Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 416 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 5 қаңтарда № 6723 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 387 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 22.10.2012 № 387 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 20-бабының 29) тармақшасына және 57-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                    Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасы    
Индустрия және жаңа    
технологиялар министрінің 
2010 жылдың 7 желтоқсандағы
N 416 бұйрығымен      
бекітілді          

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстары салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
      2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      3. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің бұйрығымен бекітіледі.

2. Жұмыс тобының міндеттері

      4. Жұмыс тобының негізгі міндеті барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу болып табылады.

3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру

      5. Жұмыс тобының төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Жұмыс тобының төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды.
      6. Жұмыс тобының отырыстары, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 58-бабының талаптарына сәйкес тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім түскен жағдайда, өткізіледі және Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес болмаған өтінімдер қарауға жатпайды.
      7. Жұмыс тобының шешімдері, қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері шешім қабылдаған кезде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, Жұмыс тобы төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Жұмыс тобының Жұмыс органы болып табылады.
      Жұмыс тобының хатшысы Жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды. Жұмыс тобының хатшысы Жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, тікелей келіссөздердің нәтижесі бойынша Жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларын бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде дайындайды.
      9. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешімі тікелей келіссөздердің хаттамасымен рәсімделеді, оған Жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
      Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тікелей келіссөздердің хаттамасына өтініш берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
      Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу талаптары тікелей келіссөздер хаттамасына енгізіледі.
      10. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылданған күн болып есептеледі.
      11. Жұмыс тобының Жұмыс органы тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, өтініш берушіні тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер туралы хабардар етуге міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады