Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3942. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 174 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды  - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 05.06.2013 № 174 бұйрығымен.

      "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207  қаулысын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Бертісбаев Н.Б.) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-Министрі Б.Е.Оразбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің     
2005 жылғы 22 қазандағы    
N 281 бұйрығымен бекітілген  

  Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық
броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық

  І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін (бұдан әрі - АТБ актісі) жасау жөніндегі нұсқаулық АТБ актісін жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207  қаулысымен бекітілген авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережелері мен шарттарына сәйкес әзірленді.

      2. АТБ актілері авариялық шектеулер мен электр энергиясы тұтынушыларын ажыратулардың кестелерін әзірлеуге арналған бастапқы құжаттары болып табылады.

      3. АТБ актісін жасау энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкіліне және үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері өкіліне бірлесе отырып жүктеледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.07.27. N 209 Бұйрығымен.

      4. АТБ актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына қосымша болып табылады және/немесе электр энергиясын беру шартына.
      АТБ актісінің бір данасы тұтынушыда, яғни электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғада, екіншісі - Мемэнергияқадағалау комитетінің өңірлік бөлімінде, үшіншісі - энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымда болады. Энергия беруші ұйымның электр желілерінің жүктемеден босату кестелерін әзірлеу кезінде АТБ актісі энергиямен жабдықтау және қуаттар режимдерін іріктеу кезіндегі негізгі құжат болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.07.27. N 209 Бұйрығымен.

      5. АТБ актісін жасау үшін энергия тұтынудың жалпы көрсеткіштерін, өндірістік процестердің сипатын және жалпы кәсіпорын бойынша тұтастай және жекелей алғанда әрбір қоректендіруші желі бойынша технологиялық және энергетикалық жабдықтың құрамын білу қажет.

      6. АТБ актісі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
      тұтынушының арызы бойынша;
      энергиямен жабдықтау схемасының өзгеруі кезінде;
      кәсіпорынның электр жүктемесінің 20% және одан артық шамаға ұлғаюы кезінде;
      технологиялық процесті өзгертуге байланысты.

  2. АВАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
БРОННЫҢ АКТІСІН ТОЛТЫРУ ТӘРТІБІ

      7. Авариялық және технологиялық бронның актісі осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысанда толтырылады:
      1) 1-жолда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйыммен энергиямен жабдықтау шартына сәйкес тұтынушының жеке шоты көрсетіледі;
      2) 2-жолда электр энергиясын пайдалану шарты жасалатын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы көрсетіледі;
      3) 3-жолда кәсіпорынның, саланың толық атауы;
      4) 4-жолда пошта индексі, кәсіпорынның мекен-жайы көрсетіледі;
      5) 5-жолда кәсіпорынның (басшының, бас инженердің, бас энергетиктің, қосалқы станция кезекшісінің) телефондары көрсетіледі;
      6) 6-жолда кәсіпорынның жыл ішіндегі ауысымдылығы және жұмыс сағаттарының саны көрсетіледі;
      7) 7-жол - энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның ең көп жүктеме сағаттарында кәсіпорынның жүктемесі энергиямен жабдықтаушы ұйымның таңертеңгі және кешкі ең көп сағаттарындағы кәсіпорынның неғұрлым көп электр жүктемелерінің орташа үш сағаттығы секілді соңғы қысқы (жазғы) жұмыс күнінің тәуліктік кестесі бойынша анықталады. Бұл ретте егер барлығы тұтынушының жүктемесінде өзгерістер болған уақыттан бастап орын алған болса, оны ескеру керек;
      8) 8-жолда қуаттарды қосымша ұлғайтудан (төмендетуден) энергия тұтынудағы өзгерістерді ескеретін, соңғы үш жылғы энергия тұтынудың орташа жылдық мәні көрсетіледі;
      9) 9-жолда - тәуліктік энергия тұтыну кәсіпорынның жұмыс күнгі жүктемесінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша немесе энергия тұтынуда болған өзгерістерді ескерумен желтоқсандағы (маусымдағы) тәуліктік орташа шығысы бойынша анықталады;
      10) 10-жолда тұтынушының трансформатор, беруші пунктінің (бұдан әрі - ТП, БП) және тарату құрылғысының (бұдан әрі - ТҚ) нөмірі көрсетіледі;
      11) 11-жолда нөмірі немесе энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) атауы көрсетіледі;
      12) 12-жолда - баланстық тиесілігін шектеу және осы электр қондырғысы жөніндегі тараптардың пайдалану жауапкершілігі бойынша белгіленген қоректендіруші желілердің саны көрсетіледі;
      13) 13-жолда - энергиямен жабдықтау шартына сәйкес сенімділігі бойынша санаттылығы көрсетіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.07.27. N 209 Бұйрығымен.

