"Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 58 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 30 наурызда № 2778 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
       2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады