"Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 235 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 85, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар мнистрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 133 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4716 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 150 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 208 бірлескен бұйрығымен                       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 13.05.2013 № 150 және ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.05.2013 № 208 бірлескен бұйрығымен.

      "Заңнаманы жетілдіру мақсатында"  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 235  бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 1301 болып тіркелген "Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 қазандағы N 325 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 293 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 35 бірлескен бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1301 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерінде:

      57-тармақта "оның кәсібіне қатысты" деген сөздерден кейін "және әрбір бес жылдан кейін жерастындағы жұмыс кәсіптеріне өндірістен қол үздіріп қосымша оқу өткізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      446-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) электр жабдығы далдалардан 10 метр жақынырақ орнатылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар                   Энергетика және минералдық
министрі                            ресурстар министрі
 

  "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
 
  2007 жылғы "____"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады