"Ph.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 10-тармағына және  43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ph.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4235 нөмірмен тіркелген) күші жойылсын.
      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады