"Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 157 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 368 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 99 НҚ бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 21-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеулер тізімінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 6473 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 (26310), «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 157 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 368 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің бірінші         Көлік және коммуникация
      орынбасары - Қазақстан                    министрі
      Республикасының Өңірлік даму
      министрі
      ______________ Б.Сағынтаев       _____________ А.Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады