«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 29-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2000 жылғы 13 қазандағы № 235 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1301 тіркелген);
2) «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдык ресурстар министрлігінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2000 жылғы 13 қазандағы № 235 бірлескен бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 293 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3430 тіркелген);
3) «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2000 жылғы 13 қазандағы № 235 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 85 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 133 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4716 тіркелген, мыналарда жарияланды: 2007 жылғы 13 шілде «Юридическая газета», № 106 (1309); Қазақстан Республикасы орталық орындаушылық және өзге мемлекеттік органдардың актілерінің жинағы 2007 ж., маусым.).
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті
(Ж.К. Бөкенбаев) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат
құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер- Қазақстан Республикасы
Министрінің орынбасары - Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі
Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
__________ Ә.Исекешев ___________ В.Божко