      8. І "Авариялық броны" бөлімінде бағандар былайша толтырылады:
      1) 1-бағанда - рет бойынша нөмірі;
      2) 2-бағанда - ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі. Электр қондырғылары - кенеттен ажыратылуы өрт, жарылыс немесе адам өміріне қауіп төндіретін, атап айтқанда: авариялық және күзеттік жарықтандыру; жарылу қаупі, өрт қаупі бар цехтардағы және адам өміріне қауіпті ортадағы вентиляция; су төкпе, канализация, жылыту, өрт қауіпсіздік құралдары.
      Электр қабылдағыштарды әрбір қоректендіруші желі бойынша жеке көрсету керек.
      Тізбені толтыру кезінде электр жабдығының толық атауы көрсетіледі.
      Сыртқы және ішкі желілер бойынша резервтік қоректендіруі жоқ электр қабылдағыштар энергиямен жабдықтаудың 1-санатына жатқызылмайды және авариялық бронге енгізілмеуі тиіс;
      3) 3 және 4-бағандарда - жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, тиісінше қыстық, жаздық болып жеке көрсетіледі.
      Атаулы қуат бойынша жұмыс жүктемесін есептеу кезінде электр жабдықтарының жүктілігі мен олардың жұмысының бірмезгілділік коэффициенттерін ескеру қажет;
      4) 5 және 6-бағандарда - тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) әрбір электр қабылдағыш бойынша 3 және 4-бағандарда жүктемелерді ескерумен тиісінше көрсетіледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.07.27. N 209 Бұйрығымен.

      9. ІІ "Технологиялық броны" бөлімінде бағандар былайша толтырылады:
      1) 7-бағанда - рет бойынша нөмірі;
      2) 8-бағанда - технологиялық процестер мен операциялардың тізбесі;
      Технологиялық броны электр қабылдағыштары тізбесіне тұтынушыға негізгі технологиялық процесті аяқтау үшін қажетті электр жабдығы енгізіледі.
      Технологиялық бронды жасау кезінде оларды өнімді бүлдірмей аяқтау үшін ең көп уақытты көрсетумен үздіксіз технологиялық процестердің тізбесін және жабдықтарды, циклдық технологиялық процестерге режимдік карталарды; электр энергиясын беруді кенет тоқтатуды болдырмауды растайтын жабдықтарға паспорттық деректер мен пайдалану нұсқаулықтарын; ішкі энергиямен жабдықтаудың жобалық және нақты схемаларын пайдалану қажет;
      3) 9-бағанда - сағаттарда (8-бағанда көрсетілген әрбір процесс бойынша) көрсетілген технологиялық процестің ұзақтылығы.
      Технологиялық процестің ұзақтылығы кезінде тәулік ішінде және одан артық болғанда - 24 сағат қойылады;
      4) 10 және 11-бағандар осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес толтырылады;
      5) 12 және 13-бағандар осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес толтырылады.

      10. ІІІ "Электрмен жабдықтау көздері және қоректендіруші желілердегі жүктемелер" бөлімінде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның ТП, БП-дан кенеттен ажырату жарылысты, өртті, адамдардың өміріне қауіп төндіретін, негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жалпылай ақаулануына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкелетін электр қабылдағыштарды көрсетумен тұтынушының әрбір қоректендіруші желісі бойынша әр жолдың мағынасы түсіндіріліп беріледі:
      1) 14-бағанда - рет бойынша нөмірі;
      2) 15-бағанда - осы кәсіпорынның энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықталуы жүзеге асырылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымның нөмірі немесе қоректендіруші орталықтың атауы (ТП, БП, ТҚ);
      3) 16-бағанда - энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын тұтынушының (фидердің) нөмірі немесе қоректендіруші орталықтың атауы;
      4) 17-бағанда - қысқы өлшемдер (желтоқсан) бойынша қоректендіруші желінің жалпы жүктемесі (кВт);
      5) 18-бағанда - кенеттен ажырату негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жалпылай ақаулануына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкелетін электр қабылдағыштардың тізбесі;
      6) 19-бағанда - осы қоректендіруші желідегі (фидердегі) технологиялық бронның жұмыс жүктемесі (кВт).
      Жұмыс жүктемесін есептеу кезінде І-бөлімнің 3, 4-бағандарындағы талаптар қойылады;
      7) 20-бағанда - сағаттармен (ІІ-бөлімнің 21-бағанында көрсетілген әрбір процесс бойынша) технологиялық процесті аяқтау үшін қажет етілетін уақыт;
      8) 21-бағанда - кенеттен ажырату жарылысты, өртті, адамдардың өміріне қауіп төндіретін кәсіпорынның авариялық бронына енгізілген энергия қабылдағыштардың тізбесі (І-бөлімнің 21-бағаны);
      9) 22-бағанда - жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне сәйкес әрбір қоректендіруші желі бойынша авариялық бронның жүктемесі (кВт);
      10) 23-бағанда - жүктеме қай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылып қосылады.
      Ажыратылмайтын электр қабылдағыштарды ауыстырып қосуды кәсіпорын міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметімен келіседі.

      11. ІV "Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері" бөлімінде бағандар былайша толтырылады:
      1) 1-жолда - энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілеріндегі қуаттардың авариялық жетіспеушілігі кезінде қоректендіруші орталықтардың өстері ажыратылуы мүмкін - кәсіпорын бойынша толық ажыратылуы мүмкін жүктеме (кВт) көрсетіледі;
      2) 2-жолда - ажыратылатын желілердің (фидерлердің) нақты нөмірі және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;
      3) 3-жолда - ІІІ-бөлімнің 20-бағанында көрсетілген технологиялық процестің аяқталу уақытының бітуі бойынша ағытылуы мүмкін желілердің (фидерлердің) нөмірлері және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі.
      1, 2 және 3-жолдарда жүктемелер жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне қатаң сәйкестікпен көрсетіледі.
      Ажыратылатын қоректендіруші желіні белгілеу кезінде, авариялық жағдайларда авариялық және технологиялық бронге қатысты электр қабылдағыштары жоқ желілермен қатар, сондай-ақ (желінің толық жүктемесінен 25%-ға дейінгі) авариялық және технологиялық бронның аздаған жүктемедегі желілері ажыратылуы мүмкін екендігін есте ұстау қажет.

      12. V бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талап етуі бойынша тез арада ажыратылуы қажет қоректендіруші желілер (фидерлер) және олардың жүктемесі туралы мәліметтерді қамтиды.

      13. VІ бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның желі жұмысында (фидерде) қалған ажыратылған жүктемелерді энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз қайта ауыстыруға тыйым салу туралы талабын қамтиды. Осы жолда міндетті түрде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің телефоны көрсетіледі.

      14. VІІ бөлім резервті автоматты түрде қосудың қолда бар құрылғыларын пайдалану мүмкіндігін бейнелейді.

      15. VІІІ бөлім энергия тұтыну және қуаттар режимдерін енгізу кезінде осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтауға арналған шартпен келісілген энергиямен жабдықтаудың ерекше шарттарын бейнелейді.

                                       Энергиямен жабдықтаудың
                                     авариялық және технологиялық
                                     броны актісін жасау жөніндегі
                                          нұсқаулыққа қосымша

Келісілді________________          Бекітемін ______________________
Мемлекеттік энергетикалық          Энергиямен жабдықтаушы
қадағалау комитетінің              (энергия беруші) ұйымның басшысы
өңірлік бөлімнің өкілі

1. Тұтынушының жеке шотының       8. Орташа жылдық энергия тұтыну:
нөмірі_____________________       __________мың.кВт.ч.
2. Энергиямен жабдықтаушы және    9. Тәуліктік энергия тұтыну:
(немесе) энергия беруші ұйымның   а) қысқы ____________________ кВт
атауы _____________________       б) жазғы ____________________ кВт
3. Кәсіпорын_______________       10. Тұтынушының ТП, БП нөмірі ___
4. Мекен-жайы _____________       11. Энергия беруші және (немесе)
5. Тұтынушының телефондары:       энергиямен жабдықтаушы ұйымның
а) басшының, бас инженердің____   қоректендіру орталығының
б) бас энергетиктің____________   (желісінің) нөмірі немесе аты
в) шағын станция кезекшісінің__   _____________(ТП; БП; қосалқы
6. Ауысымдылық және жыл ішіндегі  станциялар)
жұмыс сағаттарының саны________   12. Қоректендіру желілерінің
7. Кәсіпорынның шын мәніндегі     саны ____________________________
ең көп жүктемесі:                 13. Энергиямен жабдықтау
а) қысқы __________________ кВт   сенімділігі бойынша санаттылығы
б) жазғы __________________ кВт

            Авариялық және технологиялық бронның актісі

200_ жылғы "___"___________ энергиямен жабдықтаушы және (немесе)
энергия беруші ұйымның өкілі жасады ____________________________
                                        (лауазымы, аты-жөні)
кәсіпорын (электр энергиясын тұтынушының) өкілінің қатысуымен
______________________________________
           (лауазымы, аты-жөні)

N

І БӨЛІМ - Авариялық броны

Ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі

Тәуліктік қажеттілік

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы





1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

ІІ БӨЛІМ - Технологиялық броны

N

Технологиялық процестер мен операциялардың тізбесі

Техноло-
гиялық процестің ұзақтығы (сағат)

Толық технологиялық процестің қажеттілігі 

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы





7

8

9

10

11

12

13

ІІІ БӨЛІМ - энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіру желілеріндегі жүктемелер

N

Энергия
беруші
және
(немесе)
энергиямен
жабдық-
тайтын
ұйымды
қоректен-
діретін
орталықтың
нөмірі не-
месе атауы

Тұты-
нушыны
қорек-
тенді-
ретін
желінің
нөмірі
немесе
атауы

Тұты-
нушы
желі-
сінің
жүк-
темесі
(кВт)

Технологиялық броны

Кенеттен ағытылуы
негізгі құрал-
жабдықтың бұзы-
луын, өнімнің
жаппай ақаула-
нуын, күрделі
технологиялық
процестердің ай-
тарлықтай бүлі-
нуін туғызатын
негізгі электр
қабылдағыштардың
тізбесі

Желі-
дегі
техно-
логия-
лық
брон-
ның
жүкте-
месі
(кВт)

Техно-
логия-
лық
про-
цесті
аяқ-
тауға
қажет-
ті
уақыт
сағат-
пен

14

15

16

17

18

19

20

кестенің жалғасы

ІІІ БӨЛІМ - энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіру желілеріндегі жүктемелер

Авариялық броны

Кәсіпорынның авариялық бронына енгізілген, кенеттен ағытылуы адам өміріне қауіпті өрт немесе жарылыс туғызатын электр қабылдағыштардың тізбесі

Желідегі авариялық бронның жүктемесі (кВт)

Жүктеме қандай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылады

21

22

23

      IV БӨЛІМ. Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері:
      1. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілеріндегі қуаттың авариялық тапшылығы кезінде қоректендіруші орталықтардан_____ кВт ағытуға болады
      2. Фидер N ________________ Жүктелім __________________ кВт
      3. N ____________ желінің 20-бағанында көрсетілген уақыт біткеннен кейін Жүктелім: _____________________ кВт
      V БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талабы бойынша тұтынушы жедел түрде ағытуға міндетті: Желі (фидер) N _________________________ Жүктелім ________________________ кВт
      VI БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және тұтынушының электр қондырғыларындағы аварияның салдарынан желіні ағытқан кезде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз ағытылған жүктемені жұмыс күйінде қалдырылған желіге ауыстыруға тыйым сақталдырылған желіге ауыстыруға тыйым салынады ___________________ (телефон)
      VII БӨЛІМ. Қолдағы резервті автоматтық қосу құрылғыларын пайдалануға: рұқсат етіледі ______тыйым салынады _______
      VIII БӨЛІМ. Айрықша ескертулер:
      Ескертпе: 1. Актіге кәсіпорынның 203х277 көлеміндегі принципті электрмен жабдықтау сызбасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, қоректендіруші желілер мен резервті автоматтық қосу енгізілген қосалқы станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.
      2. Авариялық және технологиялық бронның актімен бекітілген көлемін өзгерту кәсіпорынның өтінімі бойынша қажетті қуатты көбейткен немесе технологияны өзгерткен жағдайда жүргізіледі.

      Энергиямен жабдықтаушы
      (энергия беруші)
      ұйым өкілінің қолы

      Кәсіпорынның бас энергетигі

      Кәсіпорынның бас инженері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады