«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 631 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 17-02/482 бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 631 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6596 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 145-146 (26548) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Нысанбаев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бір апта мерзімде жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады