Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 174 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 115-117-баптарына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдық сектордың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және есептеу әдісіне сәйкес әзірленген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп беру мен қаржылық есептілік жүргізуге көшуге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының ІІМ жүйесінің республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 174 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 17 сәуірде № 1112 болып тіркелді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Бұйрық ішкі істер органдарының барлық ведомстволық бағынысты бөліністеріне жеткізілсін.
      3. ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш. Исенова) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры                                М.Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады