Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 174 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда № 240-241 (974-975), «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда № 176-177 (801) жарияланды);
      2) «Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 209 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5787 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 11 болып жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Ж.Қ. Бөкенбаев) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                          Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады