«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі Жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 416 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6723 болып тiркелген; «Казахстанская правда» 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 15-16 (26436-26437); «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 26 наурыздағы № 106-109 (26511) газеттерiнде; 2011 жылғы № 7 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi (А.А. Надырбаев) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бiр апталық мерзiмде осы бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Министр Ә. Исекешев