Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 N 257 бұйрығымен.
1. "Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 109 бұйрығына ("Заң газетінің" 2008 жылғы 31 қазандағы N 166 (1392) жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5172 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім алушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті саннан асатын білім беру ұйымдары келесі күнтізбелік жыл ішінде кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады, бұл ретте жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары белгіленген шекті деңгейден өте алмаған мамандықтар бойынша аттестаттауға жатады.";
11-тармақтағы "бекіткен" деген сөзден кейін "күнтізбелік жыл ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақтағы "білім және іскерлікті бағалаудың қорытындысы бойынша білім алушылардың 70 пайызы" деген сөздер "білім мен іскерлікті бағалаудың нәтижелері бойынша осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес анықталған контингенттің тізімдегі құрамынан білім алушылардың кемінде 95%-ы қатысып, олардың кем дегенде 70%-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақ "кемшіліктер" деген сөзден кейін "алты ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев