Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2778. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 58 Бұйрығымен

      Ескерту.Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.02.2013 № 58 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы"  Заңын және "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1385  қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 ақпандағы N 141 "Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы"  бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 наурыздағы N 1098 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С.Бектұрғановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап күшіне енеді.

       Министр

"Міндетті мемлекеттік      
ғылыми-техникалық сараптама  
объектілеріне мемлекеттік   
ғылыми-техникалық сараптама  
ұйымдастыру және жүргізу    
жөніндегі нұсқаулығын     
бекіту туралы"        
Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 16 наурыздағы   
N 209 бұйрығымен       
бекітілген         

  Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі
Нұсқаулығы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы"  Заңын және "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1385  қаулысын (бұдан әрі - Ереже) іске асыру мақсатында әзірленген.

      2. Нұсқаулық ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) ұйымдастыру және өткізуді нақтылайды.
      3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тапсырыс беруші - сараптама объектісі бойынша шешім қабылдайтын және МҒТС жүргізуге тапсырыс беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар;
      2) ұйымдастырушы - МҒТС жүргізуге тапсырысты іске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді орындаушы белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
      3) орындаушылар - МҒТС үшін жіберілген объектісін талдайтын және сараптама қорытындысын беретін тиісті мамандандырудың тәуелсіз сарапшылары, сараптама топтары, комиссиялары, кеңестері, ұйымдары.

  2. МҒТС ұйымдастыру және өткізу

      4. МҒТС өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсырыс беруші Ереженің 8-тармағы алтыншы абзацының талаптарына сәйкес ұйымдастырушымен МҒТС жүргізу туралы келісім-шарт жасайды.
      Елдің ғылыми-техникалық саласындағы ұлттық ақпарат ресурстарын қалыптастыратын ғылыми ұйыммен (бұдан әрі - ғылыми ұйым) МҒТС-ты ақпараттық, материалдық-техникалық және қаржылық алып жүруге келісім-шарт жасасады.

      5. Тапсырыс беруші келісім-шарт жасасқаннан кейін 5 күн ішінде ұйымдастырушыға МҒТС жүргізуге өтінімді және мынадай материалдарды жібереді:
      сараптама объектілері бойынша ақпараты бар жолдамалы хат;
      МҒТС-қа берілген іріктеу шарттары, материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар және ұйымдастырушымен келісілген оларды бағалау өлшемдері;
      материалдарды сараптамаға жіберу туралы конкурстық комиссияның хаттамасы (ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру кезінде); сараптама жүргізу үшін жіберілген объектілердің тізбесі (әр объект бойынша ақпарат көлемі көрсетілген), сондай-ақ материалдардың өзі (бағдарламаны қалыптастыру кезінде - конкурстық жобалар, ғылыми зерттеулерді орындау және аяқтау кезеңінде - ғылыми есептер) 2-данада.

      6. "Қазақстан Республикасында бағдарламаларды ресімдеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789  қаулысына сәйкес ресімделген бюджеттік өтінім бойынша мынадай материалдарды жібереді:
      бағдарламалар тізбесі (кіші бағдарламалар) және оларды қаржыландыру көлемі;
      әрбір бюджеттік бағдарламаға түсіндірме жазба;
      бюджеттік өтінімге енгізілген әрбір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) паспорт жобасы;
      бюджеттік өтінімге енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі.

      7. Ұйымдастырушы МҒТС-қа берілген іріктеу шарттары мен материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді.
      МҒТС жүргізуге берілген материалдардың 5 және 6-тармақтарда айқындалған шарттарға сәйкес болған жағдайда ұйымдастырушы МҒТС ұйымдастыру және жүргізу үшін барлық қажетті ақпаратты алғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде:
      МҒТС жүргізу бойынша орындаушылар белгілейді;
      ғылыми ұйымға МҒТС жүргізуге Ереженің алтыншы тармағында белгіленген талаптарды міндетті түрде сақтап отырып, МҒТС-ты ақпараттық, материалдық-техникалық және қаржылық алып жүруді тапсырады;
      келіп түскен материалдарға алдын ала талдау жүргізеді;
      тапсырма талаптарына сараптама жүргізу мерзіміне сәйкес МҒТС жүргізу жөнінде орындаушылармен жеке және ұжымдық сарапшылар жұмыстарының нәтижелерін ұсыну тәртібі туралы келісім жасасады;
      белгіленген тәртіппен орындаушыдан келіп түскен сараптама қорытындысына талдау жасайды, олардың негізінде уәкілетті орган басшысының орынбасарымен бекітілетін МҒТС қорытындысын дайындайды және тапсырыс берушіге жібереді.

      8. Ұсынылған материалдар іріктелген материалдар талаптарынан нақты ауытқыған жағдайда ұйымдастырушы алдын ала талдау нәтижелерін тапсырыс берушіге және материалдарды МҒТС берілген іріктеу шарттарына, материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар жібереді.

      9. МҒТС жүргізу бойынша орындаушы МҒТС жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік актілердің талаптарына сәйкес оған ұсынылған объектілерді зерделейді және бағалайды.
      МҒТС орындаушыға қажетті материалдар берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аз емес мерзімде жүргізілуі керек. Қажет болған жағдайда сараптама жүргізу мерзімі ұйымдастырушымен уағдаласу бойынша белгіленуі мүмкін.
      Орындаушы сараптама қорытындысын дайындайды және оны орындаушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырады.

  3. Қорытынды ережелер

      10. МҒТС жүргізу нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады, ол оның тапсырыс берушісіне қарауға алынатын және шешімдер тұжырымдау кезінде ескерілетін міндетті құжат болып саналады, оларды негіздеу үшін осы сараптама жүргізілген.

      11. МҒТС қорытындысында нақты өлшемдер бойынша сараптық бағалаудан басқа төмендегі мазмұнда қорытындылар болуы керек:
      объект орындалуға (қаржыландыруға) жатады;
      объект орындалуға (қаржыландыруға) жатпайды;
      объект келтірілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп қайта дайындауға ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады