Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 11 мамырдағы № 02-01-02/80 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6308 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 9 шілдедегі № 02-01-02/90 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012.07.09 № 02-01-02/90 Бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі Ережесінің 4-тармағына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5214 болып тіркелген) сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Келесі:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына қабылдау Ережесі;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына қабылдау Ережесі;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық Мемлекеттік саясат мектебіне қабылдау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының орынбасары А. Шомановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         Қ. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      _______ Ж. Түймебаев
      2010 жылғы 26 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының    
2010 жылғы 11 мамырдағы  
№ 02-01-02/80 бұйрығына  
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына қабылдау
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі - Академия) магистратурасына қабылдаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,  «Ғылым туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5214 болып енгізілген), Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
      2. Академия магистратурасына Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
      3. Академия магистранттарының контингенті мен санын қалыптастыру республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру көлемі шегінде, сондай-ақ жеке және/немесе заңды тұлғалардың қаражаты есебінен ақылы негізде жүзеге асырылады.
      4. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу және оқуға қабылдау кезеңіне Академия ректорының бұйрығымен Қабылдау, емтихан және апелляциялық комиссия құрылады.
      Академия ректоры Қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
      5. Өтініштер 01-31 шілде аралығында қабылданады.
      Қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 31 тамызға дейін жүргізіледі.
      6. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiнгі отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей даярлау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары (бюджеттік немесе ақылы негізде) және оқыту тілдерін көрсете отырып, магистратураға қабылдауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

2. Магистратураға оқуға түсушілерді қабылдау тәртібі

      7. Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.
      8. Академияның магистратурасына бюджеттік негізде оқуға түсушілер мемлекеттік қызметкерлер болуы және келесі талаптарға сай болуы тиіс:
      1) барлық оқу мерзіміне орташа балы «жақсыдан» төмен емес немесе GPA кемінде 3.0 балы бар жоғары білім туралы дипломының болуы.
      Сонымен, «Құқық» тобының мамандықтары бойынша аталған жоғары білім туралы дипломы заң мамандықтары бойынша болуы;
      2) құжаттар тапсыру кезеңіне мемлекеттік қызмет өтілі кемiнде 2 (екі) жыл болуы;
      3) «Құқық» тобының мамандықтары бойынша – сот, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдарда мамандығы бойынша еңбек өтiлi кемiнде 2 (екі) жыл болуы;
      4) «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде жұмыс iстейтiн және орталық мемлекеттiк органдардың халықаралық ынтымақтастық бөлiмшелерiнде жұмыс iстейтiн адамдар үшiн кемiнде 2 (екі) жыл болуы.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      9. Академия магистратурасына ақылы негізде оқуға түсушілер мына талаптарға сай болуы тиіс:
      1) барлық оқу мерзіміне орташа балы «жақсыдан» төмен емес немесе GPA кемінде 2.67 балы бар жоғары білім туралы дипломының болуы.
      Сонымен, «Құқық» тобының мамандықтары бойынша аталған жоғары білім туралы дипломы заң мамандықтары бойынша болуы;
      2) «Заңтану» мамандығы бойынша – құжаттар тапсыру кезеңiне мамандығы бойынша еңбек өтiлi кемiнде 2 (екі) жыл.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      10. Магистратураға оқуға түсушілер Академияның Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:
      1) ректордың атына жазылған өтініш өз еркінше;
      2) жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе істеген қызметтерінің тізімі;
      3) жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      4) 3,5х4,5 көлемді 6 фотосурет;
      5) медициналық анықтама;
      6) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      7) еңбек өтілі болған жағдайда, еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      8) жұмыс орнынан мінездеме;
      8-1) осы Ереженiң 13-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариалды куәландырылған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) сертификат көшiрмесi (бар болса);
      9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болса), аталған құжаттардың көшірмелерімен бірге.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      11. Магистратураға бюджеттік негізде оқуға түсушілер қосымша мыналарды тапсырады:
      1) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар адамның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама;
      2) жұмыс орнынан санаты және мемлекеттік қызмет өтілі көрсетілген анықтама.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

3. Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      12. Академия магистратурасына оқуға түсушілер мына қабылдау емтихандарын тапсырады:
      1) шет тілдерінің бірі бойынша;
      2) мамандығы бойынша.
      12-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:
      1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi);
      2) мамандық бойынша.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      13. Шет тілдерінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс) қабылдау емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      Басқа шет тілдері бойынша емтихан тапсыру және емтихан өткізу түрі (ауызша, жазбаша) туралы мәселені Қабылдау комиссиясы білім саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шешеді және оны жеке тәртіпте қарастырады.
      13-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0), Grundbaustein DaF (шектi балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шектi балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шектi балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шектi балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шектi балл - кемiнде 400) бағдарламалары бойынша шет тiлiнен (ағылшын, француз, немiс) тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      14. Жоғары білім беру бағдарламасының көлемінде мамандығы бойынша қабылдау емтиханын Академияның емтихан комиссиясы ауызша түрде жүргізеді.
      15. Академия магистратураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары негізгі және арнаулы білім беру пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде қалыптастырады.
      16. <*>
      Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      18. <*>
      Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      19. <*>
      Ескерту. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      20. Қабылдау емтихандарының бірінен қанағаттанарлықсыз баға алған тұлға одан әрі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      21. Қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген оқуға түсуші тиісті емтихан тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін жазбаша апелляциялық өтініш береді. Апелляциялық комиссия өтініш тапсырылған күннен бастап бір күн ішінде апелляция туралы өтінішті қарайды және емтихан бойынша соңғы баға туралы шешім шығарады.
      22. Апелляциялық комиссиясының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері тәуелсіз сарапшы ретінде қатыса алады.

4. Академия магистратурасына қабылдау тәртібі

      23. Қабылдау комиссиясы магистранттар қатарына қабылдауды оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады.
      24. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған және бюджеттiк негiзде оқу үшiн кемiнде 8 балл және ақылы негiзде оқу үшiн кемiнде 7 балл (дәстүрлi бағалау жүйесi бойынша) жинаған тұлғаларды Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретiнде қарастырады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      25. Бюджеттік негізде оқуға қабылдау кезінде бірдей балл жинаған жағдайда, оқуға түсушілерге мына реттілік бойынша басым құқық беріледі:
      1) мамандығы бойынша ең жоғары баға алған;
      2) шет/қазақ, орыс тiлi бойынша ең жоғары баға алған;
      2-1) мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп;
      3) тиісті мамандық бейіні бойынша ғылыми жетістіктері (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, патенті, ғылыми жарияланымдары) бар;
      4) мемлекеттік қызметте көп еңбек өтілі бар;
      4-1) магистратура мамандық бейіні бойынша жоғары бiлiм туралы дипломының бар;
      5) үздік белгідегі жоғары білім туралы дипломы бар.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      26. Бюджеттік негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық Академия, оқуға түсетін конкурсант және Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган арасындағы үш жақты шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Ақылы негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық шарт жасалғаннан кейін және бірінші оқу жылының толық немесе жартылай (50%) ақысы төленгеннен кейін шығарылады.

Қазақстан Республикасы      
Президентінің жанындағы     
Мемлекеттік басқару академиясының
магистратурасына қабылдау   
Ережелеріне қосымша      

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының   
2010 жылғы 11 мамырдағы 
№ 02-01-02/80 бұйрығына 
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына қабылдау
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) докторантурасына қабылдаудың осы ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,  «Ғылым туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5214 болып енгізілген), Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
      2. Академия докторантурасына Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      3. Академияның докторанттар контингентін қалыптастыру республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру көлемі аясында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      4. Азаматтарды докторантураға қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады.
      5. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу және қабылдау кезеңіне Академия ректорының бұйрығымен Қабылдау, емтихан және апелляциялық комиссия құрылады.
      Академия ректоры Қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
      6. Өтініштер 1–30 шілде аралығында қабылданады. Оқуға түсу емтихандары 1–20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.
      7. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей докторантураға қабылдауды даярлау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары және оқыту тілдерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

2. Қабылдауды ұйымдастыру

      8. Академия докторантурасына оқуға түсушілер мына талаптарға сай болуы тиіс:
      1) магистр академиялық дәрежесінің болуы;
      2) кемiнде 3 (үш) жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар мемлекеттік қызметшілер болуы тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      9. Докторантураға түсетін азаматтар Академияға мына құжаттарды тапсырады:
      1) Академия ректорының атына жазылған өтініш, өз еркінше;
      2) зерттеу тақырыбы бойынша Академия бекіткен нысанда автореферат түрінде қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған негіздеме;
      3) 3,5х4,5 көлемді 6 фотосурет;
      4) медициналық анықтама;
      5) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      6) магистр академиялық дәрежесі туралы құжаттың нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге - мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      7) жұмыс орнынан мінездеме;
      8) еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге - мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, аталған құжаттардың көшірмелері;
      10) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама;
      11) мемлекеттік органның кадр қызметі растаған кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы немесе істеген қызметтерінің тізімі;
      12) жұмыс орнынан санаты және мемлекеттік қызмет өтілі көрсетілген анықтама;
      13) осы Ереженiң 13-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге - мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) сертификат көшiрмесi (бар болса).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      10. <*>
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

3. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі

      11. Академия докторантурасына оқуға түсушілер мына қабылдау емтихандарын тапсырады:
      1) шет тілдерінің бірі бойынша;
      2) мамандығы бойынша.
      11-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:
      1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi);
      2) мамандық бойынша.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      12. Докторантураға қабылдау емтихандарын емтихан комиссиясы өткізеді.
      13. Шет тілдерінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс) қабылдау емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      Басқа шет тілдері бойынша емтихан тапсыру және емтихан өткізу түрі (ауызша, жазбаша) туралы мәселені Қабылдау комиссиясы білім саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шешеді және оны жеке тәртіпте қарастырады.
      13-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0), Grundbaustein DaF (шектi балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шектi балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шектi балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шектi балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шектi балл - кемiнде 400) бағдарламалары бойынша шет тiлiнен (ағылшын, француз, немiс) тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      14. Академияның емтихан комиссиясы мамандық бойынша қабылдау емтиханын магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары көлемінде ауызша жүргізеді.
      14-1. Академия докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру пәндерiнiң типтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырады.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      15. Қабылдау емтихандарының бірінен қанағаттанарлықсыз баға алған тұлға одан әрі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      16. Қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген оқуға түсуші тиісті емтихан тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін жазбаша апелляциялық өтініш береді. Апелляциялық комиссия өтініш тапсырылған күннен бастап бір күн ішінде апелляция туралы өтінішті қарайды және емтихан бойынша соңғы баға туралы шешім шығарады.
      17. Апелляциялық комиссиясының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері тәуелсіз сарапшы ретінде қатыса алады.

4. Академия докторантурасына қабылдау тәртібі

      18. Қабылдау комиссиясы докторанттар қатарына қабылдауды оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады.
      19. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған кемінде 8 балл (дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша) жинаған тұлғаларды қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретінде қарастырады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      20. Бiрдей балл жинаған жағдайда, оқуға қабылдау кезiнде мамандығы бойынша ең жоғары баға алған, сосын шет/қазақ, орыс тiлiнен ең жоғары баға алған үмiткерлерге басым құқық берiледi.
      Мамандығы бойынша және шет/қазақ, орыс тiлi бойынша бiрдей балл жинаған жағдайда, оқуға қабылдау кезiнде мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп бар, сосын тиiстi мамандық бейiнi бойынша ғылыми жетiстiктерi (ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, патенттерi, ғылыми мақалалары және т.б.) бар үмiткерлерге басым құқық берiледi.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      21. Оқуға қабылдау туралы бұйрық Академия, оқуға түсетін конкурсант, және Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган арасындағы үш жақты шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының   
2010 жылғы 11 мамырдағы 
№ 02-01-02/80 бұйрығына 
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының
Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі Ғ? Академия) Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне қабылдаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Ғылым туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5214 болып енгізілген), Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
      2. Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне (бұдан әрі – МСҰМ) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
      3. МСҰМ-да білім алушылар контингенті мен санын қалыптастыру республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру көлемі шегінде, сондай-ақ жеке және/немесе заңды тұлғалардың қаражаты есебінен ақылы негізде жүзеге асырылады.
      4. МСҰМ-ға оқуға түсу емтихандарын өткізу және оқуға қабылдау кезеңіне Академия ректорының бұйрығымен Қабылдау, емтихан және апелляциялық комиссия құрылады.
      Академия ректоры Қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
      5. МСҰМ-ға оқуға түсушілердің өтініштері 1–30 шілде аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 31 тамызға дейін жүргізіледі.
      6. Академия құжаттарды тапсыру мерзімі басталғанға дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей МСҰМ-ға қабылдауды дайындау мамандықтарын, оқу мерзімі, шарттары (бюджеттік немесе ақылы негізде) және оқыту тілдерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

2. МСҰМ-не оқуға түсушілерді қабылдау тәртібі

      7. МСҰМ-ға бюджеттік негізде оқуға түсушілер контингенті мыналардан құралады:
      1) саяси мемлекеттік қызметшілер;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығымен бекiтiлген санаттар бойынша әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының Тiзiлiмiне сәйкес А-1, А-2, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, E-1, E-2 санатындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге құқықтық мәртебе айқындалған, орталық және өңірлік комитеттердің (департаменттер мен инспекциялар) басшылары, басшыларының орынбасарлары лауазымындағы мемлекеттік қызметшілер.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      8. МСҰМ-ға ақылы негізде оқуға түсушілер контингенті мыналардан құралады:
      1) осы Ережелердің 8-тармағында көрсетілген тұлғалар;
      2) ұлттық компаниялардың бірінші басшылары мен департаменттер басшылары орынбасарынан төмен емес қызметтегі лауазымды тұлғалар;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 «Мемлекеттік қызметтің кадрлар резерві туралы» Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4152 болып енгізілген) саяси мемлекеттік қызметтің кадрлар резервіне қабылдау үшін қойылатын талаптарға сай болатын ұйым басшылары.
      9. МСҰМ-ға оқуға түсушілер мына талаптарға сай болуы тиіс:
      1) жоғары білімінің болуы;
      2) құжаттарды тапсыру кезеңіне еңбек өтілінің болуы:
      бюджеттік негізде оқуға түсушілер үшін мемлекеттік қызметте кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 1 (бір) жыл;
      ақылы негізде оқуға түсушілер үшін жалпы еңбек өтілі кемінде 7 (жеті) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 1 (бір) жыл, немесе мемлекеттік қызметте 5 (бес) жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 1 (бір) жыл.
      10. МСҰМ-ға оқуға түсушілер Академияның қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:
      1) ректордың атына жазылған өтініш, өз еркінше;
      2) жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      3) 3,5х4,5 көлемді 6 фотосурет;
      4) медициналық анықтама;
      5) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариалдық расталған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) көшірмесі;
      7) жұмыс орнынан мінездеме;
      7-1) осы Ереженiң 14-1-тармағында көрсетiлген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы қолданыстағы нотариалды куәландырылған (мемлекеттік қызметкерлерге – мемлекеттік органның кадр қызметі растаған) сертификат көшiрмесi (бар болса);
      8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері болған жағдайда, аталған құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың тізімі;
      9) жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы немесе істеген қызметтерінің тізімі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      11. МСҰМ-ға бюджеттік негізде оқуға түсушілер қосымша мыналарды тапсырады:
      1) Мемлекеттік органның жетекшісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағыттауға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, Академия бекiткен нысандағы жолдама;
      2) жұмыс орнынан санаты және мемлекеттік қызмет өтілі көрсетілген анықтама.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

3. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі

      12. МСҰМ-ға оқуға түсушілер мына қабылдау емтихандарын тапсырады:
      1) ағылшын тілі бойынша;
      2) мамандығы бойынша.
      12-1. Шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:
      1) қазақ немесе орыс тiлдерi бойынша (оқыту тiлi);
      2) мамандық бойынша.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      13. МСҰМ қабылдау емтихандарының бағдарламаларын жоғары негізгі және арнаулы білім беру пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде қалыптастырады.
      14. Ағылшын тілі бойынша қабылдау емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      14-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шектi балл - кемiнде 560), International English Language Tests System (IELTS, шектi балл - кемiнде 6.0) бағдарламалары бойынша ағылшын тiлiнен тест тапсырғандығы туралы расталған қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары ағылшын тiлiнен түсу емтихандарынан босатылады.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      15. Жоғары бiлiм беру бағдарламасының көлемiнде мамандығы бойынша қабылдау емтиханын емтихан комиссиясы ауызша түрде жүргiзедi.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      16. <*>
      Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      17. Қабылдау емтихандарының бірінен қанағаттанарлықсыз баға алған тұлға одан әрі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      18. Қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген оқуға түсуші тиісті емтихан тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляциялық комиссияға өтініш береді. Апелляциялық комиссия өтініш тапсырылған күннен бастап бір күн ішінде апелляция туралы өтінішті қарайды және емтихан бойынша соңғы баға туралы шешім шығарады.
      19. Апелляциялық комиссиясының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері тәуелсіз сарапшы ретінде қатыса алады.

4. МСҰМ-ға қабылдау тәртібі

      20. Қабылдау комиссиясы МСҰМ-ға қабылдауды оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады.
      21. Қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша оң баға алған және кемiнде 8 балл (дәстүрлi бағалау жүйесi бойынша) жинаған тұлғаларды Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдануға кандидат ретiнде қарастырады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      22. Бюджеттiк негiзде оқуға қабылдау кезiнде бiрдей балл жинаған жағдайда, мамандығы бойынша ең жоғары баға алған, сосын ағылшын/қазақ, орыс тiлi бойынша ең жоғары баға алған оқуға түсушiлерге басым құқық берiледi.
      Мамандығы бойынша және ағылшын/қазақ, орыс тiлi бойынша бiрдей балл жинаған жағдайда, қабылдау кезiнде мемлекеттік қызметтің басшылық лауазымдарындағы еңбек өтілі көп бар, сосын тиiстi мамандық бейiнi бойынша ғылыми жетiстiктерi (ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, патенттерi, ғылыми жарияланымдары және басқалар), сосын үздiк белгiдегi жоғары бiлiм туралы дипломы бар азаматтарға басым құқық берiледi.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.28 № 02-01-02/101 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.
      23. Бюджеттік негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық Академия, оқуға түсетін конкурсант, және Академияға оқуға жіберген мемлекеттік орган арасындағы үш жақты шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.    Ақылы негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық шарт жасалғаннан кейін және бірінші оқу жылының толық немесе жартылай (50%) ақысы төленгеннен кейін шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады