Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғау министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы № 221-П "Қоршаған ортаға әсері және қоршаған ортаны қорғауға байланысты жобалар және іс-шараларына мониторинг жүргізудің ережелерін бекіту туралы" бұйрық күшінің жойылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 211-Ө бұйрығы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 231 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысымен бекітілген Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы № 221-П «Қоршаған ортаға әсері және қоршаған ортаны қорғауға байланысты жобалар және іс-шараларына мониторинг жүргізудің ережелерін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіп бойынша бұйрық көшірмесін жолдап, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын және қол қойған күнінен кейін бір апта ішінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің вице-министрі Б. Мұхамеджановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                         Б. Мұхамеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады