"Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 209 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5787 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 174 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 05.06.2013 № 174 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3942 болып тіркелген "Заң газеті" газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсанда N 176-177(801) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақта "электр энергиясын тұтынушының" деген сөздер "үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші абзацында "энергиямен жабдықтау шартына қосымша болып табылады" деген сөздерден кейін "және/немесе электр энергиясын беру шартына" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың 13) тармақшасында "және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 26 тамыздағы N 189 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғылары құрылғыларының ережесіне (бұдан әрі - Электр қондырғылары құрылғыларының ережесі)" деген сөздер алып тасталсын;

      8-тармақтың 2) тармақшасында:

      бірінші абзацында "Электр қондырғылары құрылғысының ережесіне сәйкес толтырылады" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзацында "Электр қондырғылары құрылғылары ережелерінің 1.2.18-тармақ талаптарына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н. Бертісбаев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Мыңбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады