"1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 632 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3881. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнің 2012 жылғы 15 қазандағы № 477 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрiнің 2012.10.15 № 477 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 354 тіркелген, өзгерістер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3675 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312  бұйрығымен енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді";

      10-тармақтағы ", тәртіп бойынша," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Ғылым департаменті (В.В. Могильный) заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады