"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 02-01-02/80 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда № 6308 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 шілдедегі № 308-310 (26154) "Егемен Қазақстан" және 2010 жылғы 3 тамыздағы № 201 (26262)) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 02-01-02/80 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Төрағасының м.а. 2011 жылғы 28 мамырдағы № 02-01-02/101 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 9 мамырда № 6997 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 188 (26609) "Казахстанская правда" және 2011 жылғы 16 тамыздағы № 255 (26653)) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (М.Ы.Өтешев) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Байменов