Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 368 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 157 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6473 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 99 НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 11.06.2013 № 441 және ҚР Өңірлік даму министрінің 13.06.2013 № 99 НҚ бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда     Көлік және коммуникация
      министрі                         министрі    
      __________Ж. Айтжанова           ___________Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасының  
Экономикалық даму       
және сауда министрінің     
2010 жылғы 23 тамыздағы № 157 
және Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникация министрінің
2010 жылғы 20 тамыздағы № 368  
бірлескен бұйрығымен     
бекітілген           

нысан

Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________
______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті _____________________________
                                          (№, күні)
Аэронавигациялық мекеменің атауы (филиал)_____________________
______________________________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) _______________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
______________________________________________________________


р/н

Атауы

Сәйкестігін бағалау (+/-)

Сәйкессіздік жайғасымының нөмірі


Әуе қозғалысын ұйымдастыру

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесіне (бұдан әрі – Ұшудың негізгі ережесі) сәйкес, ӘҚҚ орталықтары мен қызметтері туралы ереженің болуы



2.

Төмендегідей мәліметтер ұсынылған, ӘҚҚ қызметінің ұйымдастырушылық құрылымының Ұшудың негізгі ережесі талаптарына сәйкестігі (штат кестесіне сәйкес қызметкерлермен толықтырылғандығы):
тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі (оқу орны, диплом бойынша біліктілігі), дербес жұмысқа рұқсаты, жұмыс өтілі, жасы



3.

ӘҚҚ орталықтары мен қызметтеріндегі басқарушы құрам мен мамандардың, ӘҚҚ диспетчерлерінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген лауазымдық нұсқауларының, жұмыс технологияларының болуы



4.

ӘҚҚ қызметіндегі диспетчерлердің аттестациядан өткендігі туралы ЖАК (АК) хаттамаларының болуы



5.

Диспетчерлік құрамның ауысым алдында (тұрақты) медициналық тексеруден өтуі



6.

Әуе қозғалысының тәуліктік жоспарының болуы (электрондық түрде немесе қағаз бетінде)



7.

Шынайы ақпаратты құжаттауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы



8.

ӘҚБ-ның шектес орталықтары арасындағы өзара іс-әрекет тәртіптемелері туралы келісімнің болуы



9.

Әуе кемелерінің ұшу жоспарын алуына және беруіне қойылатын талаптардың сақталуы



10.

ӘҚҚ ауысымдарының бекітілген жұмыс кестесінің болуы



11.

Апаттық радио желіні үздіксіз тыңдауды және әуе кемелерінің экипаждарымен байланыс жүргізуді қамтамасыз ететін құралдардың болуы;
ӘҚҚ қызметтері үшін әуе кемелері арасындағы, сондай-ақ әуе кемелері мен іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын жер үсті қызметтері арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілігінде қосымша радио желі ұйымдастыру



12.

Жауапкершілік аймақтарының, ӘҚҚ аудандарының, әуеайлақ аудандарының, әуе трассаларының, жергілікті әуе желілерінің, ӘҚҚ секторларының, тыйым салынған аймақтардың шекаралары көрсетілген әуе кеңістігі құрылымы сызбасының болуы



13.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға арналған нұсқаулықтың болуы



14.

ӘҚҚ қызметін күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа дайындау



15.

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді регламенттейтін Ұшудың негізгі ережесінде жазылған тәртіптемелердің сақталуы



16.

Әуеайлақ ауданында ұшу жөніндегі нұсқаулық талаптарының сақталуы



17.

ӘҚҚ қызметтерін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету




Радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану



18.

РТЖБП қызметінің (базасының) ұйымдастырушылық құрылымының Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 785 қаулысымен бекітілген Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы ережесінің талаптарына сәйкестігі; Қараңыз.P101525
төмендегідей мәліметтер ұсынылған, қызметкерлермен толықтырылғандығы (штат кестесіне сәйкес):
тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы; білімі (оқу орны, диплом бойынша біліктілігі); дербес жұмысқа рұқсаты, жұмыс өтілі, жасы



19.

Жабдықтардың пайдалануға жарамдылығы куәліктерінің нөмірлері көрсетілген, ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының жарамдылық куәліктері



20.

ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын резервте сақтау жөніндегі нұсқаулықтың болуы



21.

Резервке ауысудың (көшудің) нормативтік уақыты кестесінің болуы



22.

ҰРТҚ және байланыс құралдарының формулярлары мен паспорттарының болуы



23.

ҰРТҚ және байланыс құралдарының формулярлары мен паспорттарын жүргізу талаптарының сақталуы



24.

Құралдардың істен шығуын және бұзылуын жинақтау карталарының болуы;
Ауысым инженерінің журналында, бұйым формулярында немесе паспортында істен шыққандығы туралы жазба болған жағдайда, ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының істен шығуын тексеру актісін жасау



25.

РТЖБП қызметін күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа дайындау



26.

ӘҚҚ пункттерінің (ӘҚҚ АЖ орталықтарының) авиациялық әуе байланысын ұйымдастыру сұлбасының болуы



27.

РТЖБП қызметіндегі ауысым инженерінің журналының болуы



28.

РТЖБП қызметінің ауысым инженерінің журнал жүргізу тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі



29.

ҰРТҚ және байланыс нысанының (құралының) істен шығуына жүргізілген тексерулерді талдау



30.

Автоматтандырылған ҰРТҚ және байланыс нысандарында төмендегілердің барын тексеру:
1) қашықтықтан басқару және жұмысқа жарамдылығын бақылау жүйелері;
2) резервтік электр қорек көзін  автоматты түрде қосу және қашықтықтан сөндіру құрылғылары;
3) күзет және өрт дабылнамалары



31.

РТЖБП қызметінің басқарушы құрамының ҰРТҚ және байланыс нысандарының жай-күйін және техникалық пайдалануын сақтағанына тексеру жүргізу



32.

РТЖБП қызметіндегі ауысым инженерінің қызметтегі сөйлесулерін құжаттау құрылғысы арқылы тіркеу, радиобайланыспен жабдықталған кезекші автомобильдің болуы



33.

ҰРТҚ және байланыс жүйелерін жерде тексеру хаттамаларының болуы



34.

ҰРТҚ және байланыс құралдарын әуеде тексеру актілерін рәсімдеу



35.

ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсін) ұзарту жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрықтардың болуы;
ҰРТҚ және байланыс құралдары үшін техникалық жай-күй актілерін ресімдеу




ҰРТҚ жабдықтарының пайдалануға жарамдылық куәліктерінің болуы



36.

Трассалық шолу радиолокаторлары (ШРЛ-Т)



37.

Әуеайлақтық шолу радиолокаторлары (ШРЛ-Ә)



38.

Екінші реттік радиолокаторлар (ЕРЛ)



39.

Ұшу алаңын шолу радиолокаторлары (ҰАШ РЛҚ)



40.

Автоматты радиопеленгаторлар (АРП)



41.

Толқындардың метрлік ауқымын қондыру жүйесінің жер үсті жабдығы (ILS)



42.

Азимуталдық радиомаяктар (VOR)



43.

Алыстан өлшейтін радиомаяктар (DME)



44.

Маркерлік радиомаяктар (МРМ)



45.

Жетекті радиостанциялар (ЖРС)



46.

Жер бетіндегі және әуедегі электр байланыс құралдары



Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ӘҚҚ - Әуе қозғалысына қызмет көрсету;
ӘҚҚ АЖ – Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі;
ӘҚБ – Әуе қозғалысын басқару;
РТЖБП – Радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану;
ҰРТҚ – Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету;
ЖАК (АК) – Жоғары аттестациялық комиссия, аттестациялық комиссия.

Сәйкестілік бағасы:
(*) осы ұйым үшін міндетті емес;
(-1) – ұшу қауіпсіздігіне едәуір ықпал ететін сәйкессіздік;
(-2) – ұшу қауіпсіздігіне едәуір ықпал ететін және уәкілетті органмен келісілген мерзімде жоюға жататын сәйкессіздік;
(-3) – ұшуды орындау қауіпсіздігіне онша ықпал етпейтін елеусіз сәйкессіздік.

ӘҚҚ (РТЖБП) субъектілерінің инспекторлық тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктерінің тізбесі осы Аэронавигациялық ұйым қызметіне инспекциялық тексеріс жүргізу бойынша тексеру парағының қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді.

Аэронавигациялық ұйым 
қызметіне инспекциялық
тексеріс жүргізу бойынша
тексеру парағына   
қосымша       

ӘҚҚ (РТЖБП) қызметтерінің (нысандарының) инспекторлық тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктерінің тізбесі

______________________________________________________
Субъект атауы

ӘҚҚ (РТЖБП) қызметтерінің (нысандарының) жай-күйін инспекторлық тексеру бағдарламасындағы сәйкессіздік жайғасымының №

Сәйкессіздігінің сипаттамасы

Ескерту

1

2

3







Тексерушілер: _______________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
                  (қолдары, Т.А.Ә.) 

Тексеру жүргізілген күн: «___»________ 2010 жыл.

Танысып шықтым:

Тексеру жүргізілетін ӘҚҚ (РТЖБП) ұйымының басшысы: __________________
                                                     (қолы) (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады