Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.07.2013 № 252 бұйрығымен.
Эксперименталдық бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнде Рh.D докторларын дайындауға арналған республикалық бюджеттiң қаражаттарын ретке келтiру және оңтайлы пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес шетелдiк ұйымдарда тағылымдамада (көшпелi iссапарда) жүрген Рh.D. докторларына тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормалары;
2) 2-қосымшаға сәйкес Рh.D. докторларын дайындауға арналған шығыстардың Үлгiлiк құрылымы бекiтiлсiн.
2. Бюджеттiк департаментi (Т А. Нұрғожаева):
осы бұйрықты белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн;
осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткiзсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.Өтеулинаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 25 сәуірдегі
N 211 бұйрығына 1-қосымша
Шетелдік ұйымдарда тағылымдамада (көшпелі іссапарда)
жүрген Ph.D. докторларының шығыстарын өтеу нормалары
N | Нормалардың атауы | |
---|---|---|
1 |
Тәуліктік |
Шетелдерде қысқа мерзімде іссапарда жүрген қызметкерлерге тәуліктік жөніндегі шығыстарды өтеу нормасынан 50% мөлшерінде ("Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысы) |
2 |
Оқу процесі кезінде тұру |
Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша, бірақ айына 1500 АҚШ долларына баламалы сомадан артық емес |
3 |
Көлік шығыстары |
Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша. Қазақстан ішіндегі жол жүру ақысы купелі вагоннан жоғары емес теміржол көлігіне жүк тасымалының ақысы қосылмай төленеді. |
4 |
Оқу процесін қамтамасыз |
Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша, бірақ 500 АҚШ долларына баламалы сомадан артық емес |
5 |
Іссапар кезеңінде шетелге келуге байланысты шығыстар (виза ресімдеу, сауалнама нысандарын төлеу, жазатайым және кенеттен болатын аурулардан медициналық |
Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша |
6 |
Білім алу және тағылымдамадан өту үшін |
Нақты шығыстар бойынша, жекелеген әрбір білім беру ұйымдарымен жасасқан шартта көрсетілген сомадан артық емес |
Ескерту: Барлық оқу кезеңінде 2 реттен артық емес 3 айға
дейін тағылымдамадан өтуге арналған (көшпелі іссапар) шығыстары
бюджет қаражаттары есебінен өтеледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 25 сәуірдегі
N 211 бұйрығына 2-қосымша
Ph.D. докторларын дайындауға
арналған шығыстардың үлгілік құрылымы
N | Шығыстар атауы |
---|---|
1 |
Ғылыми кеңесшілердің, оқытушылардың, оның ішінде шетелдік ұйымдардан шақырылғандардың еңбекақы шығыстары |
2 |
Стипендия төлеуге арналған шығыстар |
3 |
Әлеуметтік аударымдар |
4 |
Интернет шығыстарын, оқу процесіне қатысты байланыс қызметтерін төлеу |
5 |
Оқу және ғылыми процесті қамтамасыз етуде материалдар сатып алу |
6 |
Шетел ұйымдарында тағылымдамадан өту (көшпелі іссапарлар) |
7 |
Отандық және шетел басылымдарында ғылыми мақалалар жариялау |
8 |
Оқу процесіне байланысты құжатпен расталған басқа шығыстар |