Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 255 Бұйрығы

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 129 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
      1) "2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 167 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 13 мамырда № 5674 болып тіркелген);
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 291 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 шілдеде № 6327 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады