"Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік электрондық қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 193-826 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 198-873 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"1998 жылғы 24 наурыздағы,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік электрондық қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 193-826 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 28 маусымдағы № 733 болып тіркелген, "Астана Ақшамы" газетінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 78 (2839) және "Вечерняя Астана" газетінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 89 (2854) нөмірлерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.А. Мырзалинге жүктелсін.

       Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады