі туралы құжат негізінде жүргізіледі.
      35. ҚҚС асып кетуін қайтару салық берешегі болмаған кезде ҚҚС төлеушінің орналасқан орны бойынша оның банк шотына жүргізіледі.
      Егер ҚҚС төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда ҚҚС-ның асып кетуін қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінде салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады