"Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші сыйақылар) сыйақы беру тәртібі туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 31-2/16 бұйрығы.

      «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми сыйақылар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші сыйақылар) сыйақы беру тәртібі туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4758 тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылы 27 шілдеде № 114 (1143) санында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК инвестициялық және инновациялық саясат департаменті (Құрманов Р.Ж.) белгіленген тәртіппен бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және бұдан бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